Get Mystery Box with random crypto!

Халықаралық қатынастар Менің мамандығым - жаппай адамдар оқит | Motivation☄️

Халықаралық қатынастар

Менің мамандығым - жаппай адамдар оқитын сала емес. Себебі қоғамның күнделікті өміріндегі сұраныстарын, қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды.

Қоғамның тұрмысы, тыныс тіршілігі үшін сауатты, білгір дәрігерлердің, елдің ертеңіне ықпал ете алатын ағартушы, шынайы педагог мұғалімдердің, қалаларды бір-бірімен байланыстыратын жол саласының майталмандарының, адамдар жарықсыз қалмауы үшін сол саланы жақсы білетін, дұрыс түсінетін мамандардың ж/е т.б. көптеп шыққаны қажет.

Ал енді біздің мамандық керек емес деген нәрсе жоқ. Халықаралық қатынастарды зерттеген, жақсы білетін саяси тұлғалардың болуы маңызды. Алайда жаппай қоғам ол нәрсеге ұмтылмауы керек.

11 сыныпқа енді өтіп жатқан іні-қарындастарым болса, жақсылап ойлануды насихат етер едім.

Таңдаған мамандығыңыз арқылы қоғамыңызға қандай пайда бере аласыз, соны ойланған жөн болады. Менің жеке ұстанымымда оқып шыққан мамандық бойынша қызмет етпеу дегенге қарсымын.

Кемінде алынған мамандықтың хақысын өтемек керек. Дұрыс, бүгінгі жаһандану дәуірінде универсалды, өзгеріске бейім болу керек. Бірақ нақты бір саланың майталманы болып мамандану деген нәрсені ұмытпаған жөн. Қалған дүниелердің бәрі қосалқы қабілет қызметін атқарады.

Арсен Шади