Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.46K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 23

2021-11-10 14:51:22
Адамдарға ауызды берген Құдай,
Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды, -
деген осы шығар

Сіз ше, жетім балаларды қамқорлығыңызға алар ма едіңіз?

#talimtv #тәлімтв #отбасы #семья #жетім #сирота #тәрбие #қамқорлық #мейірім #доброта #асыларна #asylarna #өмір #несібе #lifestyle #wealth
1.1K views“Talim TV” телеарнасы, 11:51
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 16:30:49
“Жігіттер кинотеатрға бірге баратын жол серік қана емес, жан серік тапса ғана бақытты болады” деген, міне, осы болса керек

Расында да, жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас екенін қазақ баяғыда-ақ айтып кеткен ғой.

Сол жақ қабырғамыздан жаратылған сыңарымыздан немізді аяймыз? Одан нені жасырамыз? Солай ма, жігіттер?)

Ал, қыздар, айтыңыздаршы, ер азаматтарыңызды қолдайсыздар ма?

#talimtv #тәлімтв #отбасы #семья #мужижена #әйел #мудрость #татулық #поддержка #асыларна #asylarna #жизнь #отбасымбайлығым #психология #әке #отец #myfamily #өмір #мотивация
2.0K views“Talim TV” телеарнасы, 13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 17:25:08
Аттың үстінде жүрген,

сапарға шығып қаншама адаммен араласып жүрген

және жарымен махаббатта қызық ғұмыр кешіп жатқан жігітте депрессия болмайды!

#talimtv #тәлімтв #ат #жылқы #жігіт #қазақжігіті #юноша #депрессия #уайым #стресс #өмір #психология #правдажизни #асыларна #asylarna #батыр #мужчина
592 views“Talim TV” телеарнасы, 14:25
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 17:22:34
Бұл мәселеде ешкімді кінәлауға, сөгуге болмайды. Себебі, ешкім баласына жамандық ойламайтыны анық. Бірақ баламыз үйленбей тұрып кімді алайын деп жүргенін білсек, баламызбен сөйлессек, қызымыз кімге шыққысы келіп жүргенін сұрасақ, онымен сырлассақ, мұндай мәселе болмас па еді, бәлкім, кім білсін?!.

Оларға ақылымыз керек кезде “өздері білсін” деп тастап қоймайық!

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #жастар #ақнеке #молодежь #құдалық #қазақтыңтойы #сваты #асыларна #asylarna #семья #happyfamily #психология #отношения
1.3K views“Talim TV” телеарнасы, 14:22
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 16:22:04
“Серьезно” қарайтын нәрсеге “серьезно” қарап жүріңдер, неге “серьезно” емес нәрсеге “серьезно” қарайсыңдар?

Әзіл ғой)

Жалпы, дұрыс айтып жатыр ма?

#talimtv #тәлімтв #подкаст #қазақшаподкаст #идея #атаана #родители #асыларна #asylarna #parents #серьезныеотношения #өмір #жизнь #опыт #цитатадня #мудростьжизни #психология #ислам
1.6K views“Talim TV” телеарнасы, 13:22
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 17:08:48
Садақ ату шыдамдылықты, ептілікті, мол қуатты талап етеді.

Нысанадан мүлт кетпей дәл ату екінің бірінің қолынан келе бермейтінін бабаларымыз білген ғой

Ал, қыздар, бұдан кейін жігіттің мергендігіне қарар ма едіңіздер?)

#talimtv #тәлімтв #садақ #жебе #стрела #жамбыату #ұлттықспорт #көкпар #асыларна #asylarna #қызұзату #дәстүр #дочь #невеста #жігіт #мерген #садақату
1.3K views“Talim TV” телеарнасы, 14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 13:05:49
632 views“Talim TV” телеарнасы, 10:05
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 16:19:21 МҰНЫ ТЕК БАЛАЛАРЫ ҮШІН ӨМІР СҮРІП ЖҮРГЕНДЕР ТҮСІНЕДІ!

Анамыз бізге өмір сыйлайды.
Ал әкеміз сол өмірді қалай сүру керектігін үйретеді.

Анамыз бізді 9 ай жүрегінің астында сақтайды.
Ал әкеміз өмір бойы мойынына салып көтереді.

Анамыз біз ауырсақ жылайды.
Ал әкеміз біз жыласақ ауырады...

Анамыз бізді құшағына салып еркелетеді.
Ал әкеміз арқасына отырғызып көтереді.

Анамыз мейірімнің, қамқорлықтың не екенін көрсетеді.
Әкеміз даналықтың, парасаттың қандай болатынын түсіндіреді.

Анамыз бізді “менің балам ақылды” деп санайды.
Ал әкеміз сол ақылды үйретеді.

Анамыз “құлап қалмасын” деп жан ұшырып жүреді.
Ал әкеміз құлағаннан кейін де қайта тұруға болатынын ұқтырады.

Анамыз бізге тәй-тәй басып жүруді үйретеді.
Әкеміз өмір жолында жүруді үйретеді.

Ананың мейірімі көзінен-ақ көрініп тұрады.
Әкенің мейірімі жүрегінің ең түкпірінде жатады...

Ана - таусылмас бақ.
Әке - түгесілмес қазына!

Мұны тек балалы болғандар, өз баласы үшін алып-ұшып, жүрегі ауырып көргендер, өзі үшін ғана емес, балалары үшін өмір сүріп, солар үшін тыныстап жүргендер ғана түсінеді

Ата-анамыздың қадірін білейік.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #тәлім #атаана #әке #ана #байлық #родители #асыларна #asylarna #қазақшапсихология #parents #қазақпызғой #өмірсабақтары
871 views“Talim TV” телеарнасы, 13:19
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 18:18:20
“Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді!”

Қазақ жігіті түрімен, киімімен, тағы басқасымен емес, осындай намысшылдығымен, тектілігімен, терең парасатымен ерекше.

Ендеше, нәзік жандылардың алдында “жылап” тұрмайтын өр рухты, намысқой, кесек жігіттеріміз көбейе берсін!

#talimtv #тәлімтв #қазақыәңгіме #тәрбие #қазақбатыры #қасымқайсенов #асыларна #asylarna #қазақшапсихология #қазақпызғой #ерлік #жігіттер
1.2K views“Talim TV” телеарнасы, 15:18
Ашу / Түсініктеме
2021-11-02 15:42:34
Негізі бәрібір жас болған соң, үлкендердің ақылы, кей тұста тәжірибесі мен қолдауы керек сияқты. Бірақ бұл бас салып солар үшін шешім шығару, олардың өміріне араласып, не ішіп, не жейтініне дейін хабардар болып отыру деген сөз емес.

Сіздің отбасыңызда осындай жағдайлар болды ма?
Болса, қалай шештіңіз?

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #неке #атаана #әке #ана #отбасынқұру #қазақшапсихология #қазақпызғой #асыларна #asylarna #семья #татулық #семейныепроблемы
993 views“Talim TV” телеарнасы, 12:42
Ашу / Түсініктеме