Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.46K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 24

2021-11-01 15:58:54
Батылдық - өмір үшін күрес. Батылдық - адамдық мінез, ар үшін, кеудедегі жан үшін өз күшіңді аямау, өзгенің өмірін аялау.

Басыңа іс түскен қысылтаяң шақта ойланбай қол созатын шын жанашырларымыз, шынайы достарымыз көп болсын!

#talimtv #тәлімтв #батырлық #ерлік #батыр #отвага #смелость #асыларна #asylarna #адалдық #достық #мейірім #жанашырлық #үлгі #өмір
875 views“Talim TV” телеарнасы, 12:58
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 15:49:53
Армандадың ба, соған сай әрекет жаса!

Сіз ше, дәл қазір нені армандап жүрсіз?

(фондағы видео “Бәсеке” телехикаясынан алынды)

#talimtv #тәлімтв #арман #мечта #мақсат #өмір #жоспар #еңбек #ұмтылыс #талап #dreams #dreamscometrue #мечтайидействуй #алға #мотивациядня
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 12:49
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 09:48:53
2.0K views“Talim TV” телеарнасы, 06:48
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 15:54:58
“Ринат қайда жүр?” деп сұрап кетіп едіңіздер, Ринат міне жүр

Расында да, біздің батыр бабаларымыз тек қара күшке ғана мықты болған жоқ, олар ойға көсем, тілге шешен болды. Жырауларымыз тек қара кешке дейін арнау айтып, елін, жерін жырына қосқан жоқ, олар сол жерді қорғау үшін қолына найза ұстап жауға шапты.

Бұл әңгімеге алып-қосарларыңыз бар ма?
Балаларыңыз қандай үйірмеге барып жүр?
Немен айналысады?

#talimtv #тәлімтв #подкаст #қазақшаподкаст #тәрбие #өмір #қоғам #ринатзайытов #воспитаниедетей #жиза #қазақшапсихология #мектеп #школа #спорт
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 16:40:05 ҚАШАН КҮЙЕУГЕ ШЫҒАСЫҢ?
(2-бөлім)

Естеріңізде болса, өткен жолы осы тақырыпты қозғаған едік. Иә, көптің талқысына түсті, әркім өз ойын білдірді, пікірін жазды. Direct-ке де қаншама хат келді.

Сондықтан бүгін өздеріңізге уәде бергендей, сол жазбаның жалғасын жариялауды жөн көріп отырмыз.

Біз қыз балаға "қашан шығасың?” деп айта бергеннен не ұтамыз?

Біріншіден, егер сіз бұрынғылар секілді, "он үште отау иесі" дегенді ұл-қызыңыздың құлағына құйып, оларды кішкентай кезінен-ақ отбасына жауап бере алатын әке, ошағының отын сөндірмейтін ана қылып тәрбиелей алсаңыз, үйдің жұмысын, сыртқы шаруаны алып кете алатындай тұлға қылып шығарып, кейін осы бір маңызды іске өзіңіз араласып, ұл-қызыңызды аяқтандырып жатсаңыз, онда бұл ісіңіз құрметке лайық, өте дұрыс іс дер едік
Бұл - дұрыс.

Алайда, біздің қазіргі қоғамдағы картинаға қараңызшы.
Барлығы осылай жасап жатыр деп айта алмаймыз ғой, солай ма?
Себебі, қазір адамдардың санасы басқа, жастардың өз көзқарасы бар дегендей...

Заманның талабы сол, біз қазір қызымызды тамақ пісіріп үйрететін, іс тігетін курсқа емес, жоғары оқу орнына түсіруге асығамыз. Білімді болғанын қалаймыз. Себебі, ұрпақ тәрбиелейтін адамның сауатты болуы аса маңызды. Кейін магистратура, аспирантура бітірсе дейміз. Сөйтіп жүргенде уақыт өтеді. Кішкентай кезінен-ақ құлағына құйып, физикалық, моральдық тұрғыдан оны дайындамағаннан кейін бір-ақ күнде сап еткізіп: "Бітті, уақытың келді, шық" дейміз.

Айтыңызшы, осы кезде қыз қандай күйде болады?
Осы уақытқа дейін тәрбие беріп, оны келін болуға, бір әулеттің ұйытқысы болар ана болуға дайындамасақ, "шық" деп аяқ астынан қалай айтамыз?

Ал, шықты делік. Бірақ ертең енесін сыйлай алмай, қазанның қақпағын ұстай алмай, үйдің берекесі болмақ түгілі, шаңырақтың шырқын бұзып, баласын әке-шешесінен алыстатып жатса, атасына сөз қайтарып, ағаларының алдынан именбей өте шығып, жолын кесіп жүрсе, онда бұл не болады?
Ол қандай әдепті келін болады?
Ол қалай балаларына үлгі көрсетеді?

Сондықтан қызға "күйеуге шық" деп айта бергеннен гөрі оны "жақсы жігітке" лайық “жақсы қыз” етіп тәрбиелеу аса маңызды сияқты. Отбасы туралы білімін жетілдіріп, ойының дұрыс қалыптасуына, шаруаға икемді болуына жағдай жасау керек сияқты.

Сіз қалай ойлайсыз?

#talimtv #тәлімтв #бойжеткен #үйлену #семья #отбасы #тұрмысқашығу #асыларна #asylarna #қыз #қызтәрбиесі #қазақшапсихология #қазақтыңтойыбітпесін #ақнеке
2.1K views“Talim TV” телеарнасы, 13:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 15:54:14
Бай болу - бақытты болу деген сөз емес.
Шынында, адам өзі ішкі жан дүниесімен бақытты бола алмаса, жүрегі тыныштық таппаса, ол бұл дүниедегі қаншама жақсылықты көкірек көзімен көре алмайды, риза боп өмір сүре алмайды.

Сізді ше, не қуантады?
Немесе дәл қазір бақытты болуыңызға не кедергі?

#talimtv #тәлімтв #қазақшаподкаст #подкасты #өмір #жизнь #блогер #вайн #қазақшавайн #инстаграм #байлық #қазақшапсихология #цитаталар #бақыт #счастье #behappy
817 views“Talim TV” телеарнасы, 12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 16:45:22
Ислам - кемшілігі жоқ, таза, кемел дін. Ал мұсылман соны ұстануға тырысушы, ұмтылушы ғана.

@aidar_sharibaev - тың ойына алып-қосарыңыз бар ма?

#talimtv #тәлімтв #подкаст #қазақшаподкаст #ислам #шындық #өмір #истина #истинажизни #асыларна #asylarna #қазақшапсихология #мұсылман #намаз #верующие #факт
1.4K views“Talim TV” телеарнасы, 13:45
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 11:32:27
1.0K views“Talim TV” телеарнасы, 08:32
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 18:31:25
345 views“Talim TV” телеарнасы, 15:31
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 16:03:13
“Асыра сілтеп жіберіп, күшті болып көрінгіміз келіп басқалардың отбасындағы ұрыс-керіске себеп болып қалмайықшы” - дейді.

Дұрыс айтып жатыр ма, қалай ойлайсыз?

(толық нұсқасын біздің YouTube арнамыздан көре аласыздар)

#talimtv #тәлімтв #подкаст #қазақшаподкаст #идея #интернет #блогер #блогеры #вайн #қазақшавайн #инстаграм #қазақшаконтент #байлық #бақыт #асыларна #asylarna #жастар #өмір #роскошь #қазақшапсихология #қазақпызғой
2.3K views“Talim TV” телеарнасы, 13:03
Ашу / Түсініктеме