Get Mystery Box with random crypto!

РСК ВКО

Telegram арнасының логотипі nocovvko — РСК ВКО Р
Telegram арнасының логотипі nocovvko — РСК ВКО
Арна мекенжайы: @nocovvko
Санаттар: Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.58K
Арнадан сипаттама

Шығыс Қазақстан облысының басты ақпарат ордасы
Facebook: Өзекті ақпараттық порталы
Instagram: @ozekti
Сайт: altaynews.kz

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-06-11 12:26:02
729 views09:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 11:47:26
Абай облысы мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті

Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысында депутаттық корпустың бірауыз шешімімен мәслихат хатшысы қызметіне Сүлейменов Қуаныш Серқазыұлы сайланды.

Абай облысы мәслихатының сессиясына ұсынылған күн тәртібі:

1. Абай облысы мәслихатының хатшысын сайлау туралы.

2. Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.

3. Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

4. Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.

5. «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттары туралы.

6. Абай облысы мәслихатының регламентін бекіту туралы.

7. «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.

Күн тәртібі бойынша тиісті шешім қабылданды.

@abaiaqparatkz
896 views08:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 11:47:19
Абай облысы мәслихатының депутаттық корпусы

@abaiaqparatkz
600 views08:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 21:07:23
Бүгінгі күннің батыры — Джамбаев Даурен Абинсерикович!

Ол кеше түнде Семей қаласында болған тілсіз жаудан екі адамның өмірін құтқарып қалды. Абай Ақпарат редакциясы батыр азаматпен байланыс орнатып оқиғаның қалай болғанын сұрап көрді.

— Кеше чемпиондар лигасын көріп отырғанбыз, аяқ асты көрші маңайдан өрт шыққанын көріп бірден далаға шықтым. Сөйтсем үйдің жанындағы «Банзай» кафесі жанып жатыр екен. Жүгіріп барып ішінде адам жоқ па деп кірсем бір жас жігіт есінен танып құлап қалыпты. Оны далаға алып шығып, алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жиған бетте ішінде тағы адам барын айтты, бірақ өрттің ауқымы кеңейіп барады, жалын бет қаратар емес, терезе жақтан бір шторды жыртып алып ішіне кіріп кеттім, әлгі адам есікті іштен жауып алыпты. Өзім есімнен танып қала жаздап, сыртқа шығып, ғимаратты айналып терезеге кірпіш лақтырып шақтым, екінші адам есін бірден жиғандай болды, оған көмек көрсетіп сыртқа алып шықтым. Ары қарай өрт сөндірушілер келіп өз жұмыстарын атқарды.

@abaiaqparatkz
908 views18:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 17:48:47
Семей қаласында алғаш рет мега форматта қазақша quiz өтеді

Ойынды танымал блогер, журналист Дарын Нұрсапар жүргізбек.

Семей қаласы — Алаштың жүрегі, қазақ интеллигенциясының ұстаханасы болғандықтан ойынға қызығушылық өте жоғары, қазірдің өзінде бірқатар командалар тіркелді.

Қызықты кеш барысында демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар болады. Осы орайда біздің демеушілермен таныс болыңыздар, олар: Evolution / Wow case / Кинорум / IQ party bar / Skiff man shop / G Cinema Park / Пихта баня және тағы басқа.

Өтетін жері: Семей қаласы, Broadway рестобарының жаңа караоке залы (343 квартал, 13а, 1 қабат)

Басталуы: 30 мамыр күні, 19:00-де

Тіркелу әлі де жалғасуда, ол үшін келесі сілтемеге өтіңіз: wa.me/77077710697

Жарна құны: 2000 тг

Керемет кештен құр қалмаңыз!

#АбайОблысы #AbayMediaGroup #АбайАқпарат #ҚазақшаQuiz #Ustudy_bilim_semey
701 views14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 15:08:22 Тек қана Абай облысына қарасты қалалар мен аудандар тұрғындары үшін!

«Abay Media Group» медиахолдингінің «Мобилография» мектебіне талапкерлер қабылдау басталатынын хабарлаймыз. Оқу тегін. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

«Менің туған мекенім» тақырыбында 1 минутқа дейін видео түсіру қажет.
Оны өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жүктеу және сол постқа @abaiaqparatkz, @semeystan, @ermekofffff парақшаларын белгілеп, тіркелуі қажет.
Бейнематериалды Telegram-дағы келесі номерге жоғары сапада жіберу: 8 707 771 06 97 және видеомен қоса автор жайлы ақпаратты жолдау қажет:
- Аты-жөні
- Қай елді мекеннен екендігін көрсету
- Instagram аккаунты адресі
Бейнематериалдар 2022 жылдың 5 маусым күні, сағат 19.00-ге дейін қабылданады.
Үздік ондықты анықтау үшін, барлық қатысушылардың бейнематериалдары 6-9 маусым аралығында «Абай Ақпарат» Telegram каналында дауысқа салынатын болады.
Telegram-ның техникалық мүмкіндігіне сәйкес, қатысушылар он-оннан бөлінеді. Алайда, дауыс беру нәтижесі әркімнің жеке жинаған дауысы бойынша анықталады.
Ең көп дауыс жинаған 10 қатысушы «Мобилография» мектебінің алғашқы оқушылары атанып, тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.
Курс нәтижесі бойынша, әр қатысушыға арнайы куәләндырылған сертификат беріледі.

Курсты жүргізуші «Abay Media Group» медиахолдингіне тиісті Цифрлы контент департаментінің басшысы – Ермеков Елдар.

Ескерту: «Мобилография» мектебінің тегін курстарына тек Абай облысына қарасты қалалар мен аудандар тұрғындары қатыса алады.

Аталған мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!

#AbayMediaGroup
#АбайАқпарат

@abaiaqparatkz
601 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 08:34:58
В Семее 4 июня в честь создания Абайской области и всенародного референдума, а также возрождению клуба «Елимая» пройдет большой футбольный фестиваль.

В программе фестиваля: мастер-классы для детей, благотворительный гала-вечер и звёздный матч друзей Андрея Карповича.

"Приедут как казахстанские, так же и российские звезды футбола. Матч также будет приурочен к прощальной игре воспитанника семейского футбола Андрея Карповича. Будет играть команда «Елимай», против друзей А. Карповича. Это своего рода возрождение футбольного клуба «Елимай», - говорят организаторы фестиваля.

Стоит отметить, что мастер-классы для детей состоятся на стадионе «Спартак», на спортивной площадке у гостиницы «Турист», а также в спорткомплексе «Абай Арена». Ожидается, что в празднике примет участие известный казахстанский футболист Самат Смаков.
749 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 16:50:39
«Елім-ай» футбол құрамасы қайта құрылып, жаңғыратын болады

Бүгінгі бас қосуда клубты құру жұмысы талқыланды. Ендігі кезекте клуб қоғамдық бірлестік ретінде тіркеліп, кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілетін болады.

Жұмыстар басталып кетті

@abai_aqparat
1.0K views13:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 15:23:05 Семей қаласында «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылады

Бүгін футбол клубты құру бойынша сарапшылар, футбол ойынының ардагерлері, кәсіпкерлер, қоғам өкілдерінің қатысуымен бейресми форматта жиын өтуде

@abai_aqparat
928 views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-06 08:20:22
807 views05:20
Ашу / Түсініктеме