Get Mystery Box with random crypto!

Алматылық оқушы әлем университеттерінен шақырту алды! Алматыл | Жаңалықтар 🇰🇿

Алматылық оқушы әлем университеттерінен шақырту алды!

Алматылық оқушы Кибриянұр Абдугафарова әлемнің іргелі университеттерінен шақырту алды. Енді ол АҚШ-тағы Ричмонд және Дрексель, Канададағы Британдық Колумбия және Оңтүстік Кореядағы КАИСТ университеттерінің қай-қайсында да оқи алады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Кибриянұрдың нақты ғылымға деген қызығушылығы бала кезден басталады. Математиканы жақсы көрген ол, кейін келе физиканы да ерекше зейін сала оқиды. Ал, жоғары сыныпта химия пәнімен танысқан соң, болашағын осы ғылыммен байланыстырамын деп шешеді. "Химия өте қызықты әрі таңғаларлық ғылым. Күрделілігі де бар. Әр тапсырманы орындаған сайын, жаңа білімді меңгересің. Тағы бір қызығы, мұнда формула жаттаудың қажеті жоқ. Логикалық ойлау арқылы есепті шешесің", – деді 12-сынып оқушысы Кибриянұр Абдугафарова.