Get Mystery Box with random crypto!

САНАЛЫ АТА-АНА БОЛУ ӨНЕРІ Бала тәрбиесіне арналған онлайн кур | Yerzhan Myrzabayev LIVE

САНАЛЫ АТА-АНА БОЛУ ӨНЕРІ

Бала тәрбиесіне арналған онлайн курс

Курс авторы: Ержан Мырзабаев
19 жылдық тәжірибесі бар педагог-психолог

Курс бағдарламасы:

1-күн: Саналы ата-ана болудың маңыздылығы.
Саналы әрекеттер ғана сапалы нәтиже береді. Бала тәрбиесі де сондай. Сондықтан ата-ана болуды кездейсоқтыққа қалдырмай, білімді арттырып саналы қарау керек.

2-күн: Жүктілік, баланы дүниеге әкелу.
Жұптар жүктілікке қалай қарау керек? Жүктілікті жоспарлаған дұрыс па? Жүктіліктен кейін еркек пен әйел қалай өзгереді? Баланы туылғаннан бастап әке мен анаға қандай жүк түседі?

3-күн: Жас ерекшелігіне сай бала психологиясы.
Әр жаста бала психологиясы қалай өзгереді? Қандай мәселелерге аса назар аудару керек? Жас ерекшелігіне сай бала психологиясы қалай дамиды?

4-күн: Ұрпақтар теориясы. Қазіргі балалар қандай?
Қазіргі балалар шынымен басқаша ма? Ұрпақтар теориясына сай X,Y,Z ұрпақтары арасында қандай айырмашылықтар бар? Қазіргі балаларды түсіну үшін не нәрселерге назар аудару керек?

5-күн: Кең таралған ата-ана типтері.
Баламен қарым-қатынас құру стиліне қарай 4 негізгі ата-ана типтері бар. Солардың қайсысы балаға пайдалы, қайсысы зиянды? Өзіміз ата-ана ретінде қандай типке жатамыз және бұның балаға қандай әсері бар?

6-күн: Баланың эмоциялық интеллектісін дамыту.
Баланың рационалды ойлау қабілет толық дамымағандықтан, көбінесе эмоциямен әрекет етеді. Ата-ана өзінің және баласының эмоцияларын қалай басқару керек?

7-күн: Бала тәрбиесінде жаза мен тәртіп.
Баланы жазалау қаншалықты дұрыс? Маңызды тәртіп бұзушылық болғанда ата-ананың ұстанымы қандай болу керек? Жазаламай баланы тәртіпке (дисциплина) қалай үйретуге болады?

8-күн: Жыныстық тәрбие.
Жыныстық тәрбие дегеніміз не? Балаға жыныстық тәрбие беруді қай жастан бастау керек? Жыныстық тәрбие берудің жолдары қандай?

Ұсынылатын пакеттер

Standart пакет

10 000 тг
Видео сабақтар.
Тапсырмалар. 
Техникалық қолдау.
Сабақтарды 2 апта бойы қайта көре алу.
Сертификат.

VIP пакет
25 000 тг
Standart пакеттің ішіндегісі,
+Ержан Мырзабаевтан тапсырмалар бойынша кері байланыс.
+Топпен арнайы тікелей эфир.
+Сабақтарды 1 ай бойы қайта көре алу.
*Орын саны шектеулі.

Курс www.otbasy.academy онлайн оқыту платформасында арнайы мобильдік қосымша арқылы өтеді.

Тіркелу үшін https://otbasy.academy/sanaly-ata-ana
сілтемесі арқылы өтіңіз.

Тел: 8 700 1070707

Саналы ата-ана жолындағы қадамыңыз құтты болсын!