Get Mystery Box with random crypto!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Telegram арнасының логотипі kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Арнадағы тақырыптар:
Insideout
Ойжұмбақ
Арна мекенжайы: @kalkastop
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.52K
Арнадан сипаттама

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-06-15 10:35:00 Грантты бөлу сұранысқа негізделу керек!

Қазақша сөйлем, иә? Бес сөзде екі грамматикалық, үш стилистикалық қате барын ескермесе ғана.

Грант сұранысқа қарай бөлінуі керек.

Грант бөлуде сұраныс ескерілуі керек.

Грант бөлу сұранысқа сүйенуі керек.
2.3K viewsNazgul Kozhabek, 07:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 09:46:10 Барлықтарыңызбен хабарласам

со всеми с вами

Бәріңізге хабарласам

хабарласу етістігі барыс септіктегі сөзді меңгереді, енді бір жағынан ортақ етісте тұр ғой, демек көмектес септік керек деуге болады. Тек әрекет бір жақтан болғандықтан, барыс септік дұрыс
2.3K viewsNazgul Kozhabek, edited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 05:45:52 бала түсінде аунайды

во сне - орыс тілінде адам ұйықтап жатқандағы күйін де, көрген түсін де айту үшін қолданылатын ортақ тіркес

мұның “ұйқыда” деген де аудармасы бар, қолданылуының 90% - қате

бала ұйықтап жатқанда (ұйқыда емес) аунайды

бала ұйықтап жатқанда түсінде жақсы нәрселер көреді

Бала түс көрсе, демек ұйықтап жатыр. Ояу адам түс көрмейді
2.3K viewsNazgul Kozhabek, 02:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 10:11:04 көзімді шамалы іліп алайын

"көзі іліну" деген тұрақты тіркес бар, екеуі бірге бір сұраққа жауап береді, ұйқыға кету деген сөз. Оның өзі бұл формасынде емес, "көзі ілінгенше, көзім ілініп барады екен, көзі ілінбей қойды" деген тіркестер құрамында кездеседі. Осы екі сөздің арасында қандай бір сөз түссе - болды, көзді шынымен бір ілмекпен іліп жатқанды білдіретін нәрсе шығады.
2.4K viewsNazgul Kozhabek, 07:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 05:25:39 бұлшық етті атрофия

мышечная атрофия

бұлшықет атрофиясы
2.3K viewsNazgul Kozhabek, 02:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 20:00:19 ықылық кезінде / жөтел кезінде / түшкіру кезінде

при икоте / кашле / чихании

ықылық тигенде / жөтел тигенде / жөтелгенде / түшкіргенде
2.4K viewsNazgul Kozhabek, 17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 15:04:22 найзағаймен өткінші жауын жауады

проливной дождь с грозой

күн күркіреп, өткінші жауын жауады
2.5K viewsNazgul Kozhabek, 12:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 15:02:40 картаның кері беті

обратная сторона карты

орысша дұрыс білмейтін аудармашының тірлігі, “обратная связь” дегеннің “кері байланыс” деген аудармасына сүйеніп істеген
2.4K viewsNazgul Kozhabek, 12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 14:30:20 қол жеткізілген нәтижелер

достигнутые результаты

жай ғана "қол жеткен нәтижелер"
1.1K viewsNazgul Kozhabek, 11:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 20:39:03 Қарау мен көрудің айырмасы не?

Адам бірнәрсені көрсе, демек оған қарады деген сөз, яғни қарамаса көрмес еді.

Екеуі бөлек процесс.

Сен айтқан жаққа қарап тұрмын, тек сен айтқан нәрсені көріп тұрғам жоқ.

Бүкіл үйді қарап шықтым, тек телефонымды көрген жоқпын.

Бетіңе қанша қарасам да мең көрмеппін.

Ақшаның бетіне қарамай жұмсай алу үшін үй бетін көрмей жұмыс істеу керек.

Түріне қарасаң, тәп-тәуір адам, қылығын көрсең безіп кетесің.

Қараңғыға жақсырақ телміріп қарасаң, қара мысықты да көріп қаларсың.
1.7K viewsNazgul Kozhabek, edited  17:39
Ашу / Түсініктеме