Get Mystery Box with random crypto!

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

Telegram арнасының логотипі taammul — 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢 𝓣
Telegram арнасының логотипі taammul — 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Арна мекенжайы: @taammul
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.49K
Арнадан сипаттама

السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!
- - - - -
пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса
- - - - -
📝бот: https://t.me/taammul_bot
- - - - -
‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/taammul53l57

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-13 10:39:49
"уа 'алейка hello" деп жатқан сияқты)
107 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 07:55:30 Кәсіп қылу әрбір мұсылманға парыз.


Имам Мухаммад (رحمه الله) өзінің "әл-Кәсб" атты кітабын Ибн Мас'уд (رضي الله عنه) риуаят еткен Пайғамбарымыздың ﷺ "Кәсіп қылу әрбір мұсылманға парыз" деген хадисімен бастайды. Ілім талап етудің міндеттілігіндей. Өйткені, дәреттің намаз үшін міндетті болғанындай Аллаһ Тағала міндеттеген парыздарды орындауға кәсіп қылмастан қол жеткізу мүмкін емес. Денеде күш-қуат болғанда ғана парыздарды орындауға мүмкіндік болады. Баршамызға мәлім болғанындай әдетте азық-түліксіз бойға күш дарымайды. Кәсіп қылмаса, азық-түлікке қол жетпейді. Тура солай намазда әуреттің жабылуы міндетті. Оны тек киім арқылы жаба аламыз. Ал енді киімге қол жеткізудің жолы - кәсіп. "Парыздарды орындауға кәсіп қылмастан қол жеткізу мүмкін емес" деген сөзіміздің мағынасы осы. Сол себепті де (кәсіп қылу) парыз етілді. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде біздерге сауда қылуды бұйырған болса, қалайша олай болмасын?

وإذا قضيت الصلاة فانتشروا في الأرض وابتغوا من فضل الله.

Намаз өтелген кезде, жер бетіне тараңдар да, Аллаһтың шексіз шарапатынан несібе іздеңдер.

Бұл жердегі мұрат - сауда. Ал бұйрық райы міндеттілік (уәжіп) үшін. Себебі кәсіп қылу елшілер мен пайғамбарлардың (عليهم السلام) жолдарынан болып табылады. Ең алғаш кәсіп қылған әкеміз Адам (عليه السلام). Жерге түсірілгенінен кейін Оған Жәбірейіл (عليه السلام) бидай алып келіп, оны егуді бұйырды. Сосын оны екті. Суғарды. Егінін жинады. Астығын бастырды. Ұнтақтады. Нан пісірді. Тура солай Нух (عليه السلام) та ағаш ұстасы болып, нәпақасын өз кәсібінен тапты. Идрис (عليه السلام) тігіншілікпен айналысты. Ибраһим мен Дауд (عليهما السلام) мата сатумен шұғылданды. Тіпті Пайғамбарымыз ﷺ "Матамен шұғылданыңдар. Әкелерің Ибраһим (عليه السلام) мата сатушы болған" деген өсиет те айтты. Және Дауд (عليه السلام) сауыт (кольчуга) жасаумен де айналысты. Сулейман (عليه السلام) таразылар жасады. Закария (عليه السلام) ағаш ұстасы болды. 'Иса (عليه السلام) анасының жіп иіру кәсібінен нәпақасын тапты. Ал кейде масақтар (колосья) терумен айналысатын. Осылардан кейін кәсіп қылу елшілер мен пайғамбарлардың (صلاة الله عليهم أجمعين) тариқасы екенін білдік. Біздер оларға еруге бұйырылғанбыз. Яғни;

فبهداهم اقتده.

Онда, сен де олардың тура жолына түс.


Келесі кезекте кәсіп қылудың да деңгейлері бар екенін білуіміз керек.

Әрбіріне қажет болған мөлшер. Яғни сол мөлшермен белі бүкіреймейтіндей (ең қажетті дүниесіне қолы жететіндей) болуы. Бұл деңгейде кәсіп қылу барлығына міндетті.

Тура солай егер оның жауапкершілігінде әйелі және кішкентай балалары болған болса, солардың қажеттіліктеріне жеткілікті болатын мөлшерде кәсіп қылу 'айнан міндетті. Себебі әйелдің күйеуінде, баланың әкесінде ақысы бар. Олардың ақысын кәсіп қылмастан өтеу мүмкін емес. Сондықтан оған кәсіп қылу лайықты болды.

Әрі егер оның ата-анасы кедей болса, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай мөлшерде кәсіп қылу міндетті. Себебі ата - анасының нәпақасы оның мойнындағы парызы.

Бұл мөлшерлерден тысқары болғанға кәсіп қылу - мубаһ. Бірақ, "егер мақтаныш пен рияны көздемеген болса" деген шарттың негізінде.

әл-Мухит әл-Бурһани фил-фиқһ ән-Ну'мани.

Canal: https://t.me/taammul
264 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 19:50:50
Тордың ішінде болса да, сыртында болса да мінезі тұрақты болғанға (тіпті ол хайуан болса да) көңілде құрмет деген сезім еріксіз оянады екен. #sapardantúıgenoı

Canal: https://t.me/taammul
134 views16:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 19:44:54 Мешітте (төңірегінде) қол жаюшыларға садақа беріп керек емес. Себебі олардың адамдарға туындататын қиыншылығына жәрдем ретінде табылады.


Холаф Ибн Айюб (رحمه الله):

Егер мен қазы болғанымда мешітте (қол жаюшыларға) садақа берушілердің куәлігін қабыл етпеген болар едім.


Фақиһ Әбу Бәкір Ибн Исма'ил әл-Уәһһаб (رحمه الله):

..(Оларға берілген) бір тиын (берілгені үшін кәффарат ретінде) жетпіс тиынды қажет етеді.

әл-Мухит әл-Бурһани.

Canal: https://t.me/taammul
147 views16:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 19:34:22 ..Құран оқу. Құранды дауыс шығарып (көтеріңкі қылып) оқу мәкрүһ. Себебі хушу'қа сай келмейді. Әрі олай қылуда рия бар. Және оқылған Құранды тыңдау міндетті болғандықтан өзгелерді (өздеріне тиесілі ісімен) шұғылдануынан тосу бар.

әл-Мухит әл-Бурһани.


Көпшілік болған жерде Құранды дауыстап оқып, кейін оны тыңдамағандарды айыптаудан алдын, солай оқылудың дұрыстығы мен бұрыстығына мән беру керек. Әдепсіздік тыңдамай орындарынан тұрып кеткендердің тарапынан болып жатыр ма, әлде Құранды орынсыз оқу арқылы Құранға деген әдепсіздік орын алды ма? Орынсыз оқуы бір тараптан әдепсіздік болса, басқаларға ыңғайсыздық (қиыншылық) туындату екінші тараптан қайтарылған іс. Кез-келген сауапты амалды сауатты түрде жүзеге асыруды ескеру ләзім.

Canal: https://t.me/taammul
145 views16:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 19:13:39
әл-Фәтауа әт-Татархания (23 том).
149 views16:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 19:09:12 Әйелі күйеуіне "يا سفلة/Ей, азғын (оңбаған)" деп айтқан уақытында, күйеуі "Егер мен "سفلة/азғын (оңбаған)" болсам, онда сен талақсың" деп, түсіндірмесін меңзеген болса, онда расымен "سفلة/азғын (оңбаған)" болмайынша талақ түспейді.

Бұл әл-Мухит әл-Бурһани кітабында келген мәселе. Кейін ғалымдарымыздан "سفلة/азғын (оңбаған)" сөзінің мағынасы қандай екені турасында оннан астам пікір келтіреді. Мысалы Имам Әбу Ханифа (رحمه الله) оны "кәпір" десе, Имам Әбу Юсуф (رحمه الله) "Өзінің не айтқанына да, өзгенің оған не айтқанына да көңіл бөлмейтін, яғни бәрібір қылып қарайтын адам" дейді. Ал Имам Мухаммад (رحمه الله) болса оған "Кептерлермен ойнап, көңіл көтеріп жүретін адам" деп анықтама береді. Ең қызығы осындай анықтамалардың ішінде оның мағынасы "Әйеліне махрам емес ерлердің алдында жүзін ашуына тиым салмаған еркек" деген анықтама бар. СубханаЛлаһ! Ал енді, Пайғамбарымыздың ﷺ сағындым деген бауыларының ішінен табылуы керек болған үмметтің еркектері кімдердің қатарынан табылып жатқандығын ойлап қараңызшы.. Нендей алыстық..

Canal: https://t.me/taammul
164 views16:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 18:14:45
Фиқһ кітаптарымызды оқып отырып көп нәрсені аңғаруға болады. Мысалы әйел адамды киіммен қамтамасыз ету тақырыбында Имам Мухаммад (رحمه الله) ерінің әйеліне изар алып беруі міндетті емес екендігін айтады. Оның себебін "Изарға қажеттілік тек сыртқа шығарда…
209 views15:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 18:10:43 Кімде-кім тамақ ішуден бас тартып, соның себебінен өліп кетсе, онда оған тозаққа кіру міндетті болды. Себебі ол өз-өзін әдейі өлтірді. Бұл жағдай ол өзін темірмен өлтіргенімен бірдей қарастырылады.

әл-Мухит әл-Бурһани.

Canal: https://t.me/taammul
218 views15:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 11:47:51 Егер Құран үйретуді мәһр ретінде шарт қылса, сахих емес. Себебі ол мал емес.

Ал егер бір жыл қызмет қыламын деп үйленсе, жәйз емес.

әл-Мухит әл-Бурһани фил-фиқһ ән-Ну'мани.

Canal: https://t.me/taammul
148 views08:47
Ашу / Түсініктеме