Get Mystery Box with random crypto!

ҚАШАН КҮЙЕУГЕ ШЫҒАСЫҢ? (2-бөлім) Естеріңізде болса, өткен жол | “TALIM TV” telearnasy

ҚАШАН КҮЙЕУГЕ ШЫҒАСЫҢ?
(2-бөлім)

Естеріңізде болса, өткен жолы осы тақырыпты қозғаған едік. Иә, көптің талқысына түсті, әркім өз ойын білдірді, пікірін жазды. Direct-ке де қаншама хат келді.

Сондықтан бүгін өздеріңізге уәде бергендей, сол жазбаның жалғасын жариялауды жөн көріп отырмыз.

Біз қыз балаға "қашан шығасың?” деп айта бергеннен не ұтамыз?

Біріншіден, егер сіз бұрынғылар секілді, "он үште отау иесі" дегенді ұл-қызыңыздың құлағына құйып, оларды кішкентай кезінен-ақ отбасына жауап бере алатын әке, ошағының отын сөндірмейтін ана қылып тәрбиелей алсаңыз, үйдің жұмысын, сыртқы шаруаны алып кете алатындай тұлға қылып шығарып, кейін осы бір маңызды іске өзіңіз араласып, ұл-қызыңызды аяқтандырып жатсаңыз, онда бұл ісіңіз құрметке лайық, өте дұрыс іс дер едік
Бұл - дұрыс.

Алайда, біздің қазіргі қоғамдағы картинаға қараңызшы.
Барлығы осылай жасап жатыр деп айта алмаймыз ғой, солай ма?
Себебі, қазір адамдардың санасы басқа, жастардың өз көзқарасы бар дегендей...

Заманның талабы сол, біз қазір қызымызды тамақ пісіріп үйрететін, іс тігетін курсқа емес, жоғары оқу орнына түсіруге асығамыз. Білімді болғанын қалаймыз. Себебі, ұрпақ тәрбиелейтін адамның сауатты болуы аса маңызды. Кейін магистратура, аспирантура бітірсе дейміз. Сөйтіп жүргенде уақыт өтеді. Кішкентай кезінен-ақ құлағына құйып, физикалық, моральдық тұрғыдан оны дайындамағаннан кейін бір-ақ күнде сап еткізіп: "Бітті, уақытың келді, шық" дейміз.

Айтыңызшы, осы кезде қыз қандай күйде болады?
Осы уақытқа дейін тәрбие беріп, оны келін болуға, бір әулеттің ұйытқысы болар ана болуға дайындамасақ, "шық" деп аяқ астынан қалай айтамыз?

Ал, шықты делік. Бірақ ертең енесін сыйлай алмай, қазанның қақпағын ұстай алмай, үйдің берекесі болмақ түгілі, шаңырақтың шырқын бұзып, баласын әке-шешесінен алыстатып жатса, атасына сөз қайтарып, ағаларының алдынан именбей өте шығып, жолын кесіп жүрсе, онда бұл не болады?
Ол қандай әдепті келін болады?
Ол қалай балаларына үлгі көрсетеді?

Сондықтан қызға "күйеуге шық" деп айта бергеннен гөрі оны "жақсы жігітке" лайық “жақсы қыз” етіп тәрбиелеу аса маңызды сияқты. Отбасы туралы білімін жетілдіріп, ойының дұрыс қалыптасуына, шаруаға икемді болуына жағдай жасау керек сияқты.

Сіз қалай ойлайсыз?

#talimtv #тәлімтв #бойжеткен #үйлену #семья #отбасы #тұрмысқашығу #асыларна #asylarna #қыз #қызтәрбиесі #қазақшапсихология #қазақтыңтойыбітпесін #ақнеке