Get Mystery Box with random crypto!

SLIV/Quiz

Telegram арнасының логотипі slivquiz — SLIV/Quiz S
Telegram арнасының логотипі slivquiz — SLIV/Quiz
Арна мекенжайы: @slivquiz
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Сотрудничество/реклама: @azamat678

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-07-02 15:16:28 ​145 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша 88 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ын құрайды. Тестіленушілердің 57 187-сі немесе 39,4%-ы шекті балл ала алмады. Ең жоғары балды (140 балл) Павлодар қаласының талапкері жинады. 1923 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Тестілеуді 109 693 немесе 75,5% түлек қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3% орыс тілінде тапсырды. ҰБТ орташа балы 69,08 балды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 5 балға жоғары. Түлектер ҰБТ-ны 4 рет тапсыратынын естеріңізге сала кетейік.

«Электрондық форматтағы тестілеудің бірқатар артықшылығы бар. Ол тестілеуді тапсырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз нұсқалар мен дұрыс жауаптар кодтарының бірегейлігін ойластырдық. Яғни, әр нұсқа кездейсоқ таңдау арқылы өтініш беруші қосымшада рұқсат алған кезде жасалады. Бұл тест нұсқалары қайталануының алдын алып, дұрыс жауаптар кодтарының сәйкес келу ықтималдығын да жойды. Түлектер ҰБТ-ны бұрынғыдай бір аптаның көлемінде емес, екі айдан астам уақыттың ішінде тапсыра алады. Сонымен бірге түлектерге екі мүмкіндік берілген», –деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалды. ҰБТ-ға мүмкіндігі шектеулі 90 бала қатысты. Олар үшін аудиториялар мен жеке көмекшілер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ 15-17 маусым аралығында ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін онлайн тестілеу өткізілді. Нәтижесінде өтініш берген 1143 адамның 994-і тестілеуге қатысты.
59 views12:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 12:40:06 LIVE

ҰБТ-2021 қорытындылары

Спикерлер:
ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев;
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Наужан Дидарбекова.



Итоги ЕНТ-2021

Спикеры:
директор Департамента высшего и послевузовского образования МОН РК Адлет Тойбаев;
и.о. директора Национального центра тестирования МОН РК Наужан Дидарбекова.

https://www.facebook.com/ortcomkz/videos/935433877306412

@bilim_jane_gylym
25 views09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 08:31:32 Психометрикалық тест

Медициналық мамандықтарға арналған

Медициналық мамандықтарға, оның ішінде Мейірбике ісі, Жалпы медицина, Стоматология, Педиатрия мамандықтарына түскісі келетін түлектер арнаулы психометрикалық тест тапсыру қажет.

Бұл тесттің нәтижесі кез-келген медициналық университетке тапсыруға жарайды.

Психометрикалық тестілеуді өткеннен кейін «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Бұл тестті өте алмасаң, жоғарыда айтылған медициналық мамандықтарға түсе алмайсың.

Психометрикалық тестілеудің нәтижесі тест өткізілген күні жарияланады.

Бұл тест біздікі емес. Нәтижесін біз шығармаймыз. Нәтижесін сол сайттан көресің.

Бұл тест мұғалімдікке баратындарға қажеті жоқ.

Тестке тіркелу үшін МЫНА сілтемені бас.
48 views05:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 20:54:50 Өткен жылы 50 баллмен түскен мамандықтар

Таңдау пән: Физика-Математика

Мамандықтар:

1. Металлургия - Бұл мамандыққа 2020 жылы 20 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 50 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 10 университет оқытады.

2. Мұнай-газ ісі - Бұл мамандыққа 2020 жылы 30 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 50 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 16 университет оқытады.

3. Агроинженерия - Бұл мамандыққа 2020 жылы 420 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 50 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 8 университет оқытады.

4. Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар - Бұл мамандыққа 2020 жылы 450 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 51 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 27 университет оқытады.

5. Су ресурстары және суды пайдалану - Бұл мамандыққа 2020 жылы 418 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 50 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 6 университет оқытады.

Ал негізі Физика-Математика таңдау пәндері бойынша 30 мамандық бар.

Олардың грантқа шекті баллдарын, қай университеттерде оқытатынын білу үшін біздің приложениені жүктеп алыңыз. Сілтеме:

https://rr.joo.kz/app-link-redirect
64 views17:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 12:14:52 Педагогикалық тест

Қайда тапсыруға болады?

Педагогикалық мамандықтарға түсушілерге арналған ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕСТТІ Абай университетінің сайтынан тапсыра аласың.

Нәтижесін қашан көре аласың?
Ендігі апта нәтижесі шығады. Сол кезде Абай университетінің сайтына кіріп, нәтижеңді жүктеп аласың.

ЕСКЕРТУ: Бұл тест біздікі емес. Абай университеті сайтында тапсырасың, нәтижесін де сол жақтан көресің!

Бұл тест барлық универге жарайды ма?
Ия, бір университеттің педагогикалық тесті басқа университетке жарайды.

Тура қазір МЫНА сілтеме арқылы өтіп тапсыра аласың.
75 views09:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 19:11:48 Ұбт бітті екен деп қоштаспаймыз;)
Алдағы уақытта универлер,грант жайлы мәліметтер.Мотивациялық посттар,пайдалы мәліметтер салынатын болады
121 views16:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 18:36:40 Өте маңызды эфир болып жатыр
https://instagram.com/timurbektur?utm_medium=copy_link
126 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 13:52:47 15/15 рахмет осы гр-га
222 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 12:43:41 15/15 рахмет
157 views09:43
Ашу / Түсініктеме