Get Mystery Box with random crypto!

Кеше жоспарымды жазып, жадырап-жайнап-ақ отырғанмын. Бірақ, кү | Shuakh

Кеше жоспарымды жазып, жадырап-жайнап-ақ отырғанмын. Бірақ, күн көңілсіз басталды.
Маған ең қатты әсер ететін нәрсе - әйелдердің соққыға жығылатыны. Прям қатты реагировать ететінімді байқаймын. Өзім мұндайды өмірі көрмесем де, жаным шырқырап кетуінің себебі бар.
Біріншіден, мына заманда әйелдің таяқ жеуі деген норма емес! Әлсіз әйеліне жұдырық ала жүгіретән еркектердің дамуы тоқтап қалған. Олардан бәрін күтуге болады. Олар - қауіпті.
Екіншіден, баяғыда дүниеден өтіп кеткен пәленінші әжелерім таяққа жығылған шығар бәлкім. Туған әжем ерке әйел болған. Нағашы әжем қатаң тәртіпте өскен, қиындық көрген адам. Бәлкім сол жақтан ба...

Қысқасы, әйелді ұрып-соғу десе жаным түршігеді. Өкінішке қарай, сыртқа білінбегенмен, үйінде жуан жұдырықтан зорлық көріп жүрген замандасым көп екен. Тіпті өз оқырмандарым ішінде де бар

Бүгін күйеуі ұрғанда құлағының барабаны жарылып кеткен келіншектің хатын оқып, көңілім босады. "Тұлғалық даму" курсынан соң өзгеріс болды дейді. Бірақ, біз тек өз басымызға жауаптымыз. Бір рет ұруға арланбаған адам, тағы қол көтере ме деп қорқам... Дегенмен, өзің өзгерсең - әлемің өзгеретініне осындай хаттар дәлел...

Қайтеміз, қыздар? Әйелді ұру дегенді қалай түп- тамырымен жоямыз?