Get Mystery Box with random crypto!

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

Telegram арнасының логотипі taammul — 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢 𝓣
Telegram арнасының логотипі taammul — 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Арна мекенжайы: @taammul
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.49K
Арнадан сипаттама

السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!
- - - - -
пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса
- - - - -
📝бот: https://t.me/taammul_bot
- - - - -
‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/taammul53l57

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-18 08:11:04 الله المستعان وعليه التكلان و هو على كل شيء قدير.
232 views05:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 08:10:01 Йа, Аллаһым ﷻ! Бұл жолдың ең әуелінен бастап жаныма сүйеніш, көзіме қуаныш, көңіліме жұбаныш, жүрегіме тыныштық қылып бұйыртқан серігімнен ажырата көрме! Иманым мен дінімді толықтырған жанның өмірден кетуі иманым мен дінімде нұқсан береді ме қорқамын.. Өзіңнің ұлық жолыңда отбасымызбен бірге қабыл ет! Пайғамбарымыздың ﷺ көршісі болуға лайықты ғұмыр бер! Әрі біздердің соңымызды қайырлы қыл!
آمين يارب العرش العظيم!!!
269 views05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 07:39:57 Әнас ибн Малик (رضي الله عنه):
Бірде 'Умар (رضي الله عنه) үйіне келгенінде, үйінде жилбабтағы бір әйел бар екенін байқап қайтып кетті. Араға уақыт салып қайтып келгенінде оның әлі де отырғанын көріп, тағы да айналып кетті. Солай әлгі әйел кетпейінше бірнеше мәрте қайталады. Үйіне кіргеннен кейін "Бізге бүгін ыңғайсыздық туындатқан әйел кім болды?" деп сұрады. Сонда әйелі "Одан сақтануының қажеті болмаған еді. Ол пәленшенің күңі ғой" деді. Кейін адамдарға айтты:
Күңді ханымына ұқсатпаңдар! Жилбаб киіп ізгі азат әйелдерге ұқсауда. Аллаһ Тағала айтты емес пе


يا أيها النبي قل لأزواجك وبناتك ونساء المؤمنين يدنين عليهن من جلابيبهن.

Уа, Ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүминдердің әйелдеріне "ұзын, әрі кең киім (жилбаб) кисін" деп айт.

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.



Бүгінгі күнгі түсінік қандай? Бүркенуді қорлықтан деп біліп, ашылып шашылып жүруді ізгіліктен, азаттықтан деп көреді. Кейде ой келеді.. Аллаһтың ﷻ даналығына жетуде дәрменім жоқ екені сөзсіз. Тек осы ахуалдар турасында ой жүгірткенімде мына бір күмәнде қаламын. Мысалы Шииттер 'Айша (رضي الله عنها) анамыздың арына тіл тигізді. Ал шариғатымызда әйелдің арына нақақтан жала жабушыға дүре соғу деген бар. Енді сол Шииттер әһл ус-суннаның Қазыларының қазылығымен дүреге соғылмаса да, өз адасушылықтарының негізінде ғибадат көріп өз-өздерін арқалары (тіпті бастары) тілім-тілім болып, қанға бөленбейінше сабайтындықтары бар. Сол сияқты Аллаһ Тағала берген абыройдан бас тартып, өз беттерінше абырой іздеген әйелдердің абыройсыздыққа түсіп жатқандықтары емес пе екен деп үрейленемін.. Аллаһ Тағаланың рақымынан жырақтап, қорлықта қалғанға пана болушы әсте табылсын ба? Аллаһтың ﷻ азабынан қашқан адамның барар жері, қағар есігі, ол Раббысының ﷻ рақымшылығы емес пе еді? Аллаһтың ﷻ бізді тастап қоюынан қорқайық. Аллаһ Тағала тастап қойса, онда құрыдық. Әлем жұртшылығы ақылы мен кеңесіне жүгініп жүрген небір имансыз мотиваторларды Қиямет күнінде ең ақымақ адамдардың қатарынан табатын боласыздар. Себебі олардың ақылдары Раббыларын ﷻ тани алуға жеткіліксіз болған. Сондықтан қандай мәселеде болмасын, шариғатқа бас игенді біліңіздер. Әрі шариғатқа қарсы данагөйсімең. Тауфиқ тек қана Аллаһтан ﷻ.

Canal: https://t.me/taammul
238 views04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 19:08:29 'Али ибн Әби Толиб (كرّم الله وجهه):

Әйелді өз теңінен басқаға үйлендірмеңдер! Сендердің олардан ұнатқандарың болғанындай олардың да сендерден ұнатқаны болатынын біліңдер!

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.

Canal: https://t.me/taammul
165 views16:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 19:07:40 Әбу Солих Мәулә Умм Һани:

Маған жәннат иелерінің көпшілік күнәсі әйелдерге қатысты екені жетті.

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.

Canal: https://t.me/taammul
173 views16:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 19:06:43 'Айша (رضي الله عنها) анамыз:

Аллаһ Тағаланың біздерді шәһуаттың басы қылып, зікірін біздерден бастауы біздің сорымыз деді де, Аллаһ Тағаланың аятын оқыды:

زين للناس حب الشهوات من النساء والبنين والقناطير المقنطرة من الذهب والفضة والخيل المسومة والأنعام والحرث

Адам баласы үшін әйелдер, (ер) балалар, қап-қап алтын мен күміс, сәйгүліктер, төрт түлік мал және егінжай (сынды дүниелер) нәпсі құмарлығын арттыратындай қылып тартымды қылынды.

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.

Canal: https://t.me/taammul
172 views16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 09:06:23 Бірде бір еркек 'Али ибн Әби Толибке (رضي الله عنه) келіп, "Уа, Мүминдердің әміршісі! Бұлар мені мәжнүн (жынды) әйелге үйлендірді" деп арызданды. 'Али (رضي الله عنه) "Қандай жындылығын көрдің?" деп сұрады. Сонда әлгі адам "Мен онымен жақындасқанымда талып қалады" деді. 'Али (رضي الله عنه) айтты: Сен ол әйелге лайық болмаған екенсің!

[СубханаЛлаһ)]

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.

Canal: https://t.me/taammul
177 viewsedited  06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:46:53 Са'ид ибн ул-Мусаййбке бір еркек келіп "Көріп тұрғаныңдай бір жанарым кетіп (көрмей) қалды. Оның себебін маған "Төсек қатынасына көп түскендіктен" деп айтты. Қандай пікір айтасың?" деді. Сонда Ибн ул-Мусаййб "Жанарың кетіп қалса да, олай істеуіңді тоқтатпа!" деді.

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.

Canal: https://t.me/taammul
211 views05:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:45:26 'АбдиЛлаһ ибн 'Умар (رضي الله عنه) кейде ораза ұстаған күні ауыз ашқан уақытында тамақтанудан алдын төсек қатынасына түсетін болған.

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.

Canal: https://t.me/taammul
208 views05:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:32:09 Хазіреті 'Али ибн Әби Толиб (كرم الله وجهه):

Пайғамбарларға берілген үш нәрсе: әтірлену, сиуак, төсек қатынасына жиі түсу.

Әдаб ун-Ниса, 'Абд ул-Малик ибн Хабиб.

Canal: https://t.me/taammul
218 views05:32
Ашу / Түсініктеме