Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арнадағы тақырыптар:
بالا
Балапан
Асыларна
Балам
Asylarnatelekanal
All tags
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.46K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 29

2021-09-05 17:30:26
Бұған не айтасыз?

#talimtv #тәлімтв #әке #ана #отец #мать #родители #қарттарүйі #домпристарелых #пенсия
990 views“Talim TV” телеарнасы, 14:30
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 17:12:54
Әй, Қаршыға-ай, таза ауаның директоры болып та көрді, бизнес ашамын деп те шапқылады))

Енді отыр “Ұлы даланың жаңғыруы”,
“Рухани жеті қыр” деп шатастырып

Қалдарыңыз қалай, жалпы?
Офлайн сабақ қалай өтіп жатыр?

@ulken_ui

#talimtv #тәлімтв #мұғалім #ұстаз #мектеп #қаршыға #үлкенүй #школа #физкультура #үлкенүйсериалы
1.0K views“Talim TV” телеарнасы, 14:12
Ашу / Түсініктеме
2021-09-03 11:16:47 Қарап отырсаңыз қыз баланың ақылды болғаны семьядағы талай ұрыс-керістің, мәселенің алдын алады екен.
Міне, содан кейін де екен ғой Шал ақынның:
Әйел алсаң таңдап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің!
- дейтіні.

Әйел ақылды болса күйеуі мен туыстарының арасына алтын көпір болады;
Әйел ақылды болса “Не мен, не анаң” деп күйеуін екі оттың ортасына қоймайды;
Әйел ақылды болса отбасының тілеуін тілеп, өсуді, өнуді қалайды;
Әйел ақылды болса, абысын-ажынымен шаңқ-шұңқ ұрсысып, ата-енесінің бетін қызартпайды.

Бірақ сондай ақылды жардың қадірін біліп, оны алақанына салып аялар алар ер қайда?

Әйел - сезімнің адамы болса, отағасы - суық ақылдың иесі. Кейде от боп жанған әйелдің ашуын су боп өшіре алатын, білмегенін кешіре алатын саналы азамат болса қане?!

Айналып келгенде, қызға да, жігітке де ақыл керек. Парасат пен терең даналық керек. Біреуі шалыс басқанда екіншісі қолын сілтей салмайтын, біреуі құлап бара жатқанда екіншісі сүйеу болып қолдайтын, бір-біріне мейіріммен қарап жаны ашып тұратын жұптың ғана ғұмыры ұзақ, бақыты баянды.

Ендеше, “Неге осы тек әйелдер ғана кінәлі болуы керек?” немесе “Неге осы барлығын еркек қана көтеруі керек?” деп кінәні жан-жақтан іздемеңіздер. Нағыз жұптың арасында «мен», «сен» деген ұғым жоқ. Оларда «БІЗ» деген ғана ұғым бар.

Алып-қосарыңыз бар ма?

#talimtv #тәлімтв #семья #отбасы #қазақпызғой #қазақшапсихология #достар #татулық #асыларна #asylarna #бізбіргеміз #мывместе
1.4K views“Talim TV” телеарнасы, 08:16
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 16:30:23
Дұрыс айтып жатыр ма?

Сіз қалай ойлайсыз?

#talimtv #тәлімтв #үлгі #семья #отбасы #воспитаниедетей #балатәрбиесі #атаана #родители #асыларна #asylarna #қазақпызғой #қазақшамотивация
1.7K views“Talim TV” телеарнасы, 13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 15:02:52
Анаға деген махаббат, анаға деген сағыныш ешқашан таусылмайды. Күн сырғып, ай ауысса да, тіпті, жылжып жылдар өтсе де, ол сағыныш жүректің бір түкпірінде сақталып қалады

Отызға келсе де, жетпісті желкелеп, сексенге шықса да, анасын сағынбайтын адам жоқ...

Сіз анаңызға не айтар едіңіз?

#talimtv #тәлімтв #анашым #ана #мама #махаббат #ялюблютебямама #сағыныш
752 views“Talim TV” телеарнасы, 12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 17:20:47
Сіз ше, Конституцияны оқыдыңыз ба?

#talimtv #тәлімтв #конституция #конституциярк #атазаң #деньконституции #праваграждан
228 views“Talim TV” телеарнасы, 14:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 06:58:29
30-тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!

Ол 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. 9 тарау, 98 баптан тұрады.

Ата Заңымыз туралы тағы қандай ақпарат білесіз?

#talimtv #тәлімтв #конституция #атазаң #деньконституции #праваграждан
1.3K views“Talim TV” телеарнасы, 03:58
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 17:48:03
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Қаза болған барлық азаматтардың отбасына, жақын туыстарына көңіл айтамыз.
Ел аман, жұрт тыныш болсын деп тілейікші...

#talimtv #чп #тараз #taraz #жарылыс
1.2K views“Talim TV” телеарнасы, 14:48
Ашу / Түсініктеме
2021-08-27 09:58:10
2.0K views“Talim TV” телеарнасы, 06:58
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 21:46:57
Айтып келмейтін апат апақ-сапақта тағы да ел ішін елең-алаң ғып қойды-ау.

Бейбіт заманда отырып-ақ берекеміз қашып, сары уайымға түсіп қалдық-ау, ағайын. Қандай қиын.

Байзақ ауданындағы жағдай барлығымызды алаңдатып, жүрегімізді сыздатып тұр. Алыпқашпа әңгімеге, қауесет ақпарға ермесек екен. Онсыз да оңай болмай тұрғанда жұрттың жүйкесімен ойнамасақ екен...

Аузынан Алласы түспеген халық едік қой, барша тараздықтарға Жаратқаннан жабылып сабыр, жеңілдік тілейікші...

@saparbayev_bm
@zhambyl_police
@zhambyl.gov.kz

#taraz #чп #жамбылоблысы #жарылыс #взрыв #сабыр
1.5K viewsGani Baisal, 18:46
Ашу / Түсініктеме