Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі күннің батыры — Джамбаев Даурен Абинсерикович! Ол кеш | РСК ВКО

Бүгінгі күннің батыры — Джамбаев Даурен Абинсерикович!

Ол кеше түнде Семей қаласында болған тілсіз жаудан екі адамның өмірін құтқарып қалды. Абай Ақпарат редакциясы батыр азаматпен байланыс орнатып оқиғаның қалай болғанын сұрап көрді.

— Кеше чемпиондар лигасын көріп отырғанбыз, аяқ асты көрші маңайдан өрт шыққанын көріп бірден далаға шықтым. Сөйтсем үйдің жанындағы «Банзай» кафесі жанып жатыр екен. Жүгіріп барып ішінде адам жоқ па деп кірсем бір жас жігіт есінен танып құлап қалыпты. Оны далаға алып шығып, алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жиған бетте ішінде тағы адам барын айтты, бірақ өрттің ауқымы кеңейіп барады, жалын бет қаратар емес, терезе жақтан бір шторды жыртып алып ішіне кіріп кеттім, әлгі адам есікті іштен жауып алыпты. Өзім есімнен танып қала жаздап, сыртқа шығып, ғимаратты айналып терезеге кірпіш лақтырып шақтым, екінші адам есін бірден жиғандай болды, оған көмек көрсетіп сыртқа алып шықтым. Ары қарай өрт сөндірушілер келіп өз жұмыстарын атқарды.

@abaiaqparatkz