Get Mystery Box with random crypto!

Балақтағы бит басқа шапты Қордайда не болғанын бәріңіз мен ай | Temirlan Quanyshuly

Балақтағы бит басқа шапты

Қордайда не болғанын бәріңіз мен айтпасам да білесіздер. Мен сол жағдайға қатысты, өзімнің азаматтық пікірімді білдіргенді жөн санадым.

Дүнгендердің олай құтырып шаңыраққа қарамай дікеңдеуінде мынандай гәп жатыр. Иә, жер біздікі, ел біздікі шаңырақ иесі ҚАЗАҚ халқы екені ақиқат.

Бірақ сол шаңырақты ұстап тұрған уық пен кереге (экономика,бизнес, негізгі ақша көздері) сол өзге ұлт өкілдерінің қолында екені де ақиқат.

Олардың балақтан басқа шығарып отырған да, осы ақшаның күші.Иә,біз күштіміз, кез-келгенін айырып жібере аламыз. Бірақ қашанғы 1-2 рет айырармыз одан кейін ше...

Олар біздің жемқор жүйені сатып алып үйренген, сатып ала береді де.Елдің жерді иесі болғың келсе, ең әуелі ішкі нарықты қолымызда ұстауыз керек.Онсыз сенің тәуелсіздігің тек қағаз жүзінде,іс жүзінде экономикалық бодансың.

Тез арада ішкі нарықты ҚАЗАҚТАР қолымызға алмайтын болса.Көретін күніміз осы.

Былтырғы Армяндар мен биылғы Дүнгендердің оқиғасы бізге үлкен сабақ болу керек.Осыдан шығатын қорытынды инстаграмда қыртып отыра бермей, к*тіңді көтеріп жұмыс істе.

P.S Әуелі өзіме сосын саған қаратып айтылған