Get Mystery Box with random crypto!

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің сыртқы істер минис | Жаңалықтар

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің сыртқы істер министріне 10 мемлекеттің елшісін "персона нон грата" деп жариялауды тапсырды.

Түркиядан келесі елдердің елшілері шығарылады:

АҚШ
Канада
Франция
Финляндия
Дания
Германия
Нидерланд елі
Жаңа Зеландия
Норвегия
Швеция.

"Мен біздің елдің сыртқы істер министріне дереу шара қолдану керектігін айттым. Яғни аталмыш 10 елшіні "персона нон грата" деп жариялауды тапсырдым", - деді Түркия президенті Эскишехир қаласында сөйлеген сөзінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР