Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі kznewstg — Жаңалықтар Ж
Telegram арнасының логотипі kznewstg — Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @kznewstg
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.01K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Бізбен бірге бір толқында болыңыз!
❗РЕКЛАМАДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ, БІЗ РЕКЛАМАҒА ЖАУАП БЕРМЕЙМІЗ❗
👨‍💻 РЕКЛАМА:

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 25

2021-11-10 07:37:17
1.5K views04:37
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 18:10:22
Киберспорт федерациясының PR директоры Батырхан Тоғайбаев Қазақстандағы киберспорттың танымалдылығы, ең танымал компьютерлік және мобильді ойындар туралы айтты.

Үлкен қызығушылық
Батырхан Тоғайбаев Қазақстанда халықтың айтарлықтай бөлігі, яғни 3,5 миллион адам киберспорт пен онлайн ойындарға қызығушылық танытатынын айтты. Оның айтуынша, оның 62,1 пайызы - ерлер, 37,9 пайызы - әйелдер.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.4K views15:10
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 18:13:54
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Жаңа жылға қарай азық-түлік және басқа да тауарлар бағасы қалай болатынын айтты.

Мәжілісте ұлттық экономика министріне кәсіпкерлер мен қарапайым халықтың Қытайдан импортталатын тауарлардың қымбаттауына қатысты алаңдаушылығы айтылды. 

"Қытай шекарасымен байланысты мәселе біздің ведомствоға жатпайды. Бұл сауда және қаржы министрліктеріне қойылатын сұрақ. Бағаның өсуіне қатысты айтар болсам: маусымдық құбылу бар, желтоқсанда әдетте бәрі жаңа жылға дайындалады. Сол себепті белгілі бір азық-түлік өнімдері қымбаттайды", - деп жауап берді Ерғалиев

Сондай-ақ министрден қазір дүкенде нан мен картоп қанша тұратынын сұрады

"Нан 130 теңге тұрады, түріне байланысты. Картоп 425 теңге шамасында", - деді ол

Бұдан бөлек, Ерғалиев қазір үкімет экономикадағы инфляциялық процестерді тежеу үшін шаралар кешенін қабылдағанын айтты. Министр әр өңірмен бағаны мониторингілеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып сендірді.
Бұған дейін Қазақстанда 10 ай ішінде инфляция 8,9%-ті құрағаны хабарланды.
2.5K views15:13
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 18:27:49
Iphone сатып алмақ болған шымкенттік 1,5 миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат Iphone алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 550 000 теңге ақшасын иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2 бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып жеке тапсырмалар берілді. Нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 
 
ЖАҢАЛЫҚТАР
2.6K views15:27
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 18:20:18
Украинада коронавирус өршіп барады. Соңғы мәлімет бойынша, 27 мың адам ковид жұқтырған.

Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Президент Владимир Зеленский елдегі қазіргі жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстағы кезеңмен бірдей деп отыр. Украинада соңғы уақытта күніге 700 адам бақилық болады. Ол тұрғындарды вакциналау туралы жалған әңгімеге ермей, екпе салдыруға шақырды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:
– Сіздерге үлкен өтінішім бар. Әлеуметтік желілерді өшіріп, миымызды іске қосайық. Вакцина салдыру керек! Бұдан еш қауіп жоқ. Бұл індеттен құтылудың бірден бір жолы. Бүгінге дейін Украинада 41 миллион адамның бар-жоғы, 16 проценті ғана вакцина салдырған. Бұл – Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.6K views15:20
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 18:06:03
Әлемде кең қолданысқа ие болған WhatsApp мессенджері ескі смартфондарда жұмыс істемейтін болды деп жазады Metro.

Бұл өзгеріс биыл 1 қарашадан бастап күшіне енеді. Мессенджер Android 4.1 және iOS 10 операциялық жүйелерімен қамтылған барлығы 43 түрлі смартфонда өшіріледі.

Атап айтқанда, 2011 жылы шыққан iPhone 4S және одан ескі модельдерде, Samsung Galaxy Trend Lite, Sony Xperia Miro, Huawei Ascend G740, Alcatel One Touch Evo 7 модельдерінде WhatsApp мессенджері жұмыс істемейді.

Басылымның жазуынша, мессенджер бір сәтте өшіп қалмайды, тек оны жаңарту мүмкін болмайды. Арада біраз уақыт өткенде WhatsApp мүлдем істен шығады.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.8K views15:06
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 06:51:06
Әзілқой ақтөбелік қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда сағат 22.24-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО “102” телефонына ер адам қоңырау шалып, “Троя” дәмханасына бомба қойғанын хабарлады. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына барып, дәмханада жарылғыш құрылғыларға тексеру ұйымдастырды. Дәмханаға келген 87 адам мен қызметкерлер эвакуацияланды.

Жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікпен патрульдік полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қалжыңдап айтқанын түсіндірді. Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.7K views03:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 07:08:08
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің сыртқы істер министріне 10 мемлекеттің елшісін "персона нон грата" деп жариялауды тапсырды.

Түркиядан келесі елдердің елшілері шығарылады:

АҚШ
Канада
Франция
Финляндия
Дания
Германия
Нидерланд елі
Жаңа Зеландия
Норвегия
Швеция.

"Мен біздің елдің сыртқы істер министріне дереу шара қолдану керектігін айттым. Яғни аталмыш 10 елшіні "персона нон грата" деп жариялауды тапсырдым", - деді Түркия президенті Эскишехир қаласында сөйлеген сөзінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.8K views04:08
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 17:25:41
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 соты бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғ.Сәдібеков пен Б.Жақсалиевке және басқа да азаматтарға қатысты сот үкімін оқыды.

Естеріңізге салайық, Жақсалиев пен Сәдібековті Жемқорлыққа қарсы қызмет «көл табанын тазалаймыз деген желеумен мемлекеттің 2,7 млрд теңгесін жымқырды» деп айыптаған-ды. Бұған дейін сот істі екі рет прокуратураға кері қайтарып, кемшіліктерді жоюды тапсырды. Адвокаттардың айтуынша, істе әлі де кемшіліктер көп болған.

Сот істі саралай келе, Жақсалиев, Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Қадырберлин, Жұмалинов, Жаркенов, Ғарифолланы кінәсіз деп танып, тәркіленген заттай айғақтарды иелеріне қайтарды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР
3.0K views14:25
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 18:09:18
Ақын Арон Атабек жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы оның әпкесі Разия Нутушева айтты. Оның айтуынша, Арон Атабек қазір Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде жатыр.

Еске салайық, 1 қазанда Павлодар қаласы №2 сотында Арон Атабекке қатысты оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралып, ол бостандыққа шыққан болатын. Бірақ үйіне шыққаннан кейін оның денсаулығы нашарлап кеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР
3.1K views15:09
Ашу / Түсініктеме