Get Mystery Box with random crypto!

Карановирус кет, кет Доллар нет, нет, нет ⠀ Елімізде соңғы к | Temirlan Quanyshuly

Карановирус кет, кет
Доллар нет, нет, нет

Елімізде соңғы күндері бірнеше өзгерістің салдарынан қайда барарымызды білмей, паника ұстап маңырадықта қалдық.

Вирус бір жақтан, доллар екінші жақтан, негатив ақпараттар үшінші жақтан қыспаққа алып әбден есімізді шығарды.

Осындай апақ-сапақ сәтте

Оптимисттер проблемадан мүмкіндік көрсе, пессимисттер мүмкіндіктен проблема көреді

Мен, осы жағдайлардан проблемадан көрі,үлкен мүмкіндіктерді көп көріп жүрмін. Солардың біразына тоқтала кетейін

1- Отандық өндірістер. Шағын өнеркәсіпке жол ашылды. Қазір вирус сол отандық шағын өнеркәсіпке үлкен жол ашып тұр. Соны пайдаланып қалыңыздар

2-Онлайн бизнес. Бизнестің осы саласына сұраныс артады және олар қарқынды дами түседі.

3- Логистика. Біздегі бір геморойдың бірі осы логистика. Онлайн сату, туризм, экоммерц барлығының қатты дамымай жатқаны осының салдары.

4-Мұқтаждық. Осындай кезде шын мұқтаждықтан мықты кәсіпкерлер шығады. Адамдар енді қажеттілікттерін өтеу үшін барын салып жұмыс істеп, бәсекеге төселіп шыңдай түседі

5- Тоқырау кезеңде тоқтаусыз даму. Біздің нағыз дамитын, төселетін, шыңдалатын кез.

Тізе берсең кете береді. Осы сәт бізге осындай мүмкіндіктер силап, жол ашып отыр. Сондықтан Құдай беріп тұрған кезде қолды қусырып үкіметті жамандап, вирусты балағаттап, жоқ долларды өсек қылып отыра бермей БЕРІЛГЕН мүмкіндікті пайдаланып қалайық.

Ал, сіз қандай мүмкіндіктерді көріп жүрсіз?!