Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы кездері өзіме жыным кеп жүр. Осы бір кішкене каналымды а | Shuakh

Соңғы кездері өзіме жыным кеп жүр. Осы бір кішкене каналымды адам сияқты жүргізе алмадым ғой . Контент план жазам, ол жайын қалады. Жазам, жайына қалад. Әлде контент жоспарынсыз, просто мойныма қойып жүргізсем бе екен?

Былтыр Инстаграмда күнде пост жазам деп челлендж бастап, тілім салақтап қалып едім ғой))

Бірақ мұнда олай болмайды. Себебі бұл телеграм десең)) Жоқ, жазғым келмесе өзімді қинамай қояр едім. В том то и дело, бұл каналды жүргізу жан қалауым боп тұр ғой. Ал жан қалауыма уақыт таппауым - ішкі конфликтке ұшыратып жүр.

Каналдағы адамдар азайып қалыпты еще. Бірақ мен бір адам қалса да, тіпті ешкім қалмаса да жазам. Баяғыда Инстаграмда блог бастағанда осындай ұраным бар еді. "Бір адам үшін жазсаң да жаз!" деген)