Get Mystery Box with random crypto!

Менің арықтау стилім Мен осыдан 3 күн бұрын. Сторисқа салмақ | Temirlan Quanyshuly

Менің арықтау стилім

Мен осыдан 3 күн бұрын. Сторисқа салмақ қуу жайлы видео салған болатынмын. Бұл біраз адамның проблемасы болып шықты. Сол сұраған жандарға арнайы өзімнің тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім.

Жалпы мен салмақты жиі қуамын. Жылына примерно 3-4 рет салмаққа қарсы соғысып тұрамын. Онсыз көңілім көншімейді

Менің арықтау стилім негізгі моральдық шарттары:

- АРЫҚТАУҒА нақты мұқтаждық болуы шарт. Сен саналы түрде, арықтаймын деп шешім қабылдау керексің. Бұл өте,өте маңызды

- Нақты мақсат қою керек.Не үшін арықтап жатқаның четко білген дұрыс (Оның үлгісін алдағы посттарда салатын боламын)

- Резко физикалық және моральдық тұрғадан күш салмау керек. Ондай жағдай ми саған екі есе қарсы жұмыс жасайды. Нәтижесінде көп ұзамай тастап кетесің

- Арықтау сөзін терлеумен алмастырасың. Себебі арықтау миға тревоға бергеннің салдарынан тағы ми саған қарсы жұмыс істейді. Ал, терлеуге ми кәдімгі күнделікті процес ретінде қарайды. Одан кейін көп терлесең арықтайтының анық қой

- Бұл сенің алғашқы және соңғы терлеуің(арықтауың) емес. Сондықтан терлеуге арнайы бір киім арнаған дұрыс. Сол киімді кигенде миға сразу түсінеді. Және де саған қатты бір қарсылық көрсетпейді

- Киім тез су алуы керек

Нақты шын арықтауға ниет етіп, өз-өзіңмен көлісіп ал. Бүгін жоғарыдағы шарттарды ойланып соларды жасап алыңыз.

Келесі поста тамақтану мен жаттығуларға тоқталамын.