Get Mystery Box with random crypto!

SLIV/Quiz

Telegram арнасының логотипі slivquiz — SLIV/Quiz S
Telegram арнасының логотипі slivquiz — SLIV/Quiz
Арна мекенжайы: @slivquiz
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Сотрудничество/реклама: @azamat678

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-07-10 16:52:58 Биология-География 75-тен төмен жинағандар мына мамандықтарға бара аласыздар:

1. Психология B041 > психолог
2. Қоршаған орта B051 > эколог
3. Орман шаруашылығы B079 > аңшылық, орман ресурстары
4. Әлеуметтік жұмыс B090 >

Математика-География 75-тен төмен алғандар мына мамандықтарға бара аласыздар:

1. Кадастр B075
2. Жер туралы ғылым B052 > географ, метеоролог, гидролог
27 views13:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 15:19:39 Математика-Физика 75-тен төмен жинағандар мына мамандықтарға грантқа түсу ықтималдықтарыңыз жоғары:

1. Ғылыми физика B054
2. Механика B056
3. Коммуникация B059
4. Материалтану B061
5. Электр техникасы және энергетика B062
6. Автокөлік құралдары B065
7. Теңіз көлігі B066
8. Әуе көлігі B067
9. Тоқыма өндірісі B070
10. Материал өндірісі B069
11. Тау кен ісі Β071
12. Құрылыс B074
13. Стандарттау, сертификаттау және метрология B076
14. Су ресурстары және суды пайдалану B082
15. Агроинженерия B183

P.S: Бұл мамандықтарға жылда грант көп бөлінеді. Алайда көбісі осы мамандықтарды таңдамаған соң, гранттар артық қалып кетеді:(

Дерек:Аида
32 views12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 21:23:00 Маңғыстауда болып жатырған жағдай
21 views18:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 18:23:18 Ойлы жастарға 10 кеңес:

Уақытты басқаруды үйрен. Өз жұмысыңда барынша өнімді болу – тұтас ғылым. Мансабыңның басында күн тәртібін ұйымдастыру және уақытты тиімді қолдану өте қиын. Бірнеше жұмысты бір уақытта атқармауың қажет.

Ақшаны барлық нәрседен жоғары қойма. Қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу керек, бірақ ақшаны бірінші орынға қоюдың қажеті жоқ. Ақшадан да маңызды дүниелер барын түсін.

Үнемдей біл. Ата-ананың қамқорынан шығып, ересек өмірге қадам басатын кез келеді. Сол уақытта өміріңе азық болар аздаған қорың болуы керек.

Денсаулығыңды күт. Қазір бізге жастық шақ бітпейтін өмір кезеңі болып көрінуі мүмкін. Бірақ, албырт жастықтың да дәурені өтеді. Ересектерше темекі тартып, шарап ішіп, ойнап-күлгің келеді. Есіңде болсын, бұлардың ләззаты – уақытша, ал залалы – өмір бойы. Бір сәттік ләззат үшін бүкіл өміріңді қор етпексің бе?

Табандылық таныт. Тіпті ең табысты адамдар да әрдайым жетістікке жете бермейді. Егер табандылық танытып, одан сабақ алып, ары қарай жылжи алсаң, бұдан да биік шыңды бағындырасың.  

Барлық адамға ұнауға тырыспа. Өміріңде сен ұнатпайтын немесе сені жақтырмайтын адамдарды кездестіресің. Бұл – қалыпты жағдай. Ең бастысы өз қалпыңнан таймай, мақсатқа жету.

Ізденуді тоқтатпа. Беделді мектепті немесе жоғары оқу орнын бітіру қандай бір деңгейде ортаңда беделге ие болуға көмектесуі мүмкін. Бірақ ізденуді тоқтатсаң, мұның бәрі түкке тұрғысыз.

Мүмкіндіктеріңді шектеме. Адамның мүмкіндігі шексіз. ШЕКТЕУ ТЕК МИЫҢДА ҒАНА. Кез келген мамандық иесі бола аласың, кез келген кәсіпті үйрене аласың, кез келген тілде сөйлей аласың.

Адамдармен қарым-қатынасыңды түзе. Ортаң, араласатын адамдарың сенің өмірлік көзқарасыңа, қағидаларыңа және мақсаттарыңа әсер етеді.

Шындықты биік ұста. Өтірік және жағымпаздық – адамдармен қарым-қатынас құрудың ең нашар тәсілдері.

Өмірлік ұстанымың, Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айпақшы – «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» болуы керек.
61 views15:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 15:05:58 ЖОО-ға түсетіндерге маңызды даталар

Грант конкурсына құжат қабылдау:
13 - 20 шілде аралығы

Шығармашылық емтихан тапсыру уақыты:
8 - 12 шілде аралығы

Педагогика саласына түсетіндерге арналған арнайы емтиханның уақыты:
- Грантқа түсетіндерге 13 шілдеге дейін
- Ақылыға түсетіндерге 24 тамызға дейін

Медицина саласына түсетіндерге арналған психометриялық тестті тапсыру уақыты:
13 шілдеге дейін

Грант конкурсы нәтижесінің шығу уақыты:
тамыз айында
22 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 14:47:31 Ауыл квотасына балл қосыла ма?

Ауыл квотасына ешқандай балл қосылмайды. Сонда қалай есептеледі?

Барлық гранттардың 70 проценті жалпы конкурспен тағайындалады. Ал қалған 30 проценті ұпай санына қарай ауыл жастарының арасында таратылады. Квотасы бар басқа азаматтар алдымен жалпы конкурсқа қатысады. Одан өтпесе, квоталық гранттарға таласады. Онда да ҰБТ-ның ұпай саны ескеріледі.

Мысалға, Айнұр ауыл мектебінің түлегі. Ол таңдаған "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" деген мамандықта ауыл квотасы бар. Және сол мамандыққа жалпы саны 100 грант бөлінді делік.

Грант бөлістірілгенде алғашқы 70 грант ауыл болсын қала болсын, осы мамандықты таңдағандардың ҰБТ балы бойынша алғашқы 70іне беріледі. Ал біздің Айнұр сол алғашқы 70 грантқа ілікпеді.

Бірақ Айнұр грантқа түсті, ол қалай?

Себебі, қалған 30 грантты тек қана ауыл мектебін бітіргендерге таратылады. Яғни, Айнұр 30 гранттың біреуіне ілікті.
Айнұр үшін маңызды: Ауыл квотасы есебінен мемлекеттік грантпен білім алған түлектер оқуларын тәмамдаған соң 3 жыл бойы ауылда жұмыс істеуге міндеті.

Бұл талапты орындамасаң, жазасы да дайын: ауылға барудан бас тартқан маман өзінің білім алуы үшін қазынадан бөлінген қаржыны әр теңге, тиынына дейін санап, мемлекетке қайтаруы тиіс.
27 views11:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 23:08:03 Маңызды ақпарат

4 немесе одан көп кәмелетке толмаған көпбалалы отбасыдан шыққандар үшін жалпы гранттан 5% грант бөлінген.

Көпбалалы отбасыдан шыққаныңыз туралы құжатты ЦОН-нан ата-анаңызбен барып аласыз.

Толық қамтылмаған (кем дегенде 3 жыл) отбасыдан шыққандар үшін жалпы гранттан 1% грант бөлінген.

1,2 топтағы мүгедек асырап жатқан отбасыдан шыққандар үшін жалпы гранттан 1% грант бөлінген.

Шет елде тұратын этникалық қазақ жетім балаларға жалпы гранттан 4% грант бөлінген.

Егер де сіз осы тізімдегілердің біреуіне кіретін болсаңыз, онда ҰБТ-дан жинаған баллыңыз шекті баллғс сәйкес болу керек. Мысалы, 50 баллдан төмен алған болсаңыз, грант конкурсына қатыса алмайсыз. Педагогикаға түсетіндер үшін 75-тен төмен болмауы қажет.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев грант бөлу жүйесі кезінде абитуриенттің академиялық жетістіктеріне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық статусына қарауды да тапсырды.

Педагогикалық ғылымдарға - 9573 грант

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға - 7487 грант

Жаратылыстану ғылымдарына - 4088 грант

Ауыл шаруашылығы ғылымдарына - 1895 грант

Денсаулық сақтауға - 2700 грант

Өнер мен гуманитарлық ғылымдарға - 1615 грант

Бизнес, басқару мен құқыққа - 1223 грант

Әлеуметтік ғылым, журналистика мен ақпаратқа - 960 грант бөлінген.

Оған қоса, Серпін бағдарламасына да гранттар бөлінген.

Ақпарат тікелей орыс тілінен аударылған.

Аударған:Аида
53 views20:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 21:26:29 Жатақханаға өзіңізбен қандай керек заттарды алып бару керек

Тәжірибелі ЕНУ студенттері жатақханаға керекті заттардың тізімін дайындаған.

1. Төсек-орын тысы (бірнеше төсек жиынтығы болған жөн)

2. Ыдыс-аяқ
Жатақханаларда ыдыс-аяқ жоқ, сатып алмау үшін өзіңізбен бірге алыңыз. Тәжірибие бойынша 1-2 табақ жеткілікті, шанышқы, қасық, пышақ, кружка. Сонымен қатар сорпаға аналған кәстрөл, палауға арналған қазан,cковородка(табаға). Айтпақшы, үлкен сковородка(табаға) қазанды алмастыра алады.

3. Тәпішке
Бағыңыз жанып бөлмедегі көршіңіз тазалық сақтаса, тамаша. Бірақ, тазалықтан бұрын, тәпішке жай ғана аяғыңызды жылуда ұстап, ауырып қалмау үшін қажет.

4. Жеке гигиенаға қажетті заттарды салып қоятын қол сөмке
Өз мочалкаңыз, тіс щеткаңыз, душқа арналған гель, сусабын, сүлгі және т.с.с.

5. Ақша (5000-7000)
Сонымен қатар тұрмысқа қажетті шелек, сыпырғы, кіржуғыш ұнтақ пен шәйнекті бірге тұратын руммейтңізбен сатып аласыз.

ШӘЙНЕК ЖАЙЛЫ АЙТПАҚШЫ
Жатақханаларда электр шәйнегін, шырын сыққыштар, блендерлер сияқты тұрмыстық техниканың, сондай-ақ шаш кептіргіштің, бұйралағыштың(плойка) болуына қатаң тыйым салынады (телефон/ноутбуктың зарядкасын алуға болады). Олар тауып алған жағдайда, алып қояды. Қатты қажет болса, көзге көрсетпей қолданасыз:)
Себеп: сіздің кесіріңізден өрт өршігуі мүмкін немесе келісім шартта сондай қағида бар.

Тұрмыстық шпаргалканы қолданып, тыныш өмір сүріңіз.

#полезное_studenu

https://t.me/stud_enu
51 views18:26
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 20:44:36 Педагогика саласына түсетін жандарға арналған емтихан:

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті:
https://docs.google.com/forms/d/1xM73n38I6rE86qjB9JSmw-OJkvt6dKBz5xh8g5LlA50/viewform?edit_requested=true&pli=1

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScnj7IMnGhI6pKonkJKqCCnlQfsLcoQUeZ3GNnfrYnbGqWgjQ/viewform

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті:
https://docs.google.com/forms/u/0/d/1TEneAE7_72Dwa3OLuGGNjo15tGyM7-emcSZIkro0Oww/viewform?edit_requested=true

Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті:
http://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdVtuH4vh-h8CPRUBgyq25juuTz2YL_nfaGBKhENAxaCYZpSQ/viewform

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті:
http://talapker.okmpu.kz/

Дерек:Аида
73 views17:44
Ашу / Түсініктеме