Get Mystery Box with random crypto!

Kemel adam

Telegram арнасының логотипі kemel_adam — Kemel adam K
Telegram арнасының логотипі kemel_adam — Kemel adam
Арна мекенжайы: @kemel_adam
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.49K
Арнадан сипаттама

Рухани, тұлғалық даму

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-01-27 20:15:39
Эмоция бұл адамнан адамға көшеді. Тұтастай ұжымның көңіл күйіне әсер ететін құбылыс. Сондықтан лидер әрдайым жауапкершілікті сезінуі тиіс. Әркім өзінше лидер екенін ескерсек, онда әр адам жауапкершілікті сезінуге тиіс!
3.1K views17:15
Ашу / Түсініктеме
2022-01-22 17:56:35
2.9K views14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 18:33:45 Жұмыстағы жеті атам.
"Бірінші атам - Бауыржан Момышұлы. Баукең тек шындықты айтты. Мен жұмыста тек шындықты айтуды талап етемін.
Екінші қасиеті, батылдылық. Мейлі батыр болмасаң да, батыл бол. Жұмысты істесең қорықпа, қорықсаң – істеме!
Екінші атам – Дінмұхаммед Қонаев. Ол адамгершілік қасиетін биік ұстады. Ол кабинетіне жас бала кіріп келсе орынынан тұрып, өзі барып сәлем береді екен. Өмірінде араласқан адамдардың атын ұмытпай, қолынан келсе көмектесіп жіберетін көрінеді.
Үшінші атам - Томас Эдисон. Томас Эдисон – шамды ойлап тапқан ғалым. Ол жарықты ойлап таппастан бұрын, халықты жинап алып, мен бүкіл ғимарат мен көшелерді жарық қылатын боламын деп уәде беріпті. Кейін бірнеше жыл өткеннен кейін оны бір адам көріп қалып, «Әлгі шаруаңыз не болды? Жасаймын деп уәде берген едіңіз, жасай алмадыңыз ғой» деп мұрынын шүйіре сұраған екен. Томас: «Оң мың рет тәжірибе жасадым, он мың рет сәтсіздікке ұшырадым. Бірақ, әлі жалғастырамын» деген екен. Жаңағы адам содан кейін, «қоя салсаңызшы одан да, бәрібір түк шықпайды ғой» десе, «Жоқ, қателесесің. Мен он мың рет қалай жасамау керек екенін білдім. Енді жақын қалдым» деген екен. Расымен де, жарты ай өткеннен кейін Томас жарықты ойлап тапты.
Төртінші атам - Уолд Дисней. Егер мен бір бағдарламадағы кейіпкерлерді қайта-қайта шығара берсем, ел-жұрт мені көрмей қояр еді. Сол кезде Уолд Дисней: «Кешегідей жасама. Жаңаша бір нәрсе ойлап тап» дейді. Шығармашылық пен жаңашылдық болмай, сенің хабарыңды ешкім көрмейтін болады.
Бесінші атам - Имманиул Кант. Кант дәл уақытымен жүретін адам болған. Ол таңертең үйінен шыққан кезде, көршілері сағаттың сегіз болғанын, үйіне келерде кешкі сегіз екенін біліп отырады екен.
Алтыншы атам - Уильям Френд. Уильям Френд «Ең басты мәселелеріңді бітірмей, басқа мәселелерге басыңды ауыртпа» дейді.
Жетінші атам - Роман Гарсия. XIX ғасырдың аяғында Испания мен Америка соғысып жатады. Президент Маккенли Роман атты офицеріне Кувадағы революционерге маңызды хат апаруды тапсырады. Роман: «ол жақта соғыс болып жатыр ғой. Қалай апарамын?» деп бас қатырмайды. Он күн дегенде барып, әлгі хатты тапсырып, аман-есен елге қайтады екен.
Бізге де осындай тындырымдылық қажет".
Бейсен Құранбек.
3.0K views15:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 06:15:14
Ақымақтығыңды өзің ұғып түсінсең , ақылды болғаның , ал өзіңді ақылдымын деп сенсең , нағыз ақымақсың !
Бауыржан Момышұлы
2.6K views03:15
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 13:06:23
Судай бол
Су қанша ластанаса да, топыраққа сіңіп қайта тазарады, баяғы мөлдір қалпына оралады. Олай болса, адам баласы қандай да бір күнә мен қателікке ұрынғаннан кейін су сияқты тазара білуі керек. Судың жерге сіңгені секілді сен де тәубенің топырағына сің, кір шалған рухыңды, тот басқан жүрегіңді тазала! Әу бастағы тап-таза қалпыңа қайта орал!

Кемел адам кітабынан
2.8K views10:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 22:45:20 Ақы үшін ғана қызмет атқаратындар еш уақытта ағартушы бола алмайды.
2.6K views19:45
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 10:52:58 Негізінде дақ сыртта емес, іште, киімде емес, жүректе болады. Одан басқа жұққан кез келген кір, түскен дақ қаншалықты бірден көзге шалынғанымен, жуса кетеді. Жуса кетпейтін, жүрекке әбден орнығып алған дақ бар: ол - қызғаныш пен жаман ниет!
2.6K views07:52
Ашу / Түсініктеме
2021-12-06 06:20:48
“Сіздің өміріңіз шектеулі. Сондықтан оны басқалардың өмірін сүру арқылы босқа өткізбеңіз. Сізді басқалардың ойымен өмір сүруге итермелейтін догмалық тұзаққа түсіп қалудан абай болыңыз. Ішкі үніңді басқа адамдардың ой-пікірінің шуылы тұншықтырып тастамасын. Оған әсте мүмкіншілік бермеңіз. Ең бастысы, жүрек үні мен ішкі түйсігіңіз бойынша әрекет етуден қорықпаңыз. Өйткені жүрегіңіз сіздің кім болғыңыз келетінін жақсырақ біледі”
Стив Джобс
2.7K views03:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-04 17:45:55
Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса - ғұмыр бәйгесі сонікі.
Ә.Бөкейханов
2.4K views14:45
Ашу / Түсініктеме
2021-12-04 17:42:40
“Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу, надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман”
Міржақып Дулатұлы
2.3K viewsedited  14:42
Ашу / Түсініктеме