Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.46K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 26

2021-10-07 15:55:27 Біреу арықтай алмай жүрсе, біреу тола алмай жүр.

Біреу баласын үйлендіре алмай жүрсе, біреу келінін жақтырмай жүр.

Біреу жұмыс таба алмай жүрсе, біреу жұмысынан шаршап жүр.

Біреудің сәби сүюге денсаулығы болмай жүрсе, біреу "көп балалымын" деп асырауға көмек сұрап жүр.

Біреу өмірлік серігін таппай жүрсе, біреу ажырасқысы келіп жүр.

Біреу жалғызсырап, бауыр таба алмай жүрсе, біреу туғандарынан қашып жүр.

Біреу ақша төлеп білім алып жүрсе, біреу тегін сабағына бармай жүр.

Біреу үлкен үйде тұрып бақыттың кілтін таппай жүрсе, біреулер пәтер жалдап тұрып-ақ бақытты өмір сүріп жатыр.

Әркімде әртүрлі бақыт бар! Сол бақты барында бағаласақ қана бақытты боламыз.
(әлеуметтік желіден)

#talimtv #тәлімтв #өмір #жизнь #сынақ #бақыт #разочарование #көңіл #асыларна #asylarna #қазақшапсихология #цитатадня
421 views“Talim TV” телеарнасы, 12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 15:30:44
Талғам өзгерді ме, әлде сұранысты қанағаттандыра алатын талант азайды ма?

Қазақ киносына не жетпейді?

Сіз ше, қандай кино көріп жүрсіз?
Соңғы көрген фильміңіз қайсы?

#talimtv #тәлімтв #кино #қазақкиносы #киностудия #фильм #өмір #асыларна #asylarna #семейныйфильм #қазақшасериал #қазақшакино #қазақфильм
2.2K views“Talim TV” телеарнасы, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 16:02:25
Әйелді тоздырып жіберуден оңай нәрсе жоқ!

Осындай форматтағы видеолар ұнаса, астына кез келген смайлик қалдырып кетіңіз

#talimtv #тәлімтв #отбасы #әйел #ер #қазақшапсихология #семья #ана #мать #өмір #өмірсабақтары #асыларна #asylarna #қазақшамотивация #әже #бақыт #счастье #счастьевмелочах
1.8K views“Talim TV” телеарнасы, 13:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 16:10:29
Басқаның бағына қуана білу де екінің бірінің қолынан келе бермейтін сияқты ғой.

Осы подкастты көргендер болса, қол көтерейікші
Сіздерге ұнады ма?

#talimtv #тәлімтв #подкаст #қазақшаподкаст #қызғаныш #қазақшапсихология #асыларна #asylarna #көреалмаушылық
1.3K views“Talim TV” телеарнасы, 13:10
Ашу / Түсініктеме
2021-10-03 15:27:50
Ақшаңызды қайда кетіргеніңізді жазып жүресіз бе?

Әлде мұны дұрыс емес деп есептейтіндердің қатарындасыз ба?

#talimtv #тәлімтв #ақша #ақшажинау #үнемдеу #өмір #ақшатабу #қаржылайсауаттылық #экономика #кризис #деньги #заработок
2.6K views“Talim TV” телеарнасы, 12:27
Ашу / Түсініктеме
2021-10-01 18:02:48
1.2K views“Talim TV” телеарнасы, 15:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-01 07:31:26 ҚАРТ АНАНЫҢ БАЛАСЫНА ҚАЛДЫРҒАН СОҢҒЫ ХАТЫ

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың баласына жазған мына хаты әлем жұртшылығының жүрегін елжіретті. Аяулы ананың жан тебірентер сөздері мынадай еді:

Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырмашы. Сенен көп нәрсені сұрамаймын. Маған сенің мейірімің мен жылы алақаның болса жетіп жатыр. Ол кезде мен де бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға, мәпелеуге мұқтаж боламын.

Мен қартайғанда қолдарым дірілдеп, ішер асымды киіміме жиі төгіп алуым мүмкін. Есіңде ме, сен де кішкентай кезіңде қолың икемге келмейтін сәтте тамағыңды төгіп-шашып ішетін едің ғой. Мен сенің сол қылығыңа да қуанып, мәз болатынмын.

Балам, мен де қартайған сайын бала болып барамын. Өтінемін, сондай сәттерде сен сабырлы болшы. Мен қартайғанда кейде сыртқа шығып таза ауа жұтқым келеді, құдды сенің бала күніңде арбаға салып алып сыртқа алып шыққанымдай, мені де далаға алып шығып, бір мезгіл серуендетіп тұра аласың ба? Бұл сенің қолыңнан келетін нәрсе ғой, балам...

Мен қартайғанда істеген ісімді, сөйлеген сөзімді тез ұмытып қалатын жағдайға жетем. Бала сияқты маңызы жоқ істер үшін басыңды ауыртып ретсіз сөйлей беретін болармын, ол кезде мен не десем де, "сенікі жөн" деп, көбірек сабыр сақтағаныңды қалаймын.

Мен қартайғаннан кейін кішкентай балаға тәрбие бергендей саған себепсіз ақыл айта беруім мүмкін, ол кезде менің айтқаным көңіліңе жақса да, жақпаса да екі құлағыңды басып тұра қашпай, өтірік болса да тыңдаған кейіп танытып жанымда отыра берші, балам. Сондай сәтте «Жарайды!» деп жай мақұлдағандай болып, басыңды изей салсаң да мен мәз болып қаламын...

Мен қартайдым... Сендерден қай күні алыстап кететінімді білмеймін. Осы уақытқа дейін Құдайдан сенің амандығыңды тілеп келдім. Саған жақсы болса екен деп қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Ұзақ іс-сапарларда жүргенде, отбасыңмен қыдырғанда, ұйықтар алдында бір сәт болса да менің де амандығымды тілеп, Алладан мен үшін де дұға тілеп жүрші, балам...

#talimtv #тәлімтв #қарт #ана #хат #письмо #асыларна #asylarna #мать #мама #балам #отбасы #өмір #мейірім #қарттар #қазақшапсихология #дослез
2.1K views“Talim TV” телеарнасы, 04:31
Ашу / Түсініктеме
2021-09-30 15:23:39
Әртүрлі тағдыр бар ғой...

Біздің көңіліміз толмай жүрген нәрселерге біреулердің қолы жетпей жүр. Біз елемей тастап жатқан дүниелер - басқалар үшін арман.

Бірақ жас жетіледі, ел көгереді.
Әр қараңғылықтың артында, сөзсіз, бір таң бар! Солай ма?

#talimtv #тәлімтв #өмір #жизнь #тағдыр #отбасы #семья #қайырым #доброта #қазақшапсихология #қазақпызғой #мейірім #асыларна #asylarna #қазаққызы #бала
1.1K views“Talim TV” телеарнасы, 12:23
Ашу / Түсініктеме
2021-09-29 17:00:31
1.3K views“Talim TV” телеарнасы, 14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-09-28 17:12:01
“Пендеміз...”

Құлаққа жағымды қоңыр даусымен ел есінде сақталған талантты журналист, футболды қазақша сөйлеткен комментатор Амангелді Сейітхан бір кездері осылай депті...

(арнайы хабардың толық нұсқасын біздің YouTube каналымыздан көре аласыздар)

#talimtv #тәлімтв #өмір #жизнь #бізкімбіз #ойлар #қазақшамотивация #asylarna #асыларна #цитатажизни #қазақспорты
698 views“Talim TV” телеарнасы, 14:12
Ашу / Түсініктеме