Get Mystery Box with random crypto!

Инстаграм парақшасын жүргізіп, жеңіл табысқа кенелгің келе ме? | Манарбек Мергенгалиев

Инстаграм парақшасын жүргізіп, жеңіл табысқа кенелгің келе ме?

Қаражат салмайсың, уақыт кетірмейсің, жолға-әбедке шығын болмайсың. Рахат емес пе, күніне бірнеше минутыңды арнап қойееп, фффтфрлатып ақша санап жатасың

Посттардың астында өріп жүретін осындай арзан жарнамаға ерушілер бар ма, бізге сол қызық. Шынымен саусағыңды қыбырлатпай пайда табуға болады дегенге сенесіз бе?

Көп болса лайк басу, біреулерге пікір жазу қызметін атқаратын шығарсыз. Әлде «база сатам, база сатам, 500 теңгеден ыстық база сатам!» деп Инстаграм көшесінде дәруіш боп жүрерсіз. Өсу жоқ, даму жоқ, танылу жоқ, өзгеру жоқ... Тиын-тебенді місе тұтып, біраз уақытыңызды бос шығын қыларсыз бәлкім.

Ал сол уақытыңды оқуға, іздену жұмсасаң. Парақшаңды заманға сай қолданып, табыс көзіне айналдыруды үйренсең... Ол қиын да емес.

Ақпарат ағыл-тегіл. Интернет – құдайға шүкір. Тек бастау керек. Қазақтілді Инстаграм енді жанданып жатқан сәтті жіберіп алмай, жалына жармасып үлгеру керек.

Қатысыңыз. Курстарға қатысыңыз. Әзірге азын-аулақ ақша тұратын кезінде шет-жағасын көріп, көпке ілесе беріңіз. Ертең бағдарлама да ауырлайды, ақысы да қымбаттайды. Себебі ол кезде нағыз еңбекқорлар, нағыз байығысы келгендер және ертерек бастағандар сүзгіден өтеді. Маңайлай алмайтын күнге дейін жүрмей, ісіңізді осы бастан сауатты жүргізуге қадам жасаңыз! Себебі, Инстаграм арқылы кез-келген нишаны дамытуға болады!

Осы орайда дамимын, өсемін деген жандарға инстаграмнан еңбектеніп табыс табуды үйрететін ТЕГІН 7 күндік мини курсқа ұсынамын

Қатысамын десеңіз, пікірге жазыңыз