Get Mystery Box with random crypto!

Жылап-еңіреуге уақыт жалко болсыншы! Мың жерден аффирмация- | Shuakh

Жылап-еңіреуге уақыт жалко болсыншы!
Мың жерден аффирмация-визуализация жасасаң да, төтеніңді көтермей, боқ та жоқ.
Құр қиялды нақты мақсатқа айналдыру - өміріңе мән беру. Сонда ырбыңдап жылауға, құрбан боп еңіреуге уақытың болмайды. Проблема шықты ма - шешесің, езіліп отыруға минуттарыңды қимайсың, ана мақсатқа кетіп барасың ғой.

Қазіргі өмірің және өзің - өз таңдауың.
Семіз болсаң, дұрыс тамақтанбайсың, спортпен айналыспайсың. Ағылшынша білмесең, үйренбегенсің. Бастығың айқайласа - үндемей көніп жаман үйреткенсің де!

Өмір әрдайым әділетті емес. Бұл сынақ па, тағдыр ма, не де болса, сен жеңілетін кездер болады.

Бақытты болуыңа тек өзің жауаптысың. Біреу кеп басыңа күн орнатады деп күтпеші! (Әркім өзімен әуре. Никому не до тебя)

Елдің бәрі сен сияқты ойламайды. Жалпы әркімнің өз ойы бар. Саған сұмдық маңызды боп тұрған нәрсе басқаға құны бес тиын шығар. Және бұл үшін оған ренжи алмайсың.

"Бұл адам басқаша болса ғой, шіркін" деп ойлау - жаныңды ауыртады, көңіліңді қалдырады. Біреуді өзгерткің келіп, "жақсылық жасауды" неғұрлым ертерек қойсаң, солғұрлым өзіңе жақсы.

#тұлға