Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.70K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 22

2022-04-05 16:07:01
"ҰБТ қажет емес". Мектеп түлектерінің шетелде оқуына 10 мүмкіндік

ҰБТ тапсырмай-ақ шетелдегі жоғары оқу орнына түсуге болады. Мұндай мүмкіндікке ауқатты отбасынан шыққан студенттер ғана емес, оқуда табандылық танытып, жетістікке жеткен әрбір адам қол жеткізе алады. Егер сізде шетелде оқу мақсаты болса, оған орта мектепте дайындалу керек.

Informburo.kz мектеп түлектерінің білім алуына арналған шетелдік оқу бағдарламаларының топтамасын ұсынады.

ОҚУ https://bit.ly/3x6Y2oK
22.4K views13:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 05:00:55
Тоқаев:

— Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі. Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады
19.5K views02:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-01 05:20:29
16.7K views02:20
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 15:31:51
Белгілі спортшы, марафоншы Марат Жыланбаев Екібастұз мәслихатының депутаты болған кезінде алған алтын төсбелгісін сататынын мәлімдеді.

Салмағы 6 грамм болатын 375-сынамадағы төсбелгіні 100 мың теңгеге бағалаған. Сөзінше, депутаттарға алтын төсбелгі тағуға болмайды екен. Алайда 2003 жылы қала әкімдігі 17 депутатқа алтын төсбелгі беріпті.

Сатылым туралы хабарламаны Марат Жыланбаев әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырды. Қазір төсбелгінің еш қажеті жоқ екен. Жазба астына пікір білдіргендердің бірі спортшыға «Депутаттық орын қоса беріле ме?» деген сауал қойған.

«Қазақстанда барлығын сатып алуға болады: депутаттық орынды, орден мен лауазымды да», - деді ол
17.4K views12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-03-28 15:56:44
Депутаттардың қазақ тілін үйренуі үшін бюджеттен 27 млн теңге бөлінбек

Мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін депутат Наталья Дементьева журналистер алдына шығып, осы мәселе бойынша пікірін айтты.

Түсінбедім?
17.1K views12:56
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 07:06:55
2022 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 2 сәуір алғашқы күні болса, 1 мамыр соңғы күні. 2 мамырда ораза айты басталады. Сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түн – Қадір түні. Пітір садақа мөлшері – 500 теңге.

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

Төменде облыс орталықтары мен ірі қалалар бойынша ораза кестесін ұсынып отырмыз https://bit.ly/3Dbsjnn
19.9K views04:06
Ашу / Түсініктеме
2022-03-23 11:35:47
Қазақстан мұнай экспортын қай бағыттар арқылы ұлғайтады?

Новороссийскте қатты дауыл болып, желдің жылдамдығы 35 м/с-қа дейін жетті, бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер етті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Қазіргі уақытта министрлік пен Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша консультация өткізіп жатыр.
18.8K views08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-03-20 09:32:20
Ресейде YouTube бұғатталуы мүмкін

Роскомнадзор Ресейде өткен аптада YouTube-ті бұғаттауы керек еді, бірақ Instagram-ның бұғатталуына байланысты шешім кейінге қалдырған болатын. Сондықтан бейнехостингке шектеу жақын күндері, бәлкім, бүгін де болуы мүмкін.

"Келесі аптаның соңына қарай YouTube бұғатталады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Осы аптада бұғатталуы керек еді, бірақ Instagram бұғатталатын болғандықтан шешім кейінге қалдырылды", - деді дереккөз.

Сонымен бірге, ақпарат беруші бөгет бүгін де орын алуы мүмкін екенін айтты. Ведомство Роскомнадзордан ақпаратты растауды сұрады.

11 наурызда желі қолданушылары ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыруға рұқсат бергендіктен, Ресейде Instagram-ға кіруге шектеу қойылды. 14 наурыздан бастап әлеуметтік желі толығымен бұғатталды. Наурыз айының басында Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа кіруді шектегеніне жауап ретінде Facebook-ті бұғаттады.

12 наурызда YouTube ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарын бұғаттай бастады.
19.1K views06:32
Ашу / Түсініктеме
2022-03-18 11:12:50
"Antares Platinum" компаниясы Еуразиялық банк алдындағы қарызын өтеуден жалтарып жүр

Еуразиялық банктің 2018 жылдан бері проблемалық борышкеріне айналған "Antares Platinum" компаниялар тобы банк алдындағы қарызын өтеуден жалтарып жүр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Еуразиялық банк Тарасов мырзаның иелігіндегі компанияларға несие желісін берген болатын. Ал 2020 жылғы желтоқсаннан бастап қарыз алушыға сыйақы мен өсімпұл есептеуді тоқтатқан еді.

Компаниялар тобының заңгері Виктория МЕЛЕНЦОВА "Antares Platinum" компаниялар тобының банк алдындағы қарызы 19 миллиард теңгені құрайтынын хабарлады. Компания үшін бұл соманы ауыр және тым қомақты деп санайды.

Мақала жалғасын оқу
16.2K views08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-03-17 12:38:21
Берік Уәли ШҚО әкімі болып тағайындалды деген ақпарат тарады.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарламаға жауап берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл - фейк», - деп жауап берді Ақорда.
14.5K views09:38
Ашу / Түсініктеме