Get Mystery Box with random crypto!

Саяси Шолу

Telegram арнасының логотипі qazaq_new — Саяси Шолу С
Telegram арнасының логотипі qazaq_new — Саяси Шолу
Арна мекенжайы: @qazaq_new
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.83K
Арнадан сипаттама

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер мен саясаттану ғылымдарының докторынан саясат туралы пайымдар. Қазақстандағы саясаттың шын мәнінде қандай екенін түсіндіремін.

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-07-02 20:04:26
ЛРТ-ның құрылысы жалғасатын болды

Атышулы ЛРТ құрылысы қайта жанданады. Тек жоба біршама оңтайландырылған көрінеді.

18 станцияның 8-і ғана қалған. Жоспарланған 19 жылжымалы құрамның бесеуі ғана жүрмек. Осының есебінен жобаны аяқтауға қажетті қаражат 1 млрд доллардан 577 миллионға дейін түсіпті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Қала басшысының айтуынша, жобаның болашағына қатысты 400-ден астам ұсыныс түскен. Оның 51 пайыздан астамы құрылысты аяқтауды ұсынса, 42 пайызы – балама нұсқаларын, 7 проценті жобаны толық бұзуды сұрапты. Халықаралық көлік ұйымдарынан да ұсыныстар түскен көрінеді. Алайда есепсіз кеткен қаржыны ескере отырып, жобаны жалғастыру туралы шешім қабылданған. Егер қаржыландыру тоқтамаса, құрылыс екі жылдың ішінде аяқталып, пайдалануға беріледі. ЛРТ-ны күтіп ұстауға бөлінетін қаржы туралы да айтылған. Бұл қызметке жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 3 млрд теңге бөлінеді.
1.4K views17:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 20:03:45
Тоқаевты Ресейдің командасы жалға алды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаевты "Атыраудан" Ресейдің "Сибиряк" командасы жалға алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен маусымда Тоқаев "Атырау" сапында 40 матчта алаңға шығып, он гол салды.

Еске салайық, 22 жастағы ойыншы Еуро-2022 турнирінде спорттық карьерасындағы ең әдемі голдардың бірін соқты.
1.1K views17:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 21:27:40
Baq.kz: Елде маска режимі қайта енгізілуі мүмкін

Елімізде карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқылайтынын жеткізді.

Айтуынша, республикада әзірге жағдай аса қиындай қойған жоқ.

Вакцинация – ең басты мәселе осы. Әзірге жағдай аса қиындаған жоқ, бірақ науқастардың саны көбейе беретін болса, маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін індет жұқтыру дерегі тіркеліп отырғандықтан, мәселе алға қойылып отыр. Карантиндік шараларды күшейту мәселесін ВАК отырысында талқылаймыз. Тек маска тағу бойынша ғана емес, басқа шараларды да қарастырамыз, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
1.6K views18:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 18:02:33
Түркия Ресейге санкция салудан бас тартты

Түркия президентінің ресми өкілі Ибрагим Калын елдің Ресейге қарсы санкция салмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.

Ибрагим Калынның айтуынша, батыс оларды бірнеше рет Ресейге қарсы санкциялар енгізуге шақырған. Бірақ Түркия өз мүддесін қорғауға және "тепе-теңдік саясатын" ұстануға ниетті.

"Біз (Мәскеуге қарсы - ред.) санкциялар енгізбейміз және оларға қосылмаймыз. Біз өз мүддемізді қорғауға тиіспіз. Егер бәрі көпірді жойса, Ресеймен кім сөйлеседі?

Біздің Ресеймен экономикалық қарым-қатынасымыз санкция енгізу Ресейден гөрі Түркияға көбірек зиян келтіретіндей сипатта. Біздің (санкция мәселесі бойынша - ред.) нақты ұстанымымыз бар. Батыс та оны қабылдады", - деді Калын.

Осы орайда Түркия президентінің өкілі батыс енгізген санкциялар Ресейді келіссөздер үстеліне отыруға итермелемегенін атап өтті.
1.9K views15:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 18:00:24
Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.
1.3K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 18:59:44
Қарақалпақстанның Өзбекстаннан бөлініп шығуына тыйым салынады

Өзбекстан Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасы талқылауға ұсынылды.

Өзгерістер президенттік мерзімге, Қарақалпақстанның мәртебесіне, болжалды жазаны алып тастауға және тағы 200-ге жуық жаңалыққа қатысты болады.

Түзетулерді әзірлеушілер президенттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды және өлім жазасына тыйым салуды ұсынып отыр. Сондай-ақ, Қарақалпақстанның Өзбекстаннан бөлініп шығуына тыйым салу ұсынылды.

Түзетулер жобасы жақында Өзбекстан парламентінің заң шығару палатасында қабылданды. Енді Конституцияның 64 бабына 200 түзету мен алты жаңа бап талқылауға шығарылды. Жоба екі тілде жарияланған, бірақ тек PDF форматында. Оған портал арқылы, телефон арқылы қоңырау шалуға, хат арқылы немесе заң шығару палатасына жеке келу арқылы түсініктеме беруге болады.

Бұған дейін президент Шавкат Мирзиеев елде референдум өткізуді ұсынған болатын.
2.4K views15:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 00:07:39
Әйгілі Nike компаниясы Ресей нарығынан біржола кететінін хабарлады

Спорттық киімдерімен және аяқ киімдерімен танымал АҚШ-тың әйгілі Nike компаниясы Ресей нарығынан біржола кететінін хабарлады. Елде тіпті олардың мобильдік қосымшасы да жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады.

"Nike Inc компаниясы Ресей нарығынан біржола кетуге шешім қабылдады. Осыған байланысты бұл өңірде Nike.com сайты және Nike мобильдік қосымшасы енді қолжетімді емес. Жақында бұл жақта Nike дүкендері жабылды енді қайта ашылмайды", - делінген компания хабарламасында.

Еске сала кетсек, наурыз айының басында Nike компаниясы Ресейге өз тауарларын жеткізуді тоқтатқан еді.

Мамыр айының басында компанияның Ресеймен франчайзингтік қызметті ары қарай жалғастыру туралы келісімшартты созбағаны белгілі болды.
211 views21:07
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 17:02:27
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
ЕҢ ҰТЫМДЫ ОЙЫН - ПЕНАЛЬТИ

Промокодты пайдалануға асығыңыз: HOTKZ

ПЕНАЛЬТИ - ЕҢ ЖЕҢІЛ ҰТЫСТАР

Сізді:
140.000 теңге алғашқы бонус
казинодағы фриспиндер
кэшбек, акциялар және сыйлықтар күтеді

MOSTBET сайтында екі клик арқылы тіркеліп, МИЛЛИОНДАҒАН теңге ұтып ал!
245 views14:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 13:32:20
Президент Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

«Бүгінгі таңда қоғамда өткенімізге түрлі, кейде біржақты баға беріліп, ұшқары пкірлер айтылып жүр. Дегенмен, Тәуелсіздік кезеңіндегі айтулы жетістіктерді жоққа шығаруға болмайды. Тарихын, көшбасшыларын жоққа шығарған халықтың болашағы жоқ екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан азаматтарды объективті әрі дұрыс көзқараста болуға шақырамын», – деді Тоқаев салтанатты жиында.

Президент полицияның билік пен қоғам арасындағы дәнекер болуы өте маңызды міндет екеніне тоқталып, азаматтармен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыру қажеттігін алға тартты.
354 views10:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 11:28:55
Специальное предложение для граждан СНГ в России! Вам срочно нужны деньги? Оформляйте онлайн займы на любые цели в приложении KoronaPay. После одобрения получайте деньги на карту любого банка РФ.

https://koronapay.com/m/se83
399 views08:28
Ашу / Түсініктеме