Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 20

2022-04-28 18:55:23 Есімде он бірінші сыныпта физика ағай "ертең кім боласың?" деп сұрады.

"Адам болғым келеді" дедім.

Өмірде идеальный адам жоқ. Бар болса оны біз әулиелікке көтеріп адамдықтан алыстатып жібердік.

Меніңше өмір дегеннің өзі идеалдыққа ұмтылу сияқты. Иә, ешқашан жетпейтін точка. Бірақ күн сайын соған ұмтыласың. Күн сайын кешегіден де жақсырақ, білімдірек болуға тырысасың.

Тек сенің идеалды адам бейнесі басқаныкімен сай келмейтіні тағы бар. Сен талпынған толық адамның образы басқа біреуге мүлде жат.

Сол үшін неге ол мен ұмтылғанға, неге мен жеткім келгенге ол да ұмтылмайды деу сәл қисық түсінік.

Иәәә, білем мен өзіме қарсы сөйлеп отырмын. Бірақ дұрысы осы. Сонда да кейде, "ех, мыналар неге мен сияқты емес, неге олай істейді" деп қынжылатынын тағы бар. Ол сондай. Сенің ішкі әлемің мен қоғамның қайшылығы.

Сырты әлем ол сенің ішкі дүниеңнің еселеп үлкейтілген көрінісі ғана. Егер әлем сұрланып кетсе, бәрі тұнжырап тұрғандай, адамның бәрі қатігез сияқты сезілсе алдымен өзіңмен жұмыс істе. Ішкі дүниеңді дұрыста. Ішіңе сәуле түсір. Жаныңды тазала. Ішкі әлемің жарқыраған сәттен күнде күліп шыққандай, адамдар да мейірімді бола түскендей көріне бастайды.

Солай, Джони
52 views15:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 18:30:32 "Естеліктердің ғана сақтау мерізімі жоқ"
138 views15:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 14:12:03 Неге екенін, әйтеуір, Торғайдың, Арқалықтың қазақтары маған жылы шырайлы көрінеді. Бір бүйрегім бұрылып тұрады.
121 viewsedited  11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 18:07:11 Бүгін футболға ставка тігіп, түнде мешітке барып "ставкам шықсың" деп тілейтін түн екен - дит


#Қадіртүн
18 views15:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 19:08:52 13 баптан тұратын «Тұңғыш президент – Елбасы туралы конституциялық заң» жойылады. Конституцияны реформалау жөніндегі комиссияның мүшесі Ермек Әбдірасылов айтты. Ол бұдан былай Назарбаевтың отбасы мен балаларына жауаптан құтқаратын артықшылықтар, имунитеттер енді болмайды, тиіспеушілік құқықтары түгел алынады дейді. Әбдірасылов «Өзі таза, адал болса мынадай иммунитеттің не керегі бар?» деп «таң қалып» отыр. Нартайдың төмендегі сұхбатын тыңдасаңыздар конституцияның реформасы жөнінде біраз нәрсе айтылыпты.

Еске сала кетейік, Қазақстан конституциясына «Елбасы» деген сөз бен айрықша статус 2010 жылы енгізілген. Арнайы заң қабылдаған. Оған Назарбаевтың өзі «керек емес» деп «қарсы болған» және қол қоймады. Сол кездегі сенат спикері Тоқаев, мәжіліс спикері Мұхамеджанов пен премьер-министр Мәсімов қол қойды да, қабылдатып жіберді. Қазір бұл үштіктің біріншісі – Ақордада, үшіншісі – абақтыда. Ал «Елбасы» зейнетте.

Нұрбек Түсіпхан
158 views16:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 08:08:58 Мектепте тоғыздан кейін оқуға кету жаман емес. Тек ол адамның мұғалім және молда болуы жақсы емес.

Өзі сүйретіліп жүріп тоғыз сыныпты әрең аяқтаған адамнан, қандай ұлт ұстазы мен білімді имам шықсын?!


#Иванғалия
271 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 10:47:16 Телеграмның каефы сенің қарашада жазған жазбаңа сәуірде біреу пікір жазып жатқаны.

#Иванғалия
69 views07:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 05:49:29 Бір кеңістікте әйтеуір алға жылжи бересің. Әр таң сайын кешегіден де қартайып оянасың. Әр таң сайын мыңдаған жасушаң өліп енді тірілмейді.

Организм күн сайын өлімге жақындай береді.

Әйтеуір бір финишке бәріміз асығамыз. Ол да менде.

#Иванғалия
135 views02:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 07:15:04 Қартайғанда адам соқа басы сопайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Бауыржан Момышұлы
91 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 06:40:36 "Ақыреттік құрбым" кеше оқыған ең күшті сөз.

Почему бы и нет?

#хаха
121 views03:40
Ашу / Түсініктеме