Get Mystery Box with random crypto!

SLIV/Quiz

Telegram арнасының логотипі slivquiz — SLIV/Quiz S
Telegram арнасының логотипі slivquiz — SLIV/Quiz
Арна мекенжайы: @slivquiz
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Сотрудничество/реклама: @azamat678

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-07-13 11:34:35 Офлайн құжат тапсыруға бола ма?

БҒМ жауабын айтты

Білім және Ғылым министрлігінің ресми мәлімдемесі:

«Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.

Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.»

Яғни, университетке барып құжат тапсыра алмайсыз.

Бірақ университеттердің қабылдау комиссиялары ВИРТУАЛДЫ жұмыс жасайды.

ZOOM арқылы хабарласып, олардан көмек ала аласыз.

Бұл туралы толық МЫНА видеода айттық.
29 views08:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 10:15:59 Қазақстандағы бүкіл университеттің әр мамандыққа өздері қойған шекті ұпайлары

Поиск арқылы өз мамандығыңыздың кодын жазып, шекті баллын таба аласыз.

Источник: testcenter
49 views07:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 08:06:40 ​ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 16 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛАДЫ

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталады. Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.

Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады. Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тапсыруы қажет.

Егер талапкер "Алтын белгі" иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай артықшылықтар қарастырылған. Талапкерлердің мұндай жетістіктерінің ескерілуі үшін құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші сертификаттың атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

Сонымен қатар биыл білім беру гранттарын бөлу кезінде ҚР БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді. Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті.

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген.

ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер Ұлттық жоғары оқу орындарына түсе алады. «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына - кемінде 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Дерек:ҚР білім және ғылым министрлігі
58 views05:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 14:59:38 Белгілі бір мамандықты бітіргеннен кейін кім болып жұмыс істеймін?

Осы сарынды сұрақтардан кейін мамандықтар жайлы видео түсіруді ұйғардық.

Ақпараттық технологиялар (програмист)




Жалпы медицина




Архитектура




Туризм




Ақпараттық қауіпсіздік




Стоматолог




Аудармашы




СЭС




Менеджмент




Журналист




Құқық




Фармация




Логистика




Ұшқыш




Шығармашылық




Алтын белгі туралы


7 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 14:02:39 Тағы да еске салу!

Грант конкурсына құжат тапсыру:
13-20 шілде аралығы

Нақты ақпаратты Testcenter инстаграм ресми парақшасынан көре аласыз. Онлайн тапсыратын болсаңыз, Egov сайты арқылы, ал оффлайн тапсыратын болсаңыз, өз қалаңыздағы университеттің приемная комиссиясына барып тапсырасыз.

Грант конкурсының нәтижесі:
10-15 тамыз аралығы

Облыс әкімі грант конкурсына құжат тапсыру:
5-10 тамыз аралығы

Тамыз ақылы ҰБТ-ға өтініш беру:
15-30 шілде аралығы

Тамыз ақылы ҰБТ мерзімі:
10-20 тамыз аралығы

ЖОО-ға барып орналасу, құжат тапсыру:
10-25 тамыз

ҰБТ нәтижелерін тексеріс уақыты 25 тамызға дейін аяқталады. Наурыз айындағы нәтижеден нағыз ҰБТ-да 20+ прогресс жасаған тест тапсырушыларды тексеру үстінде.
22 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 13:39:45
Астаналықтар көмек керек болып жатыр
Сіздің көмегіңіз бір адамның тағдырын шешуі мүмкін.
33 views10:39
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 10:01:48 Грантпен оқуға түсіп, оқуды аяқтаған соң 3 жыл мемлекетке сол оқыған мамандығыңыз бойынша жұмыс істеуге міндеттісіз. Себебі, оқуға түсерде сіз ЖОО-мен келісім-шартқа отырасыз. Сол үшін мамандықты дұрыс таңдаңыздар. Егер де "ол мамандықпен жұмыс істемеймін" десеңіз, бүкіл оқыған жылыңыздың ақысын сол университетке қайтаратын боласыз.

Қандай жағдайда міндеттен босатыласыз?
1. Егер де оқу аяқтамай, қыздар тұрмысқа шығып кетіп, аяғы ауыр болса;
2. Егер де оқу аяқтамай, 3 жасар баланың анасы атанса;
3. Егер де магистратура оқимын деп оқу жалғастырсаңыз босатыласыз (пункт 17, статья 47)

Егер сіз 3 жыл грантта оқып, соңғы жылы ақылы бөлімге ауысып кетсеңіз, оқу аяқтаған соң тегін оқыған жылыңыздың ақысын қайтарасыз немесе жұмыс істеп, өтейсіз.

Ауылдық квотамен грантқа түскендер де, оқу аяқтаған соң ауылға оралып, 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Серпінмен грантқа түскендер де, оқу аяқтаған соң, сол өңірде қалып, 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Олар тіпті сіздерді өздері жұмысқа орналастырып, баспана тауып береді, ал сіз айлығыңызды алып, 3 жыл жұмыс жасап жүре бересіз. Магистратура оқимын десеңіз босатыласыз.
193 views07:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 09:33:31 «Серпін» жобасы  – қандай жоба?

«Серпін» жобасы – жұмыс күші артық өңірлерден шыққан ауыл жастарына жоғары білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба.

Бұл жоба кімдерге арналған?

Жұмыс күші артық өңірлердің:
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының ауыл жастарына, ауылдық елді мекендердегі мектептердің түлектеріне арналған.

«Серпін» жобасы бойынша қандай өңірлердің жоғары оқу орындары ұсынылады?

Жоба бойынша қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған мына өңірлердегі жоғары оқу орындары ұсынылады:

1. Солтүстік Қазақстан облысы;
2. Қостанай облысы;
3. Павлодар облысы;
4. Шығыс Қазақстан облысы;
5. Қарағанды облысы;
6. Ақмола облысы.

2021-2022 оқу жылына «Серпін» жобасы бойынша қанша білім гранты бөлінген?

Биыл 5156 грант бөлінді

«Серпін» жобасы арқылы оқуға қалай өтініш береді?

Жалпы грант конкурсына құжат тапсырғанда 4 таңдаудың бір немесе бірнеше таңдауын серпінмен тапсыра аласың.

Оқуды аяқтаған соң сол өңірде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттісіз

"Серпін-2050" бағдарламасына қатысатын 20 университет:

1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет (ВКАУ)
2. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (АРГПИ)
3. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті (ППУ)
4. Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті
5. Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
6. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
7. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
8. Рудный индустриалдық институты
9. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
10. Шәкәрім атындағы Семей қаласы университеті
11. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті
12. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
13. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті
14. Атырау мұнай және газ институты
15. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
16. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
17. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
18. О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
19. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
20. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
54 views06:33
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 23:52:06


Достар осы видеоға лайк басып,комментария жазып жіберсеңіздер.Алдын-ала рахмет
2 views20:52
Ашу / Түсініктеме