Get Mystery Box with random crypto!

Кімде табыс жоқ, айтыңыздаршы? Кімде жұмыс жоқ, сол адамда, иә | Shuakh

Кімде табыс жоқ, айтыңыздаршы? Кімде жұмыс жоқ, сол адамда, иә. Ал кімде жұмыс жоқ мына заманда? Тек ізденбейтін адамда.

"Табыс көп, просто қолыңды созшы!" десең, сабағын сатқалы тұр ма деп, бірден ішін жия қалады көпшілік. Ал сабақ сатылса - мүмкіндік ұсынылып деген сөз ғой, бұл менің мүмкіндігім деп жабысу қайда? Ал ақша керек, жұмыс жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге шеберміз. Оқып алып, істесейші-ау?

Опшым ше, жұмыс көөөөп ше онлайнда. Бір басымды екеу ете алмай, екі қолымды төртеу ете алмай жүрем. Еще бүкіл команда жабылғанда бұйырған жұмысты істеп үлгермейміз ғой. Онлайндағы барлық әріптестерімнің, блогерлердің көрген күні осы. Қай-қайсы да сұранысты игере алмай арқа еті арша, борбай еті борша боп жүр. Себебі, тындырымды, сауатты маман жоқтың қасы.

Мысалы, міне, дәл қазір жеті түнде клиентке ертеңге сториз линиясын жазуым керек. Командадағы бір проджект өз жобасында сатылым ашқалы жатыр, екіншісі клиентпен әлек, үшіншісі менің презентациямды толықтырып отыр (Вебинардың).

Енді дәл қазір маған прогрев, сториз сценарийін білетін маман ауадай қажет, ол нарықта жоқ.

Продюсерлік сабақтарды отырып өзім жазуым керек, теманы ұғып, аудиомнан презентацияға тезистер жазып беретін маман жоқ. Просто жоқ. Сондықтан өзім отырам(

Клиентпен кітап бастап жатырмыз, посттарын қарап, кітап мазмұнына сай тақырыптар бойынша топтап, редактураны қолға алатын редактор жоқ.

Өз кітабымның дайын тұрған материалдарын бір қарап, методологиясын жүйелей беретін адам жоқ.

Оффлайн курсымның дайын материалдарын сабаққа дайындай беретін менеджер жоқ

Күнде SMM, продюсерлікке өтініш қалдырып жатқан адамдарғы әйтеуір бір қызмет түрін ұсынып, клиентке айналдыратын, оған көмек, бізге табыс жасайтын маман жоқ. Оларға менің қолым тимегендіктен, "дәс-дәс" уақыт жоқ деп отыра береміз)

Жанымды кіргізіп жеке жұмыстарымды тып-тинақтай қып отыратын ассистентке де зәрумін ғой мен бейбақ (Енді бір адам тапсам, команда тартып алып қоя береді, ол жақта да жұмыс бастан асып жатыр)

Мұның бәрі нарықта ауадай қажет копирайтер, smm, контентмейкер, сторизолог, мобилограф, продюсерден бөлек, бірақ шылқылдатып тұрып табыс тауып отыруға болатын жұмыстар ғой. Кішкене ізденсең кез келген блогер, кез келген экспертке қажет.

Уот, енді ойлаймын, неге біреулер жұмыс таба алмай жүреді? (Өзімнің неге отказ беретінім есіме түсті, көбіне талаптанбайтын, тек ақша үшін қызмет ететін, құндылығымыз сәйкес келмейтіндерді қайратады екем).

Сіз қалай ойлайсыз? Онлайн нарықта жұмыс аз ба?

Ертең SMMщик вебинары, айтпақшы.