Get Mystery Box with random crypto!

Shuakh

Telegram арнасының логотипі shuakh — Shuakh S
Telegram арнасының логотипі shuakh — Shuakh
Арна мекенжайы: @shuakh
Санаттар: Маркетинг
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.47K
Арнадан сипаттама

🔹 SMM-мен басталып, жайлап жеке күнделігіме айналып келе жатқан канал❤️
🔹Біздің парақшалар:
https://instagram.com/shuakh?igshid=1tm1j3a7oipyc ;
https://instagram.com/shuaq_smm_sc

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-04-13 20:05:52 Құрметті, вебинардан келген ханымдар! Бонус сабақты жібереміз Күте тұрыңыздар!
787 views17:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 20:08:28 Кімде табыс жоқ, айтыңыздаршы? Кімде жұмыс жоқ, сол адамда, иә. Ал кімде жұмыс жоқ мына заманда? Тек ізденбейтін адамда.

"Табыс көп, просто қолыңды созшы!" десең, сабағын сатқалы тұр ма деп, бірден ішін жия қалады көпшілік. Ал сабақ сатылса - мүмкіндік ұсынылып деген сөз ғой, бұл менің мүмкіндігім деп жабысу қайда? Ал ақша керек, жұмыс жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге шеберміз. Оқып алып, істесейші-ау?

Опшым ше, жұмыс көөөөп ше онлайнда. Бір басымды екеу ете алмай, екі қолымды төртеу ете алмай жүрем. Еще бүкіл команда жабылғанда бұйырған жұмысты істеп үлгермейміз ғой. Онлайндағы барлық әріптестерімнің, блогерлердің көрген күні осы. Қай-қайсы да сұранысты игере алмай арқа еті арша, борбай еті борша боп жүр. Себебі, тындырымды, сауатты маман жоқтың қасы.

Мысалы, міне, дәл қазір жеті түнде клиентке ертеңге сториз линиясын жазуым керек. Командадағы бір проджект өз жобасында сатылым ашқалы жатыр, екіншісі клиентпен әлек, үшіншісі менің презентациямды толықтырып отыр (Вебинардың).

Енді дәл қазір маған прогрев, сториз сценарийін білетін маман ауадай қажет, ол нарықта жоқ.

Продюсерлік сабақтарды отырып өзім жазуым керек, теманы ұғып, аудиомнан презентацияға тезистер жазып беретін маман жоқ. Просто жоқ. Сондықтан өзім отырам(

Клиентпен кітап бастап жатырмыз, посттарын қарап, кітап мазмұнына сай тақырыптар бойынша топтап, редактураны қолға алатын редактор жоқ.

Өз кітабымның дайын тұрған материалдарын бір қарап, методологиясын жүйелей беретін адам жоқ.

Оффлайн курсымның дайын материалдарын сабаққа дайындай беретін менеджер жоқ

Күнде SMM, продюсерлікке өтініш қалдырып жатқан адамдарғы әйтеуір бір қызмет түрін ұсынып, клиентке айналдыратын, оған көмек, бізге табыс жасайтын маман жоқ. Оларға менің қолым тимегендіктен, "дәс-дәс" уақыт жоқ деп отыра береміз)

Жанымды кіргізіп жеке жұмыстарымды тып-тинақтай қып отыратын ассистентке де зәрумін ғой мен бейбақ (Енді бір адам тапсам, команда тартып алып қоя береді, ол жақта да жұмыс бастан асып жатыр)

Мұның бәрі нарықта ауадай қажет копирайтер, smm, контентмейкер, сторизолог, мобилограф, продюсерден бөлек, бірақ шылқылдатып тұрып табыс тауып отыруға болатын жұмыстар ғой. Кішкене ізденсең кез келген блогер, кез келген экспертке қажет.

Уот, енді ойлаймын, неге біреулер жұмыс таба алмай жүреді? (Өзімнің неге отказ беретінім есіме түсті, көбіне талаптанбайтын, тек ақша үшін қызмет ететін, құндылығымыз сәйкес келмейтіндерді қайратады екем).

Сіз қалай ойлайсыз? Онлайн нарықта жұмыс аз ба?

Ертең SMMщик вебинары, айтпақшы.
1.1K viewsedited  17:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 10:16:15 Жылап-еңіреуге уақыт жалко болсыншы!
Мың жерден аффирмация-визуализация жасасаң да, төтеніңді көтермей, боқ та жоқ.
Құр қиялды нақты мақсатқа айналдыру - өміріңе мән беру. Сонда ырбыңдап жылауға, құрбан боп еңіреуге уақытың болмайды. Проблема шықты ма - шешесің, езіліп отыруға минуттарыңды қимайсың, ана мақсатқа кетіп барасың ғой.

Қазіргі өмірің және өзің - өз таңдауың.
Семіз болсаң, дұрыс тамақтанбайсың, спортпен айналыспайсың. Ағылшынша білмесең, үйренбегенсің. Бастығың айқайласа - үндемей көніп жаман үйреткенсің де!

Өмір әрдайым әділетті емес. Бұл сынақ па, тағдыр ма, не де болса, сен жеңілетін кездер болады.

Бақытты болуыңа тек өзің жауаптысың. Біреу кеп басыңа күн орнатады деп күтпеші! (Әркім өзімен әуре. Никому не до тебя)

Елдің бәрі сен сияқты ойламайды. Жалпы әркімнің өз ойы бар. Саған сұмдық маңызды боп тұрған нәрсе басқаға құны бес тиын шығар. Және бұл үшін оған ренжи алмайсың.

"Бұл адам басқаша болса ғой, шіркін" деп ойлау - жаныңды ауыртады, көңіліңді қалдырады. Біреуді өзгерткің келіп, "жақсылық жасауды" неғұрлым ертерек қойсаң, солғұрлым өзіңе жақсы.

#тұлға
1.5K viewsedited  07:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 09:54:57
1.3K views06:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 09:53:51 Кеше жоспарымды жазып, жадырап-жайнап-ақ отырғанмын. Бірақ, күн көңілсіз басталды.
Маған ең қатты әсер ететін нәрсе - әйелдердің соққыға жығылатыны. Прям қатты реагировать ететінімді байқаймын. Өзім мұндайды өмірі көрмесем де, жаным шырқырап кетуінің себебі бар.
Біріншіден, мына заманда әйелдің таяқ жеуі деген норма емес! Әлсіз әйеліне жұдырық ала жүгіретән еркектердің дамуы тоқтап қалған. Олардан бәрін күтуге болады. Олар - қауіпті.
Екіншіден, баяғыда дүниеден өтіп кеткен пәленінші әжелерім таяққа жығылған шығар бәлкім. Туған әжем ерке әйел болған. Нағашы әжем қатаң тәртіпте өскен, қиындық көрген адам. Бәлкім сол жақтан ба...

Қысқасы, әйелді ұрып-соғу десе жаным түршігеді. Өкінішке қарай, сыртқа білінбегенмен, үйінде жуан жұдырықтан зорлық көріп жүрген замандасым көп екен. Тіпті өз оқырмандарым ішінде де бар

Бүгін күйеуі ұрғанда құлағының барабаны жарылып кеткен келіншектің хатын оқып, көңілім босады. "Тұлғалық даму" курсынан соң өзгеріс болды дейді. Бірақ, біз тек өз басымызға жауаптымыз. Бір рет ұруға арланбаған адам, тағы қол көтере ме деп қорқам... Дегенмен, өзің өзгерсең - әлемің өзгеретініне осындай хаттар дәлел...

Қайтеміз, қыздар? Әйелді ұру дегенді қалай түп- тамырымен жоямыз?
1.3K views06:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 11:25:40 Соңғы кездері өзіме жыным кеп жүр. Осы бір кішкене каналымды адам сияқты жүргізе алмадым ғой . Контент план жазам, ол жайын қалады. Жазам, жайына қалад. Әлде контент жоспарынсыз, просто мойныма қойып жүргізсем бе екен?

Былтыр Инстаграмда күнде пост жазам деп челлендж бастап, тілім салақтап қалып едім ғой))

Бірақ мұнда олай болмайды. Себебі бұл телеграм десең)) Жоқ, жазғым келмесе өзімді қинамай қояр едім. В том то и дело, бұл каналды жүргізу жан қалауым боп тұр ғой. Ал жан қалауыма уақыт таппауым - ішкі конфликтке ұшыратып жүр.

Каналдағы адамдар азайып қалыпты еще. Бірақ мен бір адам қалса да, тіпті ешкім қалмаса да жазам. Баяғыда Инстаграмда блог бастағанда осындай ұраным бар еді. "Бір адам үшін жазсаң да жаз!" деген)
1.3K views08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-03-03 21:36:51 Кім ұйықтай алмай жатыр? Күндіз шапқылаудан қол босамай, түнде жаңалық оқып, әлемде не боп жатқанынан хабар алам... Басты қарайтыным сол, Украина жағдайы. Жиырма бірінші ғасырда осындай абсурд себептермен, бүкіл әлемнің көзін бақырайтып тұрып қоныштан басқан соғыс болады деп ойламаппын.
Енді соғыс болса, бөгде ғаламшарлықтармен болатын шығар деп жүрмін ғой мен бейбақ( Тап іргеміздегі қып-қызыл қырсықтан шығатынын қайдан білейін.
Қорқынышты...
1.9K viewsedited  18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 18:18:54 Достар,

https://start.bizon365.ru/room/shuaq_production/projectman

вебинарға қосылыңыздар
2.1K views15:18
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 18:16:24
1.9K views15:16
Ашу / Түсініктеме