Get Mystery Box with random crypto!

Әлемде кең қолданысқа ие болған WhatsApp мессенджері ескі смар | Жаңалықтар

Әлемде кең қолданысқа ие болған WhatsApp мессенджері ескі смартфондарда жұмыс істемейтін болды деп жазады Metro.

Бұл өзгеріс биыл 1 қарашадан бастап күшіне енеді. Мессенджер Android 4.1 және iOS 10 операциялық жүйелерімен қамтылған барлығы 43 түрлі смартфонда өшіріледі.

Атап айтқанда, 2011 жылы шыққан iPhone 4S және одан ескі модельдерде, Samsung Galaxy Trend Lite, Sony Xperia Miro, Huawei Ascend G740, Alcatel One Touch Evo 7 модельдерінде WhatsApp мессенджері жұмыс істемейді.

Басылымның жазуынша, мессенджер бір сәтте өшіп қалмайды, тек оны жаңарту мүмкін болмайды. Арада біраз уақыт өткенде WhatsApp мүлдем істен шығады.

ЖАҢАЛЫҚТАР