Get Mystery Box with random crypto!

Yerzhan Myrzabayev LIVE

Telegram арнасының логотипі psiholog_yerzhan — Yerzhan Myrzabayev LIVE Y
Telegram арнасының логотипі psiholog_yerzhan — Yerzhan Myrzabayev LIVE
Арна мекенжайы: @psiholog_yerzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.07K
Арнадан сипаттама

Кәсіби отбасылық психолог, Онлайн Отбасы Академиясының негізін қалаушы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-11-22 15:28:31
565 viewsYerzhan Myrzabayev, 12:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-10 10:17:09 Сәлем, Инстаграм қайтадан дұрыс істемей тұр. Телеграм каналымды қайта қолға алу керек -ау деймін
666 viewsYerzhan Myrzabayev, 07:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 19:13:44 САНАЛЫ АТА-АНА БОЛУ ӨНЕРІ

Бала тәрбиесіне арналған онлайн курс

Курс авторы: Ержан Мырзабаев
19 жылдық тәжірибесі бар педагог-психолог

Курс бағдарламасы:

1-күн: Саналы ата-ана болудың маңыздылығы.
Саналы әрекеттер ғана сапалы нәтиже береді. Бала тәрбиесі де сондай. Сондықтан ата-ана болуды кездейсоқтыққа қалдырмай, білімді арттырып саналы қарау керек.

2-күн: Жүктілік, баланы дүниеге әкелу.
Жұптар жүктілікке қалай қарау керек? Жүктілікті жоспарлаған дұрыс па? Жүктіліктен кейін еркек пен әйел қалай өзгереді? Баланы туылғаннан бастап әке мен анаға қандай жүк түседі?

3-күн: Жас ерекшелігіне сай бала психологиясы.
Әр жаста бала психологиясы қалай өзгереді? Қандай мәселелерге аса назар аудару керек? Жас ерекшелігіне сай бала психологиясы қалай дамиды?

4-күн: Ұрпақтар теориясы. Қазіргі балалар қандай?
Қазіргі балалар шынымен басқаша ма? Ұрпақтар теориясына сай X,Y,Z ұрпақтары арасында қандай айырмашылықтар бар? Қазіргі балаларды түсіну үшін не нәрселерге назар аудару керек?

5-күн: Кең таралған ата-ана типтері.
Баламен қарым-қатынас құру стиліне қарай 4 негізгі ата-ана типтері бар. Солардың қайсысы балаға пайдалы, қайсысы зиянды? Өзіміз ата-ана ретінде қандай типке жатамыз және бұның балаға қандай әсері бар?

6-күн: Баланың эмоциялық интеллектісін дамыту.
Баланың рационалды ойлау қабілет толық дамымағандықтан, көбінесе эмоциямен әрекет етеді. Ата-ана өзінің және баласының эмоцияларын қалай басқару керек?

7-күн: Бала тәрбиесінде жаза мен тәртіп.
Баланы жазалау қаншалықты дұрыс? Маңызды тәртіп бұзушылық болғанда ата-ананың ұстанымы қандай болу керек? Жазаламай баланы тәртіпке (дисциплина) қалай үйретуге болады?

8-күн: Жыныстық тәрбие.
Жыныстық тәрбие дегеніміз не? Балаға жыныстық тәрбие беруді қай жастан бастау керек? Жыныстық тәрбие берудің жолдары қандай?

Ұсынылатын пакеттер

Standart пакет

10 000 тг
Видео сабақтар.
Тапсырмалар. 
Техникалық қолдау.
Сабақтарды 2 апта бойы қайта көре алу.
Сертификат.

VIP пакет
25 000 тг
Standart пакеттің ішіндегісі,
+Ержан Мырзабаевтан тапсырмалар бойынша кері байланыс.
+Топпен арнайы тікелей эфир.
+Сабақтарды 1 ай бойы қайта көре алу.
*Орын саны шектеулі.

Курс www.otbasy.academy онлайн оқыту платформасында арнайы мобильдік қосымша арқылы өтеді.

Тіркелу үшін https://otbasy.academy/sanaly-ata-ana
сілтемесі арқылы өтіңіз.

Тел: 8 700 1070707

Саналы ата-ана жолындағы қадамыңыз құтты болсын!
946 viewsYerzhan Myrzabayev, 16:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 19:12:42
534 viewsYerzhan Myrzabayev, 16:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 16:29:13Германияның төрт гимнастшысы жарысқа жабық киіммен қатысып, спортты сексуалдандыруға қарсылық білдірді. Атлеттер жабық киімде өнер көрсету ыңғайлы дейді. Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Элизабет Зейтц өзін жайлы сезінгенін айтады.

Ақ-қызыл форма спортшы денесін тобыққа дейін жабады. Гимнастшылардың көбі жарысқа әдетте ашық киіммен шығады. Осыған дейін жағажай гандболының Еуропа чемпионатында бикини орнына шолақ шалбар киген Норвегия әйелдер құрамасына 1500 евро айыппұл салған.
538 viewsYerzhan Myrzabayev, 13:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 11:00:04 Бала құқығын қорғаңыз! Медиадағы бала құқығы туралы

Кез келген баланың суретін рұқсатсыз түсіріп, интернетке жариялауға болмайды
Баланың жазбасын немесе естелік күнделігін интернетке жариялау дұрыс емес
Баламен сұхбат жазу үшін ата-анасынан рұқсат сұрау керек
Зорлық-зомбылық көрген баланың фото немесе видеосын БАҚ-та жариялауға болмайды
Қылмыстық, заңбұзушылық әрекетке барған баланың жеке мәліметін (аты-жөні, мекен-жайы, т.б.) ақпарат құралдарында әшкерелу заңға қайшы
Кәмелет жасына толмағандар үшін «көруге болмайтын» ақпаратты «біле тұра тарататын» кез-келген адам жауапқа тартылады
Контекст
Кибербуллинг құрбаны — балалар

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/bala-kukygyn-korganyz-mediadagy-bala-kukygy-turaly/.
446 viewsYerzhan Myrzabayev, 08:00
Ашу / Түсініктеме