Get Mystery Box with random crypto!

Манарбек Мергенгалиев

Telegram арнасының логотипі manarbek_blog — Манарбек Мергенгалиев М
Telegram арнасының логотипі manarbek_blog — Манарбек Мергенгалиев
Арна мекенжайы: @manarbek_blog
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 769
Арнадан сипаттама

👨🏻‍💻Интернет Маркетингте 5 жылдық тәжірибе
Жобаларым:
🚀 @jana_gasyr
💰 @millionaire_mentor_kz
⚜️ @ulttyq_qazyna
📚 @darkhan_ulttyq_kz
⚱️ @deo_alunit

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 23

2021-04-14 17:41:56
195 views14:41
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 07:00:41 МЕН ЖАСАҒАН ҚАТЕЛІК ПЕН ӨМІРДЕН АЛҒАН САБАҚ

Осының алдындағы постты оқыған болсаңыз, 2 жылда жақсы нәтижеге жету үшін, көптеген қателіктер жасадым деп айтқан болатынмын

Бүгін басты жасаған қателігімді айтамын!

2019 жылы алғашқы курсымды бастаған кезде, өзімнен әлдеқайда жоғары, дамыған конкуренттердің әрекетін жасаймын деп көтере алмайтын жүкті беліме байладым

Конкуренттер курсқа қатысқан жандардың арасында Тойота 70 машинасын ойнатып жатса, ал мен "Лада Гранта" көлігін ойнатамын деп жарнама бердім

12 000 тг-ден 1000 адам курсқа қатысса, 12 000 000 тг табыс табамын деп ақша ойлап кеттім!

7 000 000 тг сыйлық алуға жіберіп, 5 000 000 тг қалтамда қалады деп жоспарладым!

Енді курс ұйымдастырып жүрген мен 1000 адам тұрмақ, 50 адамды курсқа шаққа жаздым

Осылайша конкурс ойнатамын деген жоспарым бұзылды

Бірақ, осы сәттен керемет сабақ алдым Адамға сыйлық беру арқылы білім алуға ұмтылдыру өте қате екен!

Адамдар сыйлық үшін ғана курсқа қатысқан Ал, менің негізгі мақсатым - қазақ аудиториясына Интернет Маркетинг бойынша білім беріп, қызықтыру болды.

Дәл осы қателігім 6 айдан кейін, одан да үлкен қателіктің алдын алуға көмектесті.

Түйін: қандай жағдай болмасын, барлығын да жақсылыққа жору.

Ешқашан тоқтамау, әрқашан да алға ұмтылып, жаңа шыңдарды бағындыру!

Аз аздан жасап, жетістікке жету!

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!
261 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 07:00:38
209 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-08 21:16:31 Манарбек Мергенгалиев pinned «2 ЖЫЛДЫҚ ӨМІРІМІЗДЕГІ КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР Осыдан тура 2 жыл бұрын, Бизнес Бастау кәсіпкерлік мектебінен кетіп, өзімнің жеке бағытыммен жұмысымды бастадым Әлі де өз өзіне сенімсіз Манарбек болдым Айым екеуміздің ойымызға қандай идея келеді әйтеуір…»
18:16
Ашу / Түсініктеме
2021-04-08 21:16:28 2 ЖЫЛДЫҚ ӨМІРІМІЗДЕГІ КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР

Осыдан тура 2 жыл бұрын, Бизнес Бастау кәсіпкерлік мектебінен кетіп, өзімнің жеке бағытыммен жұмысымды бастадым

Әлі де өз өзіне сенімсіз Манарбек болдым

Айым екеуміздің ойымызға қандай идея келеді әйтеуір жасап көре бердік!

Көптеген қателіктер жасап, әлі жұмысымызды дұрыс бастамай, адамдардың бізге деген сенімін айырылып бастадық...

Сырт көзге барлығы керемет, бірақ ішімізде алай-дүлей

Сеніп баратын, проблемамызды айтатын ешкім жоқ Барлық жауапкершілік мойнымызда!

Бірақ, менің бір түсінгенім кез келген тығырықтан, қиындықтан жол тауып шығуға болады екен

Алла Тағалы адамға көтере алмайтын жүкті бермейтінін сол кезде шынайы түсіндім

Қазір ойланып, анализ жасап қарасам, бар болғаны 2-ақ жылдың ішінде қаншама сабақтар мен білімдер алып, табысқа да жетіппіз. Әйтеуір бір әрекет етіп еңбектенудеміз

Қателік жасау, қиындыққа кезігіп, тығырыққа тірелу, оның шешімін тауып шығу, адамды шыңдап, одан да үлкен қателіктің болмауына өз септігін тигізеді екен

Қазір сіздің өміріңізде қиындық болса қуаныңыз, себебі сіз шыңдалудасыз, қайрақпен қайралғандай, алдағы уақытта кезігетін кедергілерді қиып түсетіндей алмас болудасыз

Енді сізге сұрақ: сіздің өміріңізде болған ең үлкен қиын кезең немесе қатты сабақ берген қателік қандай болды

Ал мені шыңдаған, сабақ берген қателіктерім жайлы ертеңгі постыма жазатын боламын
220 viewsedited  18:16
Ашу / Түсініктеме
2021-04-08 21:16:26
184 views18:16
Ашу / Түсініктеме