Get Mystery Box with random crypto!

Ақша табу оңай, оны ақылмен жұмсау қиын Нарықтық заман да, ақш | Temirlan Quanyshuly

Ақша табу оңай, оны ақылмен жұмсау қиын Нарықтық заман да, ақша бірінші орынға шыққалы қашан. Сенің арман, мақсатыңды орындауға мүмкіндік беретінде осы құрал екені ақиқат қой.

Қазіргі қоғамда ақша таппайтын адам жоқ. Қайыр тілесең де, ақша табуға болады. Бірақ сол тапқан ақшаны ақылмен жұмсай алмай нарықтық ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚҰЛЫ болып жүргендер жетеді .

Неге ақшаны ақыл мен жұмсау керек деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Себебі біздің арман, мақсаттарымызды орындайтын құрал осы ақша деп айттық. Ендеше біздің басты козер құралымызды ақша болғандықтан оны абайлап ақылмен қолдану керек екенін любой тупой түсенеді деген ойдамын. Егер ақылмен абайлап қолданбайтын болсаң, сен нарықтық экономиканың құлына айналасың. Нарықтың экономиканың құлы дегеніміз- кредит пен қарыз үшін өмір сүретін адам.

Көп мылжымай ақылмен қолдану үшін нақты не істеу керек соны айтайын.

Ең бірінші есеп-қисап жүргізуді үйрен. Яғни кіріс шығысыңды нақты есептеуің керек. Біздің көшпенділік психология һәм сол кездегі жуықтап есептеу технологиясы нарықтық экономикада НЕ ПРОКАНАЕТ. Нарықтық экономикада точный цифр керек. Айына осынша табамын, осынша жұмсаймын деген нақты сандарыңыз болу керек. Нормально адам құсап өмір сүру үшін айлық шығыныңнан, айлық табысың 2 есе көп болу керек. Сонда сен нақты білесің айына осынша ақша тапсам мен нормально өмір сүре аламын және сол нақты ақшаны табу үшін миыңа КОНКРЕТНЫЙ приказ бере аласың.

Екіншіден Туканың тілінде айтатын болсам, свет өшірсе болды, бас салмай мен не істеп жатырмын деп ойлан. Сізде Туканың айтқан кеңесіне жүгініп, қолыңызға түскен ақшаны жұмсауға асықпай, ойланып. Дәп қазір сізге өте қажет деген заттарға ғана ақша жаратып үйрен.

Бұл екі ереже қарапайым болғанмен өте маңызды. Оқып отқан сенің өзің осы 2 ережені қолданып жүргеніңе күмәнім бар. Сонымен қатар бұл барлық нарықтық экономикада өмір сүріп жатқан адамдарға қатысты.

P.S. Ескерту бізден,шешім сізден. Нарықтық экономиканың ҚҰЛЫ болып кредитпен қарыз үшін өмір сүргің келмесе, бүгіннен бастап жоғарыдағы екі қарапайым ережені қолдан. Сосын срочнә нарықтық экономиканың құлы болмасын деген жақындарыңмен осы жазбаны бөліс. Бөлісу ол сенің осы канал алдындағы борышың һәм міндетің екенін қайталап есіңе саламын.