Get Mystery Box with random crypto!

БІРЕУДЕН КЕК АЛҒЫҢ КЕЛСЕ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ Көп адамдар мен оғ | Манарбек Мергенгалиев

БІРЕУДЕН КЕК АЛҒЫҢ КЕЛСЕ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ

Көп адамдар мен оған көрсетемін, кегімді аламын, ол мені лақтырып кетті, қиын жағдайда тастап кетті деп ашуланып, кек алуды жоспарлайды

Жаман ниетте жоспар қойғаннан кейін, ол бірінші кезекте өзіңе зиынын тигізеді

Себебі, ашуланып жасаған іс, жақсы нәтижеге әкелмейді

Ал, бізге кинодан көрсететін кек алатын кадрлардың барлығы, жай ғана миф, өтірік

Сені лақтырған, қиын кезде қолдау білдірмей тастап кеткен, қарызға ақшаңды алып қайтармай, қашып жүрген тағы да басқа саған зиянын тигізген жандардан кек алудың бір ғана жолы бар...

Ештеңеге қарамай, ешкімге тәуелді болмай, алға қарай нақты көңілді мақсат қойып, әрекет жасап, жақсы нәтижелерге жету

Өзіңнің мықты, кез келген ситуациядан шыға алатыныңды өз өзіңе дәлелдеу

Сен өз өзіңді мойындатқан кезде ғана, басқалар сені мойындап, бұрынғы жасаған қателіктерін түсініп, өздері-ақ келеді

Бірақ, бұл кезде сенің олармен сөзің де, ісің де жараспайды, ортақ әңгіме табылмайды

Себебі, сен көрген қиындықты, жүрген жолды, жинаған тәжірибе мен білімді олар алған жоқ, көрген жоқ

Жетістікке жететін болсаң, басқалар да шаруаң да болмайды Өзіңнің жұмысыңды жасап, басқа да шыңдарды бағындыра бересің

Кек алудың оңай әрі тиімді жолы осы ғана

Ал, сіз қалай ойлайсыз Құрметті оқырман!

Пікірге ойыңызды жазыңыз

#кек #кекалу #дәлелдеу #жетістіккежету #мақсатқою #армандау