Get Mystery Box with random crypto!

Арафа – дұғалар қабыл етілетін күн... Абдуллаһ Ибн Омар (Алла | ....

Арафа – дұғалар қабыл етілетін күн...

Абдуллаһ Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте ардақты пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді:

خَيْرُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَة، وَخَيْرُ مَا قُلْتُ أَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْلِي: لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ.

«Дұғалардың ең жақсысы – Арафа күні жасалған дұға. Сондай-ақ, мен және маған дейінгі пайғамбарлар (Арафа) күні айтқан ең жақсы дұға – «Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһуль-мульку уә ләһуль-хамду уә Һуә ‘алә кулли шәй-ин Қодир» (Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылық етілуге лайықты ешбір тәңір жоқ, әрі Оның ешбір серігі (ортағы, теңдесі, жәрдемшісі) жоқ. Билік те, мақтау-мадақ та тек Оған ғана тиесілі. Сондай-ақ, Ол – барлық нәрсеге Құдіретті)» деген дұға».
Тирмизи (3585). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Сондай-ақ, Арафа күнгі дұға жайында имам Ибн Абдуль-Барр (рахимаһуллаһ) былай деген:

دعاء يوم عرفة مجاب كلُّه في الأغلب.

«Арафа күні жасалған дұғалардың барлығы көбінесе қабыл болады».
Тəмһид (6/41).
———————
Мәлімет ретінде:


Аллаһ қаласа, ертең [8.07.2022] бесін намазының уақыты кірумен дұға қылатын өте қымбат әрі ұлы кезең келіп жетеді. Біршамаша ғұламалардың айтуы бойынша, Арафа күнгі дұғаның артықшылығы қылу тек қажыларға ғана қатысты емес, бәлки жер жүзігдегі барша мұсылмандарға да тиесілі. Сондықтан ертең қажылықта емес бауырлар үшін дұға қабыл болатын үш себеп бірден жиналады:
1. Жұманың дұға қабыл болатын уақыты;
2. Арафаның қабыл болатын дұғасы;
3. Ораза ұстаушы адамның кері қайтарылмайтын дұғасы.

Дәл сол сияқты, қажылықтағы бауырлар үшін де дұға қабыл болатын үш себеп бірден жиналады:
1. Жұманың дұға қабыл болатын уақыты;
2. Арафаның қабыл болатын дұғасы;
3. Сапардағы адамның кері қайтарылмайтын дұғасы.

Ендеше, дұғасы кері қайтарылмайтын күнде Аллаһтан өзіміз бен жақындарымыз және еліміз бен барша мұсылмандар үшін дүние мен ақыреттің жақсылығы мен құт-берекесін, амандығы мен сәлеметтігін тілейік.

#zul_hidja #arafa
———————
http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy