Get Mystery Box with random crypto!

НӨЛДЕН БИЗНЕС БАСТАУҒА БОЛАДЫ МА? ⠀ Орыстарда «Бизнес с нуля? | Манарбек Мергенгалиев

НӨЛДЕН БИЗНЕС БАСТАУҒА БОЛАДЫ МА?

Орыстарда «Бизнес с нуля? Не смеши меня деген сөз бар». Нөлден деген кезде барлығы ақшасыз деп түсінеді. Ақшасыз бизнес бастауға болады, бірақ нөлден бастауға болмайды.

Нөл деген сөз сенде ещтеңе жоқ деген сөз. Тым болмағанда басыңда айналысайын деп жатқан бизнеске қатысты білімің, хабарың болуы керек. Хабары жоқ адам мен болашақ бизнесі жайлы кішкене болса да, хабары бар адамдардың бизнес бастағанына қарап көрейік.

Бизнестен хабары жоқ адамның қанша бастапқы капиталы болса да, ақшасын қажетсіз нәрселерге шашып, көп ұзамай бизнесі тақырға отырып қалу қауіпі өте жоғары. Сондықтан ғой бәріміз біреу бизнес ашып, кейін тақырға отырып қалғанын көріп, кәсіп бастаудан қорқып қаламыз.

Себебі олардың көбі біреуден көріп алған. Басқа бір таныстары мойка ашып байып кетсе, олар да бар ақшасын салып, мойка ашып жатады. Бірақ көлік жуудан түк хабары жоқ.

Әрине, бизнес жүрмей, жабылып қалады.

Сондықтан біреуден көргенді емес, қолыңыздан келетінін жасаңыз. Енді нишасынан хабары бар, бірақ ақшасы жоқ адамның бизнес бастағанын көрейік.

Мысалы, бұрын спортпен айналысқан адамға спорт зал ашу қиын емес. Ол адам залды қалай жабдықтау керек, қай уақытта сезон болатынын, спортшыларға не ұнайтынын біледі. Жалпы хабары бар. Ондай бизнестің дамып, табыс әкелуі әбден мүмкін. Өз ісінен хабары бар адам ақшасы болмаса да, ешқашан нөлден бастамайды. Себебі оның ақшадан құнды алғашқы капиталы бар.

Ол - білім.

Сондықтан бір бизнес бастағыңыз келсе, сол кәсіп түрі туралы кішкене болса да, білім жинаңыз. Кім ондай кәсіп ашып, істеп жатыр, солардан үйреніңіз. Сол кезде сіз ешқашан нөлден бастамайсыз.

Ал әлеуметтік желі арқылы табыс табуды қаласаңыз менің

"Инстаграм Байлыққа Бастар Жол" кітабымды оқып көріңіз...

Ертең акцияның соңғы күні 3500 теңгелік кітапты

1900 теңгеге алу мүмкіндігін ұсынамыз!

Кітапты алу үшін 8 771 229 53 44 WhatsApp-қа жазыңыз