Get Mystery Box with random crypto!

Motivation☄️

Telegram арнасының логотипі motivationchange — Motivation☄️ M
Telegram арнасының логотипі motivationchange — Motivation☄️
Арна мекенжайы: @motivationchange
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.22K
Арнадан сипаттама

Реклама/ұсыныс бойынша @Zhumagali_17

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-28 15:56:03
692 viewsYersultan , 12:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 14:11:32
Сегодня я мудрый,поэтому меняю себя!
652 viewsAruzhan Sabitkyzy, edited  11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 14:01:24 Қайырлы күн!)
Қалайсыың?
Тағы бір күнің босқа кетті ме?
Бүгін де отырсың ба өз-өзіңді алдап?
Қиялыңмен күресіп,бар өзгерісті тек ойыңмен жасап?
Қалай ойлайсың,бұл отырысың қашанға дейін жалғаспақ?
"Ертең,ертең",- деп жүріп,бүгініңнен айырылып жатқаныңды қашан түсінесің? Сенің ертең бар болатыныңа кім кепіл? Сен ойлаған сәттер ертең туатынына кім кепіл? Ертең жазым оқиғаға ұшырамасыңа кім кепіл? Ертең жақыныңнан айырылып қалмайтыныңа кім кепіл? Ертең өзегіңді өкініш өртемейтініне кім кепіл? Жанарыңның оты сөнбейтініне кім кепіл? Айтшы,кім саған "мен айттым, болды, солай болады" - деп айта алады?
Ей,айналайын-ау, көзіңді аш,уақыт зымырап өтіп жатыр!!! Тіпті, соңынан ілестірер емес,жарығым!
Сен қул қусырып отырғанда алдыңды жүздеген адам орап кетеді! Ал, сен қалайсың ба, сенің анаңның сенен емес басқадан жылу көріп, соның тілеуін тілеп отырғанын? Ал, сен қалайсың ба, сенің әкеңнің өзгенің баласына "шіркін-ай" деп қарап отырғанын? Ал, сен қалайсың ба, айналаңның сені керексіз қоқыс ретінде сыртқа лақтырып тастағанын?
Көз алдыңа елестет,сен ешкімге керек емессің,сені ешкім елемейді, себебі сенің қолыңнан ештеңе келмейді! Ащы болса да шындық,қоғамға жалпы мына әлемге қолынан түк келмейтін, арамтамақ,жатып-ішер жалқау көк тиынға да керек емес!! Сен ойлама,мен - жақсы адаммын, осы қасиетім бәріне жетеді дееп! Жооқ, олай емес, олай болмайды да!!
Жақсы адам - бұл мамандық емес!
Сенің жақсылығың қолыңнан бір дүние келгенде ғана керек!!
Бес күндік мынау жалғанда,өз орныңды қалдыра алмасаң,абыройлы бола алмасаң,ең болмаса ата-анаңа жақсылық жасап, батасын ала алмасаң,санасы жоқ мақұлықтан қай жерің артық?? Намысыңа тисін,қамшыла өзіңді!Сені өзіңнен басқа ешкім жетістікке жеткізе алмайды!!
Ойлан және есіңде сақта:
Біз ертең емес,бүгін өмір сүреміз!!
611 viewsAruzhan Sabitkyzy, 11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 12:26:18 Әлемде 1.2 млрд адам оқу мен жазуды білмейді. Оқу мен жазуды білетін адамды сауатты адам деп санайды. Қазақстан – әлемдегі ең сауатты елдер қатарына кіреді.

Әлемдегі ең сауатты елдер қатары:
1. Испания, Ватикан, Норвегия, Люксембург, Лихтенштейн – 100%
2. Латвия – 99.9%
3. Эстония, Литва, Беларусь, Қазақстан, Куба, Украина – 99.8%
4. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Швеция, Финляндия – 99.7%
34. АҚШ – 98.5%
56. Өзбекстан – 95.8%
73. Түркия – 94.3%
191. Нигер – 19.5%

Халқының 99% оқу мен жазуды білетін мемлекеттер сауатсыздықты жеңген елдер болып саналады. Қазақстан сауатты елдер қатарында ғана емес, ол қатарды бастап тұрған елдер ішіне кіреді.
603 viewsГео люблю тебя, 09:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 11:08:18 Халықаралық қатынастар

Менің мамандығым - жаппай адамдар оқитын сала емес. Себебі қоғамның күнделікті өміріндегі сұраныстарын, қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды.

Қоғамның тұрмысы, тыныс тіршілігі үшін сауатты, білгір дәрігерлердің, елдің ертеңіне ықпал ете алатын ағартушы, шынайы педагог мұғалімдердің, қалаларды бір-бірімен байланыстыратын жол саласының майталмандарының, адамдар жарықсыз қалмауы үшін сол саланы жақсы білетін, дұрыс түсінетін мамандардың ж/е т.б. көптеп шыққаны қажет.

Ал енді біздің мамандық керек емес деген нәрсе жоқ. Халықаралық қатынастарды зерттеген, жақсы білетін саяси тұлғалардың болуы маңызды. Алайда жаппай қоғам ол нәрсеге ұмтылмауы керек.

11 сыныпқа енді өтіп жатқан іні-қарындастарым болса, жақсылап ойлануды насихат етер едім.

Таңдаған мамандығыңыз арқылы қоғамыңызға қандай пайда бере аласыз, соны ойланған жөн болады. Менің жеке ұстанымымда оқып шыққан мамандық бойынша қызмет етпеу дегенге қарсымын.

Кемінде алынған мамандықтың хақысын өтемек керек. Дұрыс, бүгінгі жаһандану дәуірінде универсалды, өзгеріске бейім болу керек. Бірақ нақты бір саланың майталманы болып мамандану деген нәрсені ұмытпаған жөн. Қалған дүниелердің бәрі қосалқы қабілет қызметін атқарады.

Арсен Шади
653 viewsЖанна Мейірбекқызы, 08:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 10:06:20 Сен сылтауды құртасың,
Не сылтау сені құртады
!
632 viewsМейіржан, 07:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 20:01:35
715 views , 17:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 16:13:38
730 viewsYersultan , 13:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 10:17:08 Реакция қалдрмағандар оңып қалыңдар

#деппа
720 viewsГео люблю тебя, edited  07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 13:29:22 Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады;
әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді;
әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді;
әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді;
әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз,
өнерсіз, ешкімге  достығы  жоқ жандар  шығады.
176 viewsMeirzhan, 10:29
Ашу / Түсініктеме