Get Mystery Box with random crypto!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Telegram арнасының логотипі kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Арнадағы тақырыптар:
Insideout
Ойжұмбақ
Арна мекенжайы: @kalkastop
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.52K
Арнадан сипаттама

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-06-20 12:34:15
Алматыға TezTap келді

Тіркелуге сілтеме: https://taplink.by/teztap.almaty
1.7K viewsNazgul Kozhabek, edited  09:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 06:09:44 алаңдаушылық

зат есім + етістік тудыратын жұрнақ + етістіктен зат есім (сол әрекетті жасайтын адам) тудыратын жұрнақ + зат есімнен тағы зат есім тудыратын жұрнақ

қазақ тілінде "алаң" деген сөз бар. Осы күрделі конструкцияның түбірі де сол: алаң + -да(у) - алаңдау. "Көңілімде алаң бар / көңіліме алаң кірді", "Ойындағы алаңын айтты" деуші еді қазақ, қазір "көңілінде алаңдаушылық бар" деп күрделендіріп алдық. әлде "площадь" дегендегі алаңмен шатастыра берді ме екен...
891 viewsNazgul Kozhabek, edited  03:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 17:06:32
Медицина қызметкерлері күні. Ілік септік жалғауының керегі жоқ.
1.4K viewsNazgul Kozhabek, 14:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 18:18:24 60 жасқа толу мерейтойы

60 жасқа толған мерейтойы
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 15:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 17:00:48 күте тұр

орысша “постой, подожди” деген сөз арасында әңгімеге пауза қою не екінші адамның назарын аудару үшін айтылатын сөз

қазақша ондай жағдайда “тұра тұр” не “тоқтай тұр” дейді, ал “күте тұр” деген шынымен күту туралы сөз болғанда айтылады
1.9K viewsNazgul Kozhabek, edited  14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 20:03:14 Ну что же вы, Владимир Владимирович, опять со своим «Кемелжемеловичем»? Имя у нашего президента совсем не сложное. Я вас сейчас научу. Повторяйте за мной.

Ка – как в фамилии «Кабаева»

Сым – как «сымитировать». Это у Кабаевой можно уточнить, если непонятно.

Что получилось? Ка-сым. Прекрасно. Идем дальше.

Жо – как слово «желтый», но как будто его произносит Лукашенко.

Март – ну тут все понятно. Март в этом году наступил через 4 дня после сами знаете чего.

Что получилось? Жо-март. А теперь попробуем вместе. Ка-Сым-Жо-Март.

Теперь отчество. С ним еще проще.

Ке – как «Кеосаян».

Ме – как «Meduza» (запрещенный в России иностранный агент).

Ле – как «лень», «лесть» или «лепет». Эти слова ваш Совет Безопасности знает неплохо.

Ке-ме-ле-вич. Тоже очень просто.

А теперь самое сложное. Я понимаю, вам уже семьдесят, поэтому не торопитесь. Тем более, начало легкое, главное Кабаеву вспомнить.

Ка-сым-жо-март Ке-ме-ле-вич. Получилось? Получилось. Видите, совсем несложно. Так держать. Повторять по три раза перед сном.

Ну вот. Ну и прекрасно, Владимир Владимирович. На сегодня все. В чемоданчик на ночь сходить не забудьте. Доброй ночи, да. Доброй ночи.
2.0K viewsNazgul Kozhabek, 17:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:52:20 100-жылдық мерейтой

орысша "100-летний" болып жазылатын себебі - ол "столетний" деген біріккен сөз екенін көрсету керек.

ал қазақ тілінде ол жердегі дефистің қызметі басқа, ол "жүзінші жылдық мерейтой" деген мағына береді.

100 жылдық мерейтой
2.1K viewsNazgul Kozhabek, 06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 08:53:03 демегенше

пока не сказали

ана “не” деген қазақшаға болымсыз етістік болып аударылмайды, аударылса “демейінше” болып кіреді

дегенше
2.1K viewsNazgul Kozhabek, 05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 18:45:22
Ячневая крупа - ячмень деген дақылдың бір түрі.
Ячмень - теріскеннің де атауы.
И вуаля
Мына өнімді шығаратын фирманың басшылары орысша білетін бір қазақтан “ячмень деген не еді?” деп сұрай салған, содан осындай болған.
2.7K viewsNazgul Kozhabek, 15:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 16:50:56 инеде отырғандай

как на иголках

қылпылдап отыр, шыдамсызданып отыр, шыдамай барады, шыдамы таусылғандай болып отыр, тыпыршып отыр - вариант көп.

"Сидит на игле" екен деп қалмаңыздар, ол мүлде басқа)))
2.3K viewsNazgul Kozhabek, 13:50
Ашу / Түсініктеме