Get Mystery Box with random crypto!

Тек қана Абай облысына қарасты қалалар мен аудандар тұрғындары | РСК ВКО

Тек қана Абай облысына қарасты қалалар мен аудандар тұрғындары үшін!

«Abay Media Group» медиахолдингінің «Мобилография» мектебіне талапкерлер қабылдау басталатынын хабарлаймыз. Оқу тегін. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

«Менің туған мекенім» тақырыбында 1 минутқа дейін видео түсіру қажет.
Оны өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жүктеу және сол постқа @abaiaqparatkz, @semeystan, @ermekofffff парақшаларын белгілеп, тіркелуі қажет.
Бейнематериалды Telegram-дағы келесі номерге жоғары сапада жіберу: 8 707 771 06 97 және видеомен қоса автор жайлы ақпаратты жолдау қажет:
- Аты-жөні
- Қай елді мекеннен екендігін көрсету
- Instagram аккаунты адресі
Бейнематериалдар 2022 жылдың 5 маусым күні, сағат 19.00-ге дейін қабылданады.
Үздік ондықты анықтау үшін, барлық қатысушылардың бейнематериалдары 6-9 маусым аралығында «Абай Ақпарат» Telegram каналында дауысқа салынатын болады.
Telegram-ның техникалық мүмкіндігіне сәйкес, қатысушылар он-оннан бөлінеді. Алайда, дауыс беру нәтижесі әркімнің жеке жинаған дауысы бойынша анықталады.
Ең көп дауыс жинаған 10 қатысушы «Мобилография» мектебінің алғашқы оқушылары атанып, тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.
Курс нәтижесі бойынша, әр қатысушыға арнайы куәләндырылған сертификат беріледі.

Курсты жүргізуші «Abay Media Group» медиахолдингіне тиісті Цифрлы контент департаментінің басшысы – Ермеков Елдар.

Ескерту: «Мобилография» мектебінің тегін курстарына тек Абай облысына қарасты қалалар мен аудандар тұрғындары қатыса алады.

Аталған мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!

#AbayMediaGroup
#АбайАқпарат

@abaiaqparatkz