Get Mystery Box with random crypto!

Әйелі күйеуіне 'يا سفلة/Ей, азғын (оңбаған)' деп айтқан уақыты | 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

Әйелі күйеуіне "يا سفلة/Ей, азғын (оңбаған)" деп айтқан уақытында, күйеуі "Егер мен "سفلة/азғын (оңбаған)" болсам, онда сен талақсың" деп, түсіндірмесін меңзеген болса, онда расымен "سفلة/азғын (оңбаған)" болмайынша талақ түспейді.

Бұл әл-Мухит әл-Бурһани кітабында келген мәселе. Кейін ғалымдарымыздан "سفلة/азғын (оңбаған)" сөзінің мағынасы қандай екені турасында оннан астам пікір келтіреді. Мысалы Имам Әбу Ханифа (رحمه الله) оны "кәпір" десе, Имам Әбу Юсуф (رحمه الله) "Өзінің не айтқанына да, өзгенің оған не айтқанына да көңіл бөлмейтін, яғни бәрібір қылып қарайтын адам" дейді. Ал Имам Мухаммад (رحمه الله) болса оған "Кептерлермен ойнап, көңіл көтеріп жүретін адам" деп анықтама береді. Ең қызығы осындай анықтамалардың ішінде оның мағынасы "Әйеліне махрам емес ерлердің алдында жүзін ашуына тиым салмаған еркек" деген анықтама бар. СубханаЛлаһ! Ал енді, Пайғамбарымыздың ﷺ сағындым деген бауыларының ішінен табылуы керек болған үмметтің еркектері кімдердің қатарынан табылып жатқандығын ойлап қараңызшы.. Нендей алыстық..

Canal: https://t.me/taammul