Get Mystery Box with random crypto!

​ Германияның төрт гимнастшысы жарысқа жабық киіммен қатысып | Yerzhan Myrzabayev LIVE

Германияның төрт гимнастшысы жарысқа жабық киіммен қатысып, спортты сексуалдандыруға қарсылық білдірді. Атлеттер жабық киімде өнер көрсету ыңғайлы дейді. Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Элизабет Зейтц өзін жайлы сезінгенін айтады.

Ақ-қызыл форма спортшы денесін тобыққа дейін жабады. Гимнастшылардың көбі жарысқа әдетте ашық киіммен шығады. Осыған дейін жағажай гандболының Еуропа чемпионатында бикини орнына шолақ шалбар киген Норвегия әйелдер құрамасына 1500 евро айыппұл салған.