Get Mystery Box with random crypto!

МҰНЫ ТЕК БАЛАЛАРЫ ҮШІН ӨМІР СҮРІП ЖҮРГЕНДЕР ТҮСІНЕДІ! Анамыз | “TALIM TV” telearnasy

МҰНЫ ТЕК БАЛАЛАРЫ ҮШІН ӨМІР СҮРІП ЖҮРГЕНДЕР ТҮСІНЕДІ!

Анамыз бізге өмір сыйлайды.
Ал әкеміз сол өмірді қалай сүру керектігін үйретеді.

Анамыз бізді 9 ай жүрегінің астында сақтайды.
Ал әкеміз өмір бойы мойынына салып көтереді.

Анамыз біз ауырсақ жылайды.
Ал әкеміз біз жыласақ ауырады...

Анамыз бізді құшағына салып еркелетеді.
Ал әкеміз арқасына отырғызып көтереді.

Анамыз мейірімнің, қамқорлықтың не екенін көрсетеді.
Әкеміз даналықтың, парасаттың қандай болатынын түсіндіреді.

Анамыз бізді “менің балам ақылды” деп санайды.
Ал әкеміз сол ақылды үйретеді.

Анамыз “құлап қалмасын” деп жан ұшырып жүреді.
Ал әкеміз құлағаннан кейін де қайта тұруға болатынын ұқтырады.

Анамыз бізге тәй-тәй басып жүруді үйретеді.
Әкеміз өмір жолында жүруді үйретеді.

Ананың мейірімі көзінен-ақ көрініп тұрады.
Әкенің мейірімі жүрегінің ең түкпірінде жатады...

Ана - таусылмас бақ.
Әке - түгесілмес қазына!

Мұны тек балалы болғандар, өз баласы үшін алып-ұшып, жүрегі ауырып көргендер, өзі үшін ғана емес, балалары үшін өмір сүріп, солар үшін тыныстап жүргендер ғана түсінеді

Ата-анамыздың қадірін білейік.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #тәлім #атаана #әке #ана #байлық #родители #асыларна #asylarna #қазақшапсихология #parents #қазақпызғой #өмірсабақтары