Get Mystery Box with random crypto!

Украинада коронавирус өршіп барады. Соңғы мәлімет бойынша, 27 | Жаңалықтар

Украинада коронавирус өршіп барады. Соңғы мәлімет бойынша, 27 мың адам ковид жұқтырған.

Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Президент Владимир Зеленский елдегі қазіргі жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстағы кезеңмен бірдей деп отыр. Украинада соңғы уақытта күніге 700 адам бақилық болады. Ол тұрғындарды вакциналау туралы жалған әңгімеге ермей, екпе салдыруға шақырды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:
– Сіздерге үлкен өтінішім бар. Әлеуметтік желілерді өшіріп, миымызды іске қосайық. Вакцина салдыру керек! Бұдан еш қауіп жоқ. Бұл індеттен құтылудың бірден бір жолы. Бүгінге дейін Украинада 41 миллион адамның бар-жоғы, 16 проценті ғана вакцина салдырған. Бұл – Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР