Get Mystery Box with random crypto!

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

Telegram арнасының логотипі taammul — 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢 𝓣
Telegram арнасының логотипі taammul — 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Арна мекенжайы: @taammul
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.49K
Арнадан сипаттама

السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!
- - - - -
пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса
- - - - -
📝бот: https://t.me/taammul_bot
- - - - -
‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/taammul53l57

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-07-15 07:35:21 Имам әл-Кәсәни (رحمه الله) жеткізеді:
Бір жігіт Шам өлкесінен шығып Омарға (رضي الله عنه) келеді. Сонда Омар (رضي الله عنه) одан сұрайды:
- Не нәрсе сені алып келген?
- Ташаһһудті үйренейін деп келдім.
Омар (رضي الله عنه) сақалы суланғанша жылап, былай дейді:
- УаЛлаһи! Аллаһтан ﷻ Ол сені еш азаптамайды деп үміт етемін.

Canal: https://t.me/taammul

#ilim #motıvasııa
225 views04:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 11:10:57 Имам Ауза'и (رحمه الله) алғашында Имам Әбу Ханифаны (رحمه الله) бидғатшы деп ойлады. Және адамдарға Имам А'замға (رحمه الله) қатысты көзқарасын солай танытты. Бірақ кейін Имам А'замның (رحمه الله) кітабынан үзінділер жеткеннен кейін ойын өзгертті. Одан кейін Меккеде Имамның өзімен кездесіп, ойы тіптен өзгерді. Оның ақысына қатысты исти'фар қылды. Сондай ілімге ие екендігінен қуаныш тапты. Ол турасында айтылғандардың жалған екендігіне көзі әбден жетті. Енді бұл көпшілігіңізге мәлім оқиға ғой. Менің түртіп кеткім келгені Имам Ауза'иды (رحمه الله) сондай нашар ойларға итермелеген базардағы өсек соғушылар болмағаны анық. Имамның алдында сеніміне лайық болған сауатты, жөні түзу адамдардың хабары әсер еткені күмәнсіздей. Біздің замандағы хабар таратушылар ше? Олар өздерінің жан дүниесінің тазалығына қаншалықты мән береді? Жүректеріндегі дерттерінен қаншалықты хабарлары бар? Хабардар болумен қатар әр сөзі мен амалында сол дертін ескеруі немесе ескермеуі және бар.. Осындай ластанған, тұмшаланған, бұлыңғыр заманда біреудің екінші жайлы жеткізген хабарына өте мұқият болу, аса сақтық таныту абзалырақ емес, бәлки ләзім бе дерсіз. Себебі, бір ғана хабарды қабыл алумен бір емес бірнеше тиым салынған және қайтарылған істерге түсіп кету ықтималдылығыңыз бары нақ. Солаай құрметтілерім. Сондықтан маңқаларын сүрткен бет орамалдары өзгелердің көзінде тәббарук қылатындай көрінгеніне масаттанған кейбір хабар таратушылардың хабарын анықтап алыңыздар. Оны анықтауға бұйрық ең әуелі Раббымыздың ﷻ тарапынан. Біздікі тек ескертуге де жарамсыз болған өтініш қатарынан табылса да болғаны.
193 views08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 11:09:09 Сунан Әби Дәудте 'Айша (رضي الله عنها) анамыз Шам өлкесінен келген әйелдердің моншаға түсетіндіктерін білгенінен кейін, оларға Пайғамбарымыздың ﷺ "Өз үйінен өзге үйде киімін (жилбабын) шешкен кез-келген әйелдің өзі мен Раббысы ﷻ арасындағы (бүркеніші) сөзсіз ашылады" деп жеткізгендігі турасында Әбул-Мулихтен риуаят бар.

Сунан Әби Дәудтің шархы 'Аун ул-ма'будте хадистің түсініктемесі төмендегідей келеді:

Киімін яғни өзіне жамылғы болғанды.

Өз үйінен өзге үйде яғни, тіпті ата-анасының үйінде де (әл-Қори). Тирмизи мен Ибн Мәджә жинағында "Күйеуінің үйінен басқа үйде" деп келеді.

Ашылады яғни бүркеніші, ұят пердесі, әдептілік жилбабы.

Ашылу яғни, бүркеніштің жыртылуы.

Аллаһ Тағала мен арасындағы яғни, ол (әйел заты) бөтен еркектен сақтануға, жасырынуға бұйырылған. Тіпті оларға оңаша қалғанда да әуреттерін ашулары жақсы емес.

Ерлерінің алдында рұқсат.

Canal: https://t.me/taammul
184 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 10:55:41 Іштей құрметтейтін бір ағамыз насихатында "Ілім талап етушінің жолында табанының астына періштелер қанаттарын төсейтіндігі" жайлы хабарға қатысты машаихтарымыздың түсініктемесін жеткізіп, былай деді:

Періштелер қанаттарын не үшін төсейді? Себебі олар сол толибтың ілім алып келіп, қоғамда орын алған бүлікті жоюға күрес қылатынына қуанышта болады.

Аллаһ пәк! Аллаһ Ұлық! Жүрегінде иман нұрының тарыдай ұшқыны болған әрбір мұсылман осы нәрсеге үмітті емес пе? Сол себепті де еліміздегі (елден тысқарыдағыға да) талапкерлер мен медреселерге 100 теңгесімен болсын ат салып жүрген жоқ па?!

Уа, Менің құрметті ілім талап етуші бауырым! Медреседе берілген (мысалы) түскі асқа шүкір мен қуаныш білдірумен қатар сол асқа себепкер мыңдаған адамдардың ақыларын қалай бермексің, үміттерін қалай ақтамақшысың дегенді де ескере ғой. Олар үмметтің ислахқа келгенін қалайды. Тіпті нағыз ислахтың сипатынан хабарсыз болса да. Өздерінде ілім болмауына байланысты өздерін дәрменсіз сезініп, ілім жолындағыларға үміт қылады. Солардың қызметінен табылуға тырысады. Ілім жолының жауапкершілігін арқалағаннан кейін оны нан табу мен құрметке бөленудің құралы ретінде ғана қалдырып қоймашы, өтініш?! Үмітті жүректердің нәпсілеріне тәзкия болатын бағытта еңбек ет, аянба!

Аянбау деген әсте аузың талса да сөйлеуің, көзің талса да оқуың, құлағың шыңылдаса да естуің, аяғың талса да тұруың емес. Бәлки ақиқаттың айтылуы ащы болып тиетін уақытта да соны айта алып, жағымпаздықтың жылы ілтипатына жұтынбауың. Діннің ахуалын көзіңмен және құлақпен емес, жүрекпен көріп, естіп, үмметтің аянышты хәліне жүдей алуың. Намазда ғана емес, сүннеттің бекемдігіне шақыру жолында бидғат иелеріне иілместен, Пайғамбарымыздың ﷺ тариқасына танытылған табандылығыңда тиетін таяқтарға қарсы имамдық қыла алуың. Әрі әсем күмбезді мешіттер мен өрнекті биік мінберлерден және танымалдылық пен қошеметтен қағылудан да аянбауың.

Осы нәрселердегі құрбаншылығың үмметтің жүректерін Раббыларына ﷻ қарай бұрады. Әнші, биші қатындармен ыржыңдасып, суретке түсіп, (өз ойыңдағы) көркем насихатың арқылы адамдарды Раббыларымен ﷻ еш байланыстыра алмайсың.. Көрмейсің бе? Қанша деген дін насихатшылары қанша жылдан бері елімізде дін жеткізіп келе жатса да, нәтижесі жәһлдіктен ғапылдыққа ғана түсіре алу болды.. Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ. Неліктен жүректерде Жаратушыларына ﷻ қатысты ма'рифат оянған жоқ?

Құрметті, бауырым! Аянбай еңбек ету керек. Сен болмасаң, басқа кім? Бүгін болмаса, енді қашан? Бұл жолда Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінің негізінде қаланған ізгілеріміздің тариқасы бар. Кейбіреулердің сол тариқадан ауытқып, қолдары жеткен болмашы қызылды-жасылды уақытша болған фәнилік мүліктеріне бола алданба. Тіпті назарыңды да салма! Соңғы жетістік тек тақуалар үшін. Туралықта болу атымен ғана емес, затымен де сай болу арқылы жүзеге асатынын жадыңда ұста! Аллаһым ﷻ берекет берсін!

Болашағыңа үмітті, ең әлсіз бауырың #НиязӘбуРумейса

Canal: https://t.me/taammul
227 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 10:55:04
Табақат әс-Суфия.
198 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 12:26:47
Періштелер қандай себеппен ілім талап етушінің табанына қанаттарын жаятынынан хабардарсыз ба?
Anonymous Quiz
9%
хабарым бар.
43%
хабарым жоқ.
48%
хабарым бар (дегенмен басқа да себептерінен хабарсыз болармын..).
23 voters47 views09:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 12:21:49 Әуендерді тыңдау ((тіпті) қамыс таяқшасымен ұру сияқты) харам. Пайғамбарымыз ﷺ "Музыкалық аспапта ойнайтын адамды тыңдау күнә, әуенді мәжілісте отыру пасықтық, әрі оны тыңдап ләззаттану күпірлік" деп айтты. Бұл жерде қатты айтылуының себебі күнәсінің ауырлығына байланысты. Және де ғалымдарымыз "Егер әуенді еркінен тыс естісе, онда үзірлі болады. Бірақ оған оны естімеу үшін мүмкіндігіндегі барлық амалды жасауы міндетті" деді.

Фәтауа әһл Самарқанд.

Canal: https://t.me/taammul
65 views09:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 12:19:45 Бір адамды дабыл (барабан) қағу үшін жалдау:

- Егер мақсаты сауық-сайран үшін болса, онда рұқсат емес. Себебі бұл күнә.
- Ал егер дұшпан үшін болса, онда рұқсат. Себебі бұл бойсұнушылық.

Фәтауа әһл Самарқанд.

Ибраһим Имам Мухаммадтан (رحمه الله) жоқтау айтумен н/е барабан ойнаумен н/е сыбызғы тартумен табылған табыс жайлы сұрады. Сонда Имам Мухаммад (رحمه الله) "Егер шарттасқан (келіскен) болса, онда иелеріне (егер таныса) қайтарып береді" деп айтты. "Егер шарттасқан болса" яғни, жоқтау айтқаны н/е әуендеткені үшін ақысының берілуі келісілген болса дегені. Бұндай келісіммен алынған ақы күнә тараптан қарастырылып, табысы күнәға жатқызылады. Оның шешімі қайтару. Сондықтан егер еңбекақыны берушінің өзіне қайтару мүмкін болса, өзіне қайтарады. Болмаса, сауабы баруы үшін соның атынан садақа қылады. Оның қолынан алынған малы (ақшасы) сол қалпында қайтарылып берілуі мүмкін болмаса да, сауаптай жетуіне жол жасайды. Ал енді ондай келісімсіз алынған болса, күнә болмайды. Өйткені мүліктің иесі өз разышылығымен бергендіктен ол мал (ақша) оған тиесілі болып, иелігіне өткен дүние адал болады.

әл-Мухит әл-Бурһани.

Canal: https://t.me/taammul
66 views09:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:02:19 Әрбір тілдесуші үндесуші емес.. эх..

Сіздер де тілдесу мен үндесуді ажыратып қарайсыздар ма?

Canal: https://t.me/taammul
73 views08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 10:53:05 Адамдардың сенің ақыңа қатысты сүрінгені сайын оларға кеңшілік қыла беруің өз бойыңдағы көптеген жыртықтарыңды жамауыңа жол ашады. Кешірімді болайық. Сонда Рахманның ﷻ кешіріміне қауыштырар жолдан ауытқымаймыз. #Нияз Әбу Румейса

Жүрек үндеуінен..

Canal: https://t.me/taammul
90 views07:53
Ашу / Түсініктеме