Get Mystery Box with random crypto!

Жұмыстағы жеті атам. 'Бірінші атам - Бауыржан Момышұлы. Баукең | Kemel adam

Жұмыстағы жеті атам.
"Бірінші атам - Бауыржан Момышұлы. Баукең тек шындықты айтты. Мен жұмыста тек шындықты айтуды талап етемін.
Екінші қасиеті, батылдылық. Мейлі батыр болмасаң да, батыл бол. Жұмысты істесең қорықпа, қорықсаң – істеме!
Екінші атам – Дінмұхаммед Қонаев. Ол адамгершілік қасиетін биік ұстады. Ол кабинетіне жас бала кіріп келсе орынынан тұрып, өзі барып сәлем береді екен. Өмірінде араласқан адамдардың атын ұмытпай, қолынан келсе көмектесіп жіберетін көрінеді.
Үшінші атам - Томас Эдисон. Томас Эдисон – шамды ойлап тапқан ғалым. Ол жарықты ойлап таппастан бұрын, халықты жинап алып, мен бүкіл ғимарат мен көшелерді жарық қылатын боламын деп уәде беріпті. Кейін бірнеше жыл өткеннен кейін оны бір адам көріп қалып, «Әлгі шаруаңыз не болды? Жасаймын деп уәде берген едіңіз, жасай алмадыңыз ғой» деп мұрынын шүйіре сұраған екен. Томас: «Оң мың рет тәжірибе жасадым, он мың рет сәтсіздікке ұшырадым. Бірақ, әлі жалғастырамын» деген екен. Жаңағы адам содан кейін, «қоя салсаңызшы одан да, бәрібір түк шықпайды ғой» десе, «Жоқ, қателесесің. Мен он мың рет қалай жасамау керек екенін білдім. Енді жақын қалдым» деген екен. Расымен де, жарты ай өткеннен кейін Томас жарықты ойлап тапты.
Төртінші атам - Уолд Дисней. Егер мен бір бағдарламадағы кейіпкерлерді қайта-қайта шығара берсем, ел-жұрт мені көрмей қояр еді. Сол кезде Уолд Дисней: «Кешегідей жасама. Жаңаша бір нәрсе ойлап тап» дейді. Шығармашылық пен жаңашылдық болмай, сенің хабарыңды ешкім көрмейтін болады.
Бесінші атам - Имманиул Кант. Кант дәл уақытымен жүретін адам болған. Ол таңертең үйінен шыққан кезде, көршілері сағаттың сегіз болғанын, үйіне келерде кешкі сегіз екенін біліп отырады екен.
Алтыншы атам - Уильям Френд. Уильям Френд «Ең басты мәселелеріңді бітірмей, басқа мәселелерге басыңды ауыртпа» дейді.
Жетінші атам - Роман Гарсия. XIX ғасырдың аяғында Испания мен Америка соғысып жатады. Президент Маккенли Роман атты офицеріне Кувадағы революционерге маңызды хат апаруды тапсырады. Роман: «ол жақта соғыс болып жатыр ғой. Қалай апарамын?» деп бас қатырмайды. Он күн дегенде барып, әлгі хатты тапсырып, аман-есен елге қайтады екен.
Бізге де осындай тындырымдылық қажет".
Бейсен Құранбек.