Get Mystery Box with random crypto!

Қайырлы күн!) Қалайсыың? Тағы бір күнің босқа кетті ме? Бүгі | Motivation☄️

Қайырлы күн!)
Қалайсыың?
Тағы бір күнің босқа кетті ме?
Бүгін де отырсың ба өз-өзіңді алдап?
Қиялыңмен күресіп,бар өзгерісті тек ойыңмен жасап?
Қалай ойлайсың,бұл отырысың қашанға дейін жалғаспақ?
"Ертең,ертең",- деп жүріп,бүгініңнен айырылып жатқаныңды қашан түсінесің? Сенің ертең бар болатыныңа кім кепіл? Сен ойлаған сәттер ертең туатынына кім кепіл? Ертең жазым оқиғаға ұшырамасыңа кім кепіл? Ертең жақыныңнан айырылып қалмайтыныңа кім кепіл? Ертең өзегіңді өкініш өртемейтініне кім кепіл? Жанарыңның оты сөнбейтініне кім кепіл? Айтшы,кім саған "мен айттым, болды, солай болады" - деп айта алады?
Ей,айналайын-ау, көзіңді аш,уақыт зымырап өтіп жатыр!!! Тіпті, соңынан ілестірер емес,жарығым!
Сен қул қусырып отырғанда алдыңды жүздеген адам орап кетеді! Ал, сен қалайсың ба, сенің анаңның сенен емес басқадан жылу көріп, соның тілеуін тілеп отырғанын? Ал, сен қалайсың ба, сенің әкеңнің өзгенің баласына "шіркін-ай" деп қарап отырғанын? Ал, сен қалайсың ба, айналаңның сені керексіз қоқыс ретінде сыртқа лақтырып тастағанын?
Көз алдыңа елестет,сен ешкімге керек емессің,сені ешкім елемейді, себебі сенің қолыңнан ештеңе келмейді! Ащы болса да шындық,қоғамға жалпы мына әлемге қолынан түк келмейтін, арамтамақ,жатып-ішер жалқау көк тиынға да керек емес!! Сен ойлама,мен - жақсы адаммын, осы қасиетім бәріне жетеді дееп! Жооқ, олай емес, олай болмайды да!!
Жақсы адам - бұл мамандық емес!
Сенің жақсылығың қолыңнан бір дүние келгенде ғана керек!!
Бес күндік мынау жалғанда,өз орныңды қалдыра алмасаң,абыройлы бола алмасаң,ең болмаса ата-анаңа жақсылық жасап, батасын ала алмасаң,санасы жоқ мақұлықтан қай жерің артық?? Намысыңа тисін,қамшыла өзіңді!Сені өзіңнен басқа ешкім жетістікке жеткізе алмайды!!
Ойлан және есіңде сақта:
Біз ертең емес,бүгін өмір сүреміз!!