Get Mystery Box with random crypto!

..Құран оқу. Құранды дауыс шығарып (көтеріңкі қылып) оқу мәкрү | 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

..Құран оқу. Құранды дауыс шығарып (көтеріңкі қылып) оқу мәкрүһ. Себебі хушу'қа сай келмейді. Әрі олай қылуда рия бар. Және оқылған Құранды тыңдау міндетті болғандықтан өзгелерді (өздеріне тиесілі ісімен) шұғылдануынан тосу бар.

әл-Мухит әл-Бурһани.


Көпшілік болған жерде Құранды дауыстап оқып, кейін оны тыңдамағандарды айыптаудан алдын, солай оқылудың дұрыстығы мен бұрыстығына мән беру керек. Әдепсіздік тыңдамай орындарынан тұрып кеткендердің тарапынан болып жатыр ма, әлде Құранды орынсыз оқу арқылы Құранға деген әдепсіздік орын алды ма? Орынсыз оқуы бір тараптан әдепсіздік болса, басқаларға ыңғайсыздық (қиыншылық) туындату екінші тараптан қайтарылған іс. Кез-келген сауапты амалды сауатты түрде жүзеге асыруды ескеру ләзім.

Canal: https://t.me/taammul