Get Mystery Box with random crypto!

Манарбек Мергенгалиев

Telegram арнасының логотипі manarbek_blog — Манарбек Мергенгалиев М
Telegram арнасының логотипі manarbek_blog — Манарбек Мергенгалиев
Арна мекенжайы: @manarbek_blog
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 769
Арнадан сипаттама

👨🏻‍💻Интернет Маркетингте 5 жылдық тәжірибе
Жобаларым:
🚀 @jana_gasyr
💰 @millionaire_mentor_kz
⚜️ @ulttyq_qazyna
📚 @darkhan_ulttyq_kz
⚱️ @deo_alunit

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 22

2021-05-11 07:28:08
33 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-10 07:11:50
Жолы болмаған ЖЕҢІМПАЗДАР

Джек Ма:
- 10 рет Гарвардқа түсе алмаған
- 30 рет жұмысқа алмай қойған(KFC де бар)

Ал қазір Forbes рейтингінде 20 миллиардер қатарында;

Билл Гейтс:
- Гарвардтан қуылған
- алғашқы компаниясын дамытуға 10 жыл құртқан

Ал қазір Forbes-та 3-ші орында;

Харланд Сандерс:
- 6 сыныпты ғана бітірген
- 40 жасқа дейін от жағушы, кондуктор, фермер, әскер адамы болған

Ал қазір әлем бойынша 16 000 KFC мейрамханалры бар,
70 жасында миллионер атанды.

Сол уақытта осы кісілерде қазіргі құрылғылар мен ақпарат болғанда не болар еді?

Су жаңа статистикаға жүгінсек:

• Гео-таргеттті жарнама дәстүрлі баннерлі жарнамадан 20 есе тиімді;
• Контент-маркетинг трафикті жарнамада 62% арзан;
• 2021 жылы интернет трафиктің 80% видео болады;
• Ақпан айының басында Facebook қолданушылар саны 2,5 млрдқа жетті
• Релавантты жарнама көру үшін 62% интернет қолданушысы өз локациясымен бөлісуге дайын.

Түйін? Заманауи ақпарат пен трендті білу сіздің жобаларыңызды дамытуға қазір көмектеседі.
76 viewsedited  04:11
Ашу / Түсініктеме
2021-04-19 18:03:59
1954 жылы менің жасым 52-де болатын. Менде диабет, артрит аурулары бар оған қоса менің өт қабыммен қалқанша безімнің көп бөлігі кесіп тасталынған еді.

Бірақ мен болашаққа сендім"-деп РэйКрок өзінің ағайынды Макдонольдтармен танысқанын еске алады. Рэй Кроктың өз аузынан айтылған ауруларына қоса оның есту қабілеті төмен әрі материалдық жағдайы орташа болады .

Крок өз штатында кәсіпкер болғанымен оның бастаған кәсібінің барлығы құлдырауға ұшырай береді.

1954 жылы Макдонольдстің линцензиясын сатып алу үшін ол барлық банктарды аралайды, бірақ ешбір банк оған несие бермейді.

Несие құны 15000$ болатын. Амалдың жоқтығынан және өзінің болашағына сенген Крок өз баспанасын банкке қойып,одан кейін өмір сүрген 30 жылда 600млн$ табыс табады.

Кәсіпкерлік жеңісін Крок 50 жасында бастайды.

Кәсіп бастау ешқашанда кеш емес бастысы өзіңізге сеніңіз!

_____________________________
Ал сіздің жасыңыз нешеде? Комментарийге жазыңыз
820 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 13:02:33 Таныстардың пайдалысы бар, пайдасызы бар! Таныстарды да бір бірінен ажырата білу қажет!

Менің де әлеуметтік желі арқылы дамып, танылып, қазіргі сәтіме дейін де жетуіме көмектескен қаншама танысым бар! Бір сөзбен айтқанда пайдалы таныстарым.

Пайдалы болатын, дамып, өсіп, жетілуіңе , кез келген ситуациядан шығуға көмектесетін, дұрыс жолдың бар екенін аңғартатын таныс табу жайлы сабақ өткізуді жөн көрудемін!

Қазақ ата-бабамыз: “ Адамның күні адаммен”-деп бекер айтпаған.

Бізді өсіретін де, өшіретін де, дәл осы таныстарымыз. Егер де өсіретін таныс табуды қаласаңыз...

“ТАНЫС БАР ЖЕРДЕ, ШАНС БАР” атты ТЕГІН сабаққа қатысыңыз

Сабаққа қатысу үшін жай ғана комментарийге “ТЕГІН САБАҚҚА ҚАТЫСАМЫН” - деп жазыңыз

#таныс #шанс #мүмкіндік #бизнес #маркетинг
349 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 13:02:28
ТАНЫС БАР ЖЕРДЕ, ШАНС БАР

Әлеуметтік желілер жоқ кезде, «жарыққа шығу үшін жақсы таныс-тамыр, қолдау немесе жарып тұрған талант, қыруар қаражат қажет еді. Әлгі, «таныс бар жерде шанс» дейтін кездер есте шығар? Ал қазір ше?

Мұның бәрі қазір де маңызын жойған жоқ, әрине. Дегенмен, әлеуметтік парақша арқылы көпшілікке танылып, сол арқылы табыс тауып отырғандар, өміріне бағыт-бағдар алғандар, жұртқа пайдасын тигізіп жүргендер қаншама?!
227 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 05:52:07 НӨЛДЕН БИЗНЕС БАСТАУҒА БОЛАДЫ МА?

Орыстарда «Бизнес с нуля? Не смеши меня деген сөз бар». Нөлден деген кезде барлығы ақшасыз деп түсінеді. Ақшасыз бизнес бастауға болады, бірақ нөлден бастауға болмайды.

Нөл деген сөз сенде ещтеңе жоқ деген сөз. Тым болмағанда басыңда айналысайын деп жатқан бизнеске қатысты білімің, хабарың болуы керек. Хабары жоқ адам мен болашақ бизнесі жайлы кішкене болса да, хабары бар адамдардың бизнес бастағанына қарап көрейік.

Бизнестен хабары жоқ адамның қанша бастапқы капиталы болса да, ақшасын қажетсіз нәрселерге шашып, көп ұзамай бизнесі тақырға отырып қалу қауіпі өте жоғары. Сондықтан ғой бәріміз біреу бизнес ашып, кейін тақырға отырып қалғанын көріп, кәсіп бастаудан қорқып қаламыз.

Себебі олардың көбі біреуден көріп алған. Басқа бір таныстары мойка ашып байып кетсе, олар да бар ақшасын салып, мойка ашып жатады. Бірақ көлік жуудан түк хабары жоқ.

Әрине, бизнес жүрмей, жабылып қалады.

Сондықтан біреуден көргенді емес, қолыңыздан келетінін жасаңыз. Енді нишасынан хабары бар, бірақ ақшасы жоқ адамның бизнес бастағанын көрейік.

Мысалы, бұрын спортпен айналысқан адамға спорт зал ашу қиын емес. Ол адам залды қалай жабдықтау керек, қай уақытта сезон болатынын, спортшыларға не ұнайтынын біледі. Жалпы хабары бар. Ондай бизнестің дамып, табыс әкелуі әбден мүмкін. Өз ісінен хабары бар адам ақшасы болмаса да, ешқашан нөлден бастамайды. Себебі оның ақшадан құнды алғашқы капиталы бар.

Ол - білім.

Сондықтан бір бизнес бастағыңыз келсе, сол кәсіп түрі туралы кішкене болса да, білім жинаңыз. Кім ондай кәсіп ашып, істеп жатыр, солардан үйреніңіз. Сол кезде сіз ешқашан нөлден бастамайсыз.

Ал әлеуметтік желі арқылы табыс табуды қаласаңыз менің

"Инстаграм Байлыққа Бастар Жол" кітабымды оқып көріңіз...

Ертең акцияның соңғы күні 3500 теңгелік кітапты

1900 теңгеге алу мүмкіндігін ұсынамыз!

Кітапты алу үшін 8 771 229 53 44 WhatsApp-қа жазыңыз
234 views02:52
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 05:51:59
190 views02:51
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 13:33:29 БІРЕУДЕН КЕК АЛҒЫҢ КЕЛСЕ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ

Көп адамдар мен оған көрсетемін, кегімді аламын, ол мені лақтырып кетті, қиын жағдайда тастап кетті деп ашуланып, кек алуды жоспарлайды

Жаман ниетте жоспар қойғаннан кейін, ол бірінші кезекте өзіңе зиынын тигізеді

Себебі, ашуланып жасаған іс, жақсы нәтижеге әкелмейді

Ал, бізге кинодан көрсететін кек алатын кадрлардың барлығы, жай ғана миф, өтірік

Сені лақтырған, қиын кезде қолдау білдірмей тастап кеткен, қарызға ақшаңды алып қайтармай, қашып жүрген тағы да басқа саған зиянын тигізген жандардан кек алудың бір ғана жолы бар...

Ештеңеге қарамай, ешкімге тәуелді болмай, алға қарай нақты көңілді мақсат қойып, әрекет жасап, жақсы нәтижелерге жету

Өзіңнің мықты, кез келген ситуациядан шыға алатыныңды өз өзіңе дәлелдеу

Сен өз өзіңді мойындатқан кезде ғана, басқалар сені мойындап, бұрынғы жасаған қателіктерін түсініп, өздері-ақ келеді

Бірақ, бұл кезде сенің олармен сөзің де, ісің де жараспайды, ортақ әңгіме табылмайды

Себебі, сен көрген қиындықты, жүрген жолды, жинаған тәжірибе мен білімді олар алған жоқ, көрген жоқ

Жетістікке жететін болсаң, басқалар да шаруаң да болмайды Өзіңнің жұмысыңды жасап, басқа да шыңдарды бағындыра бересің

Кек алудың оңай әрі тиімді жолы осы ғана

Ал, сіз қалай ойлайсыз Құрметті оқырман!

Пікірге ойыңызды жазыңыз

#кек #кекалу #дәлелдеу #жетістіккежету #мақсатқою #армандау
218 views10:33
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 13:33:26
172 views10:33
Ашу / Түсініктеме
2021-04-14 17:42:01 Инстаграм парақшасын жүргізіп, жеңіл табысқа кенелгің келе ме?

Қаражат салмайсың, уақыт кетірмейсің, жолға-әбедке шығын болмайсың. Рахат емес пе, күніне бірнеше минутыңды арнап қойееп, фффтфрлатып ақша санап жатасың

Посттардың астында өріп жүретін осындай арзан жарнамаға ерушілер бар ма, бізге сол қызық. Шынымен саусағыңды қыбырлатпай пайда табуға болады дегенге сенесіз бе?

Көп болса лайк басу, біреулерге пікір жазу қызметін атқаратын шығарсыз. Әлде «база сатам, база сатам, 500 теңгеден ыстық база сатам!» деп Инстаграм көшесінде дәруіш боп жүрерсіз. Өсу жоқ, даму жоқ, танылу жоқ, өзгеру жоқ... Тиын-тебенді місе тұтып, біраз уақытыңызды бос шығын қыларсыз бәлкім.

Ал сол уақытыңды оқуға, іздену жұмсасаң. Парақшаңды заманға сай қолданып, табыс көзіне айналдыруды үйренсең... Ол қиын да емес.

Ақпарат ағыл-тегіл. Интернет – құдайға шүкір. Тек бастау керек. Қазақтілді Инстаграм енді жанданып жатқан сәтті жіберіп алмай, жалына жармасып үлгеру керек.

Қатысыңыз. Курстарға қатысыңыз. Әзірге азын-аулақ ақша тұратын кезінде шет-жағасын көріп, көпке ілесе беріңіз. Ертең бағдарлама да ауырлайды, ақысы да қымбаттайды. Себебі ол кезде нағыз еңбекқорлар, нағыз байығысы келгендер және ертерек бастағандар сүзгіден өтеді. Маңайлай алмайтын күнге дейін жүрмей, ісіңізді осы бастан сауатты жүргізуге қадам жасаңыз! Себебі, Инстаграм арқылы кез-келген нишаны дамытуға болады!

Осы орайда дамимын, өсемін деген жандарға инстаграмнан еңбектеніп табыс табуды үйрететін ТЕГІН 7 күндік мини курсқа ұсынамын

Қатысамын десеңіз, пікірге жазыңыз
232 views14:42
Ашу / Түсініктеме